Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖЕЛІ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАР БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛУДЕ

25.12.2014
ЖЕЛІ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАР БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛУДЕ
FacebookWhatsappTelegram

«500 кВ Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитінің құрылысы» жобасы екі кезеңде жүзеге асырылып, 2018 жылы аяқталады. Бұл жайында Семей қаласы бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөз туры барысында «KEGOK» АҚ бас-қарма басшысы Бақытжан Қажиев мәлімдеді.

Жалпы құны жүз жиырма миллиард теңгені құрайтын жоба аясында қуаттылығы 500 кВ, ұзақтығы 1500 шақырым жоғары кернеулі электр желілерін және Семей, Ақтоғай, Талдықорған қалаларында қуаттылы 500 кВ үш шағын станса салу қарастырылған. Бұл мақсатты жүзеге асыруға компанияның жеке қаржысымен қатар, сырттан алынған қаражат та жұмсалмақ. Сонымен бірге желі құрылысы барысында екі мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отырған көрінеді.  

— Елбасы жариялаған Жаңа Экономикалық Саясатқа сәйкес, «Нұрлы Жол» бағдарламасында «Екібастұз-Семей-Өскемен» және «Семей-Ақтөбе-Талдықорған-Алматы» бағыттары бойынша жоғары кернеулі электр желілерін салу туралы нақты мақсат қойылған. Бұл жобаның жүзеге асырылуы Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесін мемлекетіміздің экономикасының қажеттіліктеріне сәйкес сенімді қолдану мен дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі компанияның міндеттеріне сай келеді,-дейді «KEGOK» АҚ басқарма басшысы Бақытжан Қажиев.

 

{jcomments on}Бүгінгі таңда «Семей» шағын стансасының құрылысында белсенді жұмыс жүргізілуде. Мұнда арнайы порталдар салынған және қазіргі уақытта  «Siemens» сияқты әлемдік өндірушілер шығарған замануи жаңа қондырғыларды орнату жүзеге асырылуда. Семей мен Өскемен қалаларының арасында желінің бойында үш жүзден астам бағана орнатылған, электр сымдарының монтажы жасалуда.

 

— Биыл шілде айының басынан бастап біз жұмыстарды атқара бастағанбыз. Күзде ауа райы жағдайына байланысты біраз қиындықтар туындаған еді. Алайда, күннің суытқанына қарамастан, жұмыс қайта жалғасып, жоспарланған кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарының басым бөлігі орындалды,- дейді  Бақытжан Қажиев.

Жоғары кернеулі желінің құрылыс жұмыстарының барлығын отандық мердігер компаниялар атқаруда. Жоғары технологиялық құрылғылардан басқа, барлық қондырғылар мен шикізат жергілікті өндірушілерден алынуда. Олардың ішінде кабельдер, металл конструкциясы,        темірбетон блоктары бар. Бас мердігер кәсіпорын — «Сәтті жол» ЖШС учаске басшысы Марат Отарбаев құрылыс нысандарында қажетті техника мен мамандар жұмыс істеп жатқанын айтты.

— Бүгінгі таңда біз учаскеміздегі жұмыстарды жүзеге асыруға көбіне осы өңірдің мамандарын тартудамыз. Бұл көрсеткіш сексен пайызға жуық. Құрылыс жұмыстарының қарқыны жақсы. Тек ауа температурасы  35 градустан төмендеп, желдің жылдамдығы секундына он метрге дейін жеткен кездерде ғана техникалық қауіпсіздіктің барлық ережелерін сақтау мақсатында жұмыстарды тоқтатуға мәжбүр боламыз,-дейді Марат Отарбаев.

Жоғары кернеулі желі пайдалануға берілген уақытта, Ұлттық электр желісінің Солтүстік-Шығыс, Солтүстік-Оңтүстік бағыттарындағы өткізгіштік мүмкіндігі артып, Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі электр қуатының жетіспеушілігінің орнын толтыру мен Оңтүстік Қазақстан өңірін салынған электр желілерінен тұйықтау қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Бұдан бөлек Шығыс Қазақстан өңіріндегі тау-кен өндірісі саласын электр қуатымен қамтамасыз ету мен теміржолды электрлендіру мүмкіндіктері қарастырылуда.

— Қазақстанның солтүстігінде электр қуатының артық мөлшері көп. Ал Оңтүстік Қазақстан өңірінде, керісінше, электр қуаты жеткіліксіздігі бар. Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысының электр қуатын тұтыну мөлшері 3200 МВт-ты құраса, өңірдің өзінде өндірілетін электр қуатының көлемі Жамбыл МАЭС-ін есептемегенде бар-жоғы 1200 МВт қана. Оңтүстік Қазақстан облысындағы электр қуатының жетіспеушілігінің орны Солтүстік және Оңтүстік транзиттерінің есебінен толықтырылуда. Жаңа желі пайдалануға берілген уақытта, біз бұл өңірді тәуелділіктен толықтай арылту мүмкіндігіне ие боламыз,- деп атап өтті «KEGOK» АҚ басқарма басшысы.

Жаңа жоғары кернеулі желі Шығыс Қазақстан өңіріндегі де электр қуатының жетіспеушілігін жоюда маңызды рөл атқарады. Бақытжан Қажиев қазіргі таңда Шығыс Қазақстан өңірі өзінің қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз ете алмай отырғанын, жетіспеушіліктің Ресейден тасымалдау арқылы толықтырылып келе жатқанын тілге тиек етті.

— Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысына жетпей тұрған электр қуатын тасымалдау ресейлік желілер арқылы, соның ішінде Рубцовск қаласынан жүзеге асырылуда. Сол себептен, бұл желілер ажыратылып қалған жағдайларда, бізде Шығыс Қазақстан облысын электр қуатымен қамтамасыз етуде қиындықтар туындайды. Жобаның аяқталып, желінің пайдалануға берілуі Шығыс Қазақстан облысының ресейлік транзиттерге          тәуелділігін толықтай жояды,- деп атап өтті Бақытжан Қажиев.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы».

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

24 часа назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС