Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТІНІҢ КІРІСІ 12 МЛРД. ҚҰРАДЫ

29.12.2013
FacebookWhatsappTelegram

Ерзат ЖАНАТҰЛЫ,

«Семей таңы»

Семей қаласының 2014 – 2016 жылдарға арналған бюджеті, Семей қаласы мәслихатының 2014 жылға арналған жұмыс жоспары, қалалық мәслихаттың құқықтық мәселелер, депутаттық этика және өкілеттіктер жөніндегі тұрақты комиссияның есебі, Семей қаласында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру сияқты мәселелер Семей қалалық мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясында қаралды. Сондай – ақ,  халық қалаулылары қаладағы  жолаушы тасымалымен айналысатын автобустардағы жолаушы және жүк тасымалдаудағы бірыңғай тарифті келісу, төтенше жағдайлардың алдын алу мен болдырмау жөніндегі қалалық комиссияның дербес құрамы, Семей қаласының 2011 – 2015 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы 2010 жылғы 29 желтоқсандағы шешімге өзгерістер енгізу сияқты мәселелерге де назар аударды. Сессия жұмысына қала басшысы Айбек Кәрімов, Семей қаласы әкімінің орынбасарлары Жағыпарбек Елубаев, Зәуреш Исабаева және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Семей қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары Сәулет Кенжебеков депутаттар алдында Семей қаласының 2014 – 2016 жылдарға арналған бюджеті туралы есебін баяндады. Естеріңізде болар, жақында таныстырылып, таразыланған Семей қаласының жаңадан түзілген экономикалық моделі де 2014 – 2016 жылдарға арналған. Демек, екі жылдық бюджет пен модель Семей қаласының әлеуметтік – экономикалық тұрғыдан  өсуі мен өркендеуіне, дамуына екі жақтап ықпалын тигізері анық. Айта кету керек, қала бюджетінің жобасы облыстық және республикалық бюджет есебінен бөлінетін трансферттер мен несиелерді есепке ала отырып құрылған.

 

Сәулет Мұратұлының айтуынша, 2014 – 2016 жылдарға жобаланған бюджет қаражаты есебінен құрылыс саласына, қаланы жылумен қамту жұмыстарын әрі қарай жалғастыру,  кәріз жүйелерін ретке келтіру, инженерлік желілер мен  коммуникациялық инфрақұрылымдарды жаңғырту, жылу энергетикалық жүйені дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды орындау, бірқатар әлеуметтік нысандардың жобалық – сметалық құжатын әзірлеу, Семей өңіріне қарасты ауылды жерлерді сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асады. Сондай – ақ білім саласына, әлеуметтік мәселелерге де бюджет жобасында мән берілген.

Қала бюджетінің кіріс бөлігі жыл сайын қарқынмен өсуде.  Биылғы бюджетте де көңіл қуантарлық кіріс бар. Сәулет Мұратұлы атап өткендей, 2016 жылы меншікті кіріс көзі 17 млрд. теңгенің үстінде болады деп күтілуде. Ал, бюджеттің өсімі шаһардың жан – жақты дамуының басты кепілі.

Әлбетте, бюджеттің жыл сайынғы тұрақты өсімі қала билігінің белсенді, салық басқармасының кешенді жұмысының нәтижесінде жүзеге асқаны анық.

Айбек Кәрімов биылғы бюджеттің меншікті кіріс бөлігі 12 млрд.  теңгенің үстінде болғандығын халық қалаулылары алдында атап өтті. Өткен  жылмен салыстырғанда 2 млрд. теңге көлемінде өсім байқалып, 2010 жылдың бюджетінің кіріс көзімен таразыласақ, 90 пайызға өскен. Яғни, соңғы төрт жылда біздегі бюджеттің кіріс бөлігі екі есеге жуық ұлғайған. Иә. Ауыз толтырып айтар көрсеткіш екені жасырын емес.

-Жеке табыс көздері арқылы қала қазынасын толықтыру үшін өндірістік саланы дамытуға     айрықша көңіл бөлу керек. Бүгінгі таңда тиімді табыс көзін ашып, өндірісті жан – жақты дамытуға мүдделі болуымыз қажет. Жасыратыны жоқ, жасырын кіріс көздері бізде әлі де бар. Әсіресе, сауда саттық пен кәсіпкерлікті алып қарасаңыздар, жасырын сауда жүйесін көруге болады. Тауар айналымдарының көрсеткіштері нақты көрсетілмейді. Салықтан жалтарып жүргендері де көп. Жолаушылар тасымалымен айналысатын мекемелер де нақты табыс көзін көрсетпейді. Міне, осы     аталған мәселелерді көтеруіміз керек. Қаланың қазынасына келіп түсетін қаражаттың негізігі бөлігін осылар да құрауы тиіс. Осы ретте біз бірлесіп жұмыс жасағанымыз жөн, — деп атап өтті Айбек Мүталапханұлы сессияда.

Халық қалаулылары Семей қаласындағы мемлекеттік жастар саясатын  жүзеге асыру туралы ішкі саясат бөлімі басшысы Ғалия Смайлованың есебін де тыңдады. 2020 жылға дейін мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағдарламасы негізінде шаһарда бірқатар кешенді жұмыстар атқарылып келе жатыр. Жастардың бос уақытын тиімді өткізу мен қоғамдық белсенділігін арт-тыруда «Жастар орталығы» құрылып, бұл күнде жемісті жұмыс атқаруда.  Жастар ұйымдары да осы орталықтың негізінде қалада өтетін іс – шаралардан қалыс қалмайды.  Патриоттық форумдар, танымдық іс – шаралар өткізуде жастар қауымы қозғаушы күшке айналып, белсенділіктері артып келеді. Қазір Семей өңірі бойынша 90 мыңға жуық жастар бар. Бұл қала тұрғындарының 27 пайызын қамтиды. Биылдың өзінде жастар саясатын дамытуға 17 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінген. Осыдан – ақ қала жастарына деген атқарушы биліктің сенімін айқын аңғаруға болады. Жастар  ақылгөй ақсақалдармен, қазыналы қарттармен, аға буын өкілдерімен  кездесуді де дәстүрге   айналдырған. Жұмысқа орналасу, жұмыссыз жүргендеріне қайта білім алу арқылы кәсіпке баулу, жастарды баспанамен қамтамасыз ету, студенттерді жатақханамен қамту сияқты мәселелер күн тәртібінде. Бұл ретте ЖОО және орта арнаулы білім ошақтары басшылары да бірқатар жұ-мыстар атқаруда.

Депутат Бейсенғазы Тастекеев осындай жиындардан, патриоттық форумдардан ауыл жастарының тыс қалатындығын атап өтті. Әсіресе, қаладан шалғай жатқан ауыл жастарын осындай танымдық, тәрбиелік маңызды басқосулардан қалдырмау керектігі жайындағы өз ойымен бөлісті.

Қала әкімі қазір жастар мен аға буынның арасындағы алтын көпірдің үзіліп қалғандығын жеткізді. Айбек Мүталапханұлы халық қалаулыларына мемлекеттік істерге, жауапты жұмыстарға, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, жалынды, іскер жастарды тәрбиелеуге мән беруге шақырып, өздерінің кәсіпорындары мен мекемелерінде бір жұмыс орындарын ашуға ұсыныс тастады.

Қала ішінде автобустармен жолаушыларды тасу және жүк тасымалдау бағытында бірыңғай тарифті келісу туралы сұрақ төңірегінде депутаттардың айтары көп екен. Осыған орай Айбек Кәрімов мәселенің маңыздылығына және жолаушы тасымалымен айналысатын кейбір мекемелердің қарама – қайшылықтарына байланысты мұны алдағы мәслихат сессиясында жеке талқылауға ұсыныс білдірді. Қала басшысы осы жерде қалада мемлекеттік коммуналдық жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорын құру туралы ұсынысын ашық жеткізді. Жылқы жылы халық қалаулылары сессияның алғашқы отырыстарының бірінде қаладағы жолаушылар тасымалын жан – жақты талқылауды көздеп отыр.

Сессия соңында депутаттар қалалық мәслихаттың құқықтық мәселелер, депутаттық этика және өкілеттіктер жөніндегі тұрақты комиссияның есебін, төтенше жағдайлардың алдын алу мен апатты болдырмау жөніндегі қалалық комиссияның дербес құрамын, Семей қаласының 2011 – 2015 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы 2010 жылғы 29 желтоқсандағы ше-шімге енгізілетін өзгерістерді қарады.

Қалалық мәслихаттың жиырма алтыншы сессиясының күн тәртібі бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

Связанные новости

На острове Бейбітшілік в Семее открылся этноауыл в честь юбилея Абая

01.08.2025
На острове Бейбітшілік в Семее открылся этноауыл в честь юбилея Абая

В Семее на острове Бейбітшілік стартовал этноауыл, приуроченный к 180-летию великого поэта и мыслителя Абая Кунанбаева. Праздничная площадка на берегу...

Читать далее ...

В Абайском гарнизоне проведена комплексная проверка артиллерийских подразделений

31.07.2025
В Абайском гарнизоне проведена комплексная проверка артиллерийских подразделений

В Абайском гарнизоне артиллерийские подразделения продемонстрировали свою боевую готовность в ходе комплексной проверки. В частности, в мероприятии приняла участие воинская...

Читать далее ...

До конца года в области Абай будут отремонтированы 70% автодорог

31.07.2025
До конца года в области Абай будут отремонтированы 70% автодорог

Общая протяжённость автодорог республиканского значения в Абайской области составляет 2 176 километров. Из них 1 592 километра находятся в ведении...

Читать далее ...

Объявлен старт конкурса на молодёжную премию «Дарын»

31.07.2025
Объявлен старт конкурса на молодёжную премию «Дарын»

Министерство культуры и информации РК объявило о начале приёма заявок на соискание Государственной молодёжной премии «Дарын». Ежегодная премия вручается талантливым...

Читать далее ...

Вице-премьер ознакомился с подготовкой к юбилею Абая

31.07.2025
Вице-премьер ознакомился с подготовкой к юбилею Абая

Заместитель Премьер-министра РК Ермек Кошербаев в рамках рабочей поездки посетил Абайскую область, где проверил ход подготовки к празднованию 180-летия великого...

Читать далее ...

В области Абай 83,8% населения охвачено медицинским страхованием

31.07.2025
В области Абай 83,8% населения охвачено медицинским страхованием

В регионе доля участников системы обязательного социального медицинского страхования (ОСМС) составляет 83,8%. Об этом сообщил руководитель управления здравоохранения области Абай...

Читать далее ...

Новости

На острове Бейбітшілік в Семее открылся этноауыл в честь юбилея Абая

18 минут назад

В Абайском гарнизоне проведена комплексная проверка артиллерийских подразделений

1 день назад

До конца года в области Абай будут отремонтированы 70% автодорог

1 день назад

Объявлен старт конкурса на молодёжную премию «Дарын»

1 день назад

Вице-премьер ознакомился с подготовкой к юбилею Абая

1 день назад

В области Абай 83,8% населения охвачено медицинским страхованием

1 день назад

Казахстан и Турция укрепляют стратегическое партнёрство: Токаев и Эрдоган подписали ряд ключевых соглашений

1 день назад

В области Абай стартует ночной рейд, родители могут быть привлечены к ответственности

4 дня назад

Более 24 миллионов тенге возвращено жителям области Абай

4 дня назад

Вниманию сельхозпроизводителей и населения: в Казахстане пройдет сельскохозяйственная перепись

4 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС