Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚАЛА АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

29.12.2013
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚАЛА АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
FacebookWhatsappTelegram

Тәуліктің екінші жартысында ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев қалалық әкімдіктің үлкен залында қала активімен кездесті.

— Өңірдің өндіріс және  ауыл шаруашылық саласында биылғы көрсеткіш жаман емес, инвестиция саласындағы өнім де былтырғыдан кем болмайды деп күтілуде, — деген      Б.Сапарбаев, — құрылыс саласында да айтарлықтай нәтиже бар. 270 мың шаршы метр тұрғын үй берілуде, оның ішінде Семейде бүгін ғана бір тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы да төрт үй берілуі тиіс. Жалпы биылғы жыл Семей үшін жақсы жыл болды. Облыстың экономикасы, өңір жұртының жағдайы Семейге тікелей байланысты болғандықтан, экономика саласындағы Президент тапсырмасының Семейде қаншалықты жүзеге асып жатқандығын бақылап, қаладағы жыл қорытындысының көрсеткіштерін көріп, алдағы жылдың жоспарымен танысу мақсатында арнайы келіп отырмын, — деді.

 

Аймақ басшысының сөзінен соң кала әкімі Айбек Кәрімов сөз алып, Бердібек Мәшбекұлын экономикалық-әлеуметтік дамудың қорытындысымен таныстырып өтті. Биылғы     жылғы тапсырманың барлығы толықтай орындалғанын айтқан Айбек Мүталапханұлы баяндамасында  Семейдегі өндіріс орындарының өнімі жоспарланған межеден артығымен нәтижелі болғанын, өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артқанын жеткізді. Сонымен қатар, қала басшысы Семейдің ауыл шаруашылық саласында да өткен жылдармен салыстырғанда биыл біршама өсім бар екенін  айта келіп, облыс бойынша Семей өңірі өнім өндіру жағынан Үржар мен Глубокое аудандарынан кейінгі үшінші орынға көтерілгенін де тілге тиек етті. Ал, инвестиция көлемі өткен жылмен салыстыр-ғанда 12 пайызға артып, 44 млрд. 355 млн. теңгені құраған. Қала басшысы бұл қаржының тең жартысын жекеменшік  инвестициялардан құралғандығын, жергілікті кәсіпкерлер қала экономикасының дамуына ықпал етіп отырғандарын да айтып өтті.

 

 

 

 

— Биылғы жылы 5 жеке меншік медицина мекемесі өз жұмыстарын бастады, — деген Айбек Кәрімов, — бүгінде Семейде көптеген сауда алаңдары салыну үстінде. Осы сауда алаңдары іске қосылған жағдайда қаладағы сауда-саттықты өркениетті жолға қою көзделіп отыр , — дейді.

Ал, құрылыс саласының өнімі 22 млрд. теңгені құрайтынын баяндаған Айбек Мүталапханұлы келер жылдың қаңтар айында қаладағы 40 мың текше метр жерге жаңа тұрғын үйлер салу туралы жоспардың қаралатынын жеткізді.

Қалада мыңнан аса шағын және орта бизнес тіркелсе, жеке кірістің өзі 12 млрд. теңгені құраған. Демек, бұл үш жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 85 пайызға  артқан. Ал, салықтан түскен қаржы 11 пайызға өскен, 31 млрд. теңгені құрайды. Қала басшысы кәсіпкерлік пен инвестициялық жобалардың дамуы келер жылы да жоғарылайтынына сенім білдірді.

Сонымен қатар, бірқатар келелі мәселелерді сөзіне арқау еткен қала басшысы Семейдегі қала сынын бұзып тұрған кемшін тұстарды да назардан тыс қалдырмады.

— Қалада заңды түрде сатып алынған жерлер бар. Бірақ, ол жерлердің  иелері  бірнеше жыл өтсе де  ешқандай құрылыс салмайды және өзгелердің де салуына рұқсат бермейді. Сондықтан, бұл мәселе жөнінде арнайы шара қолдануды ұсынамыз. Қаланың дамуына кері әсерін тигізіп отырған осындай жерлердің иелеріне салықты көбейткен дұрыс шығар, — деді А. Кәрімов сөз арасында.

Ал, тағы бір мәселе ТЭЦ – 3 жайында болды. Қазіргі таңда «Самрұқ-Энерго» құрылыстың технико-экономикалық  тұрғыдағы дәлдігін дамыту үстінде. Құрылыс жұмысына жер телімі де белгіленіп отырғанымен, «Семей орманы» мемлекеттік мекемесі рұқсат бермей отырғанын айтты қала басшысы. Қаладағы жағымды жаңалықтармен де облыс әкімі мен жинал- ғандарды хабардар еткен Айбек Мүталапханұлы қаламызда ана мен бала өлімі санының азайғанын, Семейде медициналық инфрақұрылымның қалыптасқанын да тілге тиек етіп, өзге де мәселелердің оңды шешімін тауып келе жатқанын айтты.

Қала әкімінің сөзінен соң жиынға қатысушылар тарапынан Бердібек Мәшбекұлы мен Айбек Мүталапханұлына жолданған  сұрақтар көп болды. Мысалы  Шығыс кентінің ақсақалдар алқасының төрағасы Махмұт Сариев облыс әкіміне мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған медициналық мекеме ашып беру туралы өтініш білдірсе, белгілі қаламгер Медеу Сәрсеке жақында ғана облыс басшысының қолдауымен «Алтай-Ертіс» сериясымен жарық көрген кітабын сыйға тартты. Барлық сұрақтардың назардан тыс қалмайтынын айтқан облыс әкімі өзіне жолданған сауалдарды қала басшысына тапсыратынын жеткізді.

— Бұл ұсыныстармен қатар, Елбасының тапсырмалары да қарқынды түрде жүзеге асады деп ойлаймын. Ал, медицина саласы туралы айтар болсам, Семейде заманауи медициналық кластер құру үшін барлық жағдай бар. Соңғы екі жылда Семейдегі медицина мекемелерінің құрылысына 30 млрд. теңге қаржы бөлінген екен. Мұның бәрі өңір тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар, — деп атап өткен Бердібек Мәшбекұлы өзінің бастамаларын Семей халқының үнемі қолдап жүргеніне алғысын айтты. Сөзінің соңында жиынға қатысушыларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, келесі жылы  да жетістіктерге жетуге тілектестігін білдірді.

Связанные новости

На острове Бейбітшілік в Семее открылся этноауыл в честь юбилея Абая

01.08.2025
На острове Бейбітшілік в Семее открылся этноауыл в честь юбилея Абая

В Семее на острове Бейбітшілік стартовал этноауыл, приуроченный к 180-летию великого поэта и мыслителя Абая Кунанбаева. Праздничная площадка на берегу...

Читать далее ...

В Абайском гарнизоне проведена комплексная проверка артиллерийских подразделений

31.07.2025
В Абайском гарнизоне проведена комплексная проверка артиллерийских подразделений

В Абайском гарнизоне артиллерийские подразделения продемонстрировали свою боевую готовность в ходе комплексной проверки. В частности, в мероприятии приняла участие воинская...

Читать далее ...

До конца года в области Абай будут отремонтированы 70% автодорог

31.07.2025
До конца года в области Абай будут отремонтированы 70% автодорог

Общая протяжённость автодорог республиканского значения в Абайской области составляет 2 176 километров. Из них 1 592 километра находятся в ведении...

Читать далее ...

Объявлен старт конкурса на молодёжную премию «Дарын»

31.07.2025
Объявлен старт конкурса на молодёжную премию «Дарын»

Министерство культуры и информации РК объявило о начале приёма заявок на соискание Государственной молодёжной премии «Дарын». Ежегодная премия вручается талантливым...

Читать далее ...

Вице-премьер ознакомился с подготовкой к юбилею Абая

31.07.2025
Вице-премьер ознакомился с подготовкой к юбилею Абая

Заместитель Премьер-министра РК Ермек Кошербаев в рамках рабочей поездки посетил Абайскую область, где проверил ход подготовки к празднованию 180-летия великого...

Читать далее ...

В области Абай 83,8% населения охвачено медицинским страхованием

31.07.2025
В области Абай 83,8% населения охвачено медицинским страхованием

В регионе доля участников системы обязательного социального медицинского страхования (ОСМС) составляет 83,8%. Об этом сообщил руководитель управления здравоохранения области Абай...

Читать далее ...

Новости

На острове Бейбітшілік в Семее открылся этноауыл в честь юбилея Абая

19 минут назад

В Абайском гарнизоне проведена комплексная проверка артиллерийских подразделений

1 день назад

До конца года в области Абай будут отремонтированы 70% автодорог

1 день назад

Объявлен старт конкурса на молодёжную премию «Дарын»

1 день назад

Вице-премьер ознакомился с подготовкой к юбилею Абая

1 день назад

В области Абай 83,8% населения охвачено медицинским страхованием

1 день назад

Казахстан и Турция укрепляют стратегическое партнёрство: Токаев и Эрдоган подписали ряд ключевых соглашений

1 день назад

В области Абай стартует ночной рейд, родители могут быть привлечены к ответственности

4 дня назад

Более 24 миллионов тенге возвращено жителям области Абай

4 дня назад

Вниманию сельхозпроизводителей и населения: в Казахстане пройдет сельскохозяйственная перепись

4 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС