Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚАЛА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ҚАЛЫПТЫ ДАМУДА

20.10.2014
ҚАЛА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ҚАЛЫПТЫ ДАМУДА
FacebookWhatsappTelegram

Қала көшелерінің жарықтандырылуы және абаттандырылуы, жылу маусымына дайындық, жолдардың жөнделуі, дюкер мен тазарту құрылғыларының қалыпты жұмыс істеп тұруы – осының барлығы шаһарымыздың инфрақұрылымына қатысты мәселелер. Бұл саладағы жұ-мыстың лайықты деңгейде жүзеге асырылуы тұрғындардың өмір сүру жағдайына тікелей ықпал етеді. Сондықтан инфрақұрылымның дамуына қаламызда көп көңіл бөлініп келеді. Семей қалалық  мәслихаты жанында кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік инфрақұрылым және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жөніндегі тұрақты комиссия да осы бағытта қала басшылығымын бірлесе бірқатар жұмыстардың орындалуына септігін тигізуде. Аталмыш комиссияның төрағасы, Семей қалалық мәслихатының депутаты Бауыржан Қайрамбаевпен сұхбаттасып, шаһардың инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері бойынша арнайы комиссияның жұмысына қанықтық.

Алдымен, Бауыржан Сейтжапар-ұлынан биылғы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының қаншалықты деңгейде атқарылғанын сұрадық. Мәслихат депутаты жазда арнайы комиссия мүшелері бастаған халық қалаулыларының қаладағы барлық жылу қазандықтарын аралап, олардың техникалық жағдайымен және қысқа әзірлік деңгейімен танысқандығын атап өтті. Қазіргі таңда, оның сөзінше, оң жағалауда жылу қуатының тапшылығы сезіліп отырған көрінеді. Себебі  оң жағалаудағы қазандықтарға шамадан тыс көп нысан қосылған. Ал жылу қазандықтарының қуаты белгіленген мөлшерде ғана жылу беруге жетеді. 

— Тоқсаныншы жылдары жеке адамдарға салған нысандарына жылуға қосуға рұқсат беріле берген. Мысалы, Ғаббасов көшесіндегі қазандықты алып қарайық. Оған да шамадан тыс ауыр салмақ түсуде. Бұл жағдай кезінде жылуға қосылуға тұрғындардың барлығына беріліп, азаматтардың өздерінің жеке үйлерін, меншіктеріндегі басқа да нысандарды аталмыш жылу көзіне қосып алғандықтан орын алып отыр, — дейді халық қалаулысы.

 

{jcomments on}Жалпы алғанда, Бауыржан Қайрамбаев жылу маусымына дайындық лайықты деңгейде екенін сөз етті.

 

Қала тұрғындарын толғандырып жүрген мәселенің бірі — қоғамдық көліктердің кейбір бағыттарында қариялар мен көпбалалы аналарға арнайы жеңілдіктердің алынып тасталуы болатын. Бауыржан Сейтжапарұлы бұл түйткілдің де өз шешімін тапқанын айтты. Келісім — шартқа қол қоюдан бас тартып келген екі жолаушы тасымалдаушы кәсіпорын, тұрғынүй коммуналдық шаруашылығы бөлімімен келісім жасасып, жеңілдіктерді қалпына келтірген.

Кейінгі жылдары қала көшелерінде жолдарды жөндеу жұмыстары қар-қынды жүргізіліп келеді. Биыл жолдарды жөндеу мақсатында 1 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінген көрінеді. Сұхбат барысында Бауыржан Сейтжапарұлы ағымдағы жылы да Морозов, Мичурин, Дальняя көшелеріне жөндеу жүргізіліп жатқанын атап өтіп, Мичурин мен Дальняя көшелеріндегі жұмыстардың қырық пайыздайы орындалған, толық аяқтау келесі жылға жоспарланып отырғанынан мағлұмат берді. Сондай-ақ, Аймауытов көшесі мен Шығыс кентіндегі Железняков көшесінде жөндеу жүргізіліген.

Жол жөндеу жұмыстары туралы айта келе, Бауыржан Қайрамбаев қалада жауын-шашын кәріз жүйесінің жоқтығынан бірқатар қиындықтар туындап отырғанына да тоқталды. Осы орайда, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік инфрақұрылым және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жөніндегі тұрақты комиссияның отырыстарында бұл мәселені шешу   бойынша ұсыныс жасалған екен.

— Қаламызды тұтастай жауын-шашын кәріз жүйесімен қамту үшін, өте көп қаражат керек. Жобалау жұмыстарының құны қомақты қаражатты қажет ететінін ескерсек, оны жүзеге асыруға миллиардтаған теңге керектігіне көз жеткізуге болады. Келесі жылдан бастап бұл мәселені ретке келтіру бағытындағы жұмыстар ат-қарыла бастайды деп жоспарлап отырмыз. Ол үшін арнайы бір мекеме тендерді ұтып алып, жауын-шашын суының қай жерде көп жиналатынын зерттеп, есебін жасауы қажет. Сонда жауын-шашын кәріз жүйесі тиімді жұмыс істейтін болады, — дейді Бауыржан Қайрамбаев.

Сонымен қатар, сұхбат барысында мәслихат депутаты тазарту қондыр-ғылары мен дюкерге қатысты шаруаларға да тоқталды. Келесі жылы бұл мәселелерді шешуге қаражат бөлу жоспарланғаны жайлы сөз етті. Көшелерді жарықтандыру туралы сұраққа келетін болсақ, Бауыржан Сейтжапарұлының айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар да рет-ретімен атқарылып, шешімін тауып жатқан көрінеді.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

2 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

4 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

6 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС