Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АБАЙ МҰРАСЫ ҚҰНДЫ ДЕРЕКТЕРМЕН ТОЛЫҒУДА

10.01.2015
АБАЙ МҰРАСЫ ҚҰНДЫ ДЕРЕКТЕРМЕН ТОЛЫҒУДА
FacebookWhatsappTelegram

Семейдегі Абайдың мемлекеттік қорық — мұражайы биылғы жылды үлкен жетістікпен аяқтап отыр. Қазақтың бас ақыны Абайдың мұрасын көпшілікке танытуда тынбай еңбек етіп келе жатқан мұражай қызметкерлері жыл сайын еліміз бен шетелдердің мұрағаттарында болып, құнды деректермен оралып жүр. Бұл игі дәстүр биыл да жалғасын тауып, Абайға ғана емес, көптеген елі-мізге елеулі еңбегі сіңген азаматтар мен олардың еңбектеріне қатысты мәліметтер жинақталуда.

Биыл мұражай қызметкерлері Ресейдің Мәскеу мен Санкт-Петербор қалаларында, Омбы архивтері мен Қазан қаласындағы кітапханаларында жұмыс істеді. Нәтижесінде көптеген құнды деректер тауып, ғылыми жұмыстар жүргізуге жол ашып отыр. Жуырда мұражай директоры Жандос Әубәкір мен қызметкерлер баспасөз жиынын өткізіп, мұрағаттардан табылған бірқатар құнды жәдігерлермен таныстырды.

— Бар деректерді мұражай қызметкерлері ғана емес, ғылым саласында еңбек етіп жүрген көптеген азаматтар білсін, осы бағытта жұмыс жасасын деген оймен жиналып отырмыз, — деген Жандос     Мағазбекұлы бұл жолы, ең бастысы, Абайға қатысты құнды дерек табылғанын атап өтті. Оның айтуынша, Абай мұражайының ғылыми қызметкерлері Омбыға барған сапарында мұрағаттан оның заманында би болғанын айғақтайтын нақты дерекке қол жеткізген. Бұл туралы бұған дейін Тұрағұл Абайұлы «Әкем Абай туралы» естелігінде атап кеткен. Алайда М.Әуезов оның айтқандарын дәлелдейтін нақты архив деректері кездеспегенін, дегенмен бірден-бір шындыққа жақын дерек көзі екенін атап кетіпті.

— Яғни, ең негізгісі Тұрағұлдың естелігі болса,            М.Әуезов бізге оны нақтылайтын құжаттық дерек керек деген болатын. Біздің қызметкерлер Омбының архивін қарау барысында Абайдың шындығында болыс болып сайланғаны туралы бұйрықты тауып әкелді. Бұл біздің еліміз үшін, Абайтану ғылымы үшін табылған тың құжат деп санаймыз, — деді Ж.Әубәкір.

 

{jcomments on}Хакім Абай 15 жыл саналы ғұмырын ел билеу жұмысына арнағаны нақтылы архив деректерімен дәлелденіп отыр. Мұражай қызметкерлері келтірген тағы бір құнды құжат та Абайға қатысты болып отыр. 1902 жылы Ресей патшасы жанұя мүшелерінің ұйымдастыруымен Санкт-Петербор қаласында ұлттық киімдердің халықаралық көрмесі ұйымдастырылады. Осы көрмені ұйымдастыруға, яғни жинау жұмыстарына, Ресей географиялық қоғамының бөлімшелері жұмылдырылған екен. Бұл кезде қоғамның Батыс-Сібір бөлімшесі Омбы қаласында болған және оны  басқарған Ә.Бөкейхановқа осы Батыс-Сібір халықтарының, оның ішінде қазақтардың ұлттық киімдерін жинақтау тапсырылған. Сол кезде Семей өңірінде де қазақтың киімдері жинақталған. Мұражай қызметкерлері көрмеге киімдерді тапсырған адамдардың ішінде Абай Құнанбаевтың да болғанын анықтап отыр. Онда Абайдың ер адам мен баланың киімдерін бергендігі туралы нақты мәлімет көрсетіліпті. Бұл да Абайтанудағы құнды деректердің қатарын толықтыруда.

 

Бұдан өзге Қазан университетінің архивінен ұлтымыздың жарқын болашағы үшін күрескен ірі қоғам қайраткері Райымжан Мәрсековтің жеке іспарағы  табылған. Аталмыш құжатта өзі жазған өтініші, жеке құжаттарының барлығы көрсетілген деректер бар болып шығады.

Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Маржан Біржанқызының айтуынша, ғылыми қызметкерлер Омбы архив-терінде көп жұмыс жасаған. Ғылыми іссапарлар әсіресе Абай заманы, ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың 30-40 жылдар аралығына арналып, зерттеліп отыр.

— Біз бұған қоса Р. Мәрсековтің орыс тіліне аударылып басылған мақалалары, мұсылмандар съезі, оның жыл сайын өтіп тұратыны, М.Дулатовтың Семейге келіп, қазақтар арасында сол кездегі үкіметке қарсы жұмыстар жүргізгені туралы құжаттар тауып отырмыз, — деді Маржан Біржанқызы. — Бізде Абай оқыған Ахмет Риза медресесі бар. Сондықтан біздің ғылыми зерттеу тақырыптарымыздың бірі сол медресеге байланысты. Сондықтан біз Абай және одан кейінгі дәуірдегі медресе туралы деректерді жинап жүреміз. Нәтижесінде біз 1877-78 жылдардағы деректерді тауып алдық. Онда Семей қаласында қанша мешіттер бар екен туралы құнды деректер шығып отыр. Сонымен бірге мешіт салу үшін үкіметке хат жазғаны, құрылыс жұмыстары үшін рұқсат алғандығы туралы деректер бар.

Қорыта айтқанда, жыл сайын мұражай қоры жаңа жәдігерлермен толықтырылуда. Оның ішінде, ең маңыздысы, мұражайға шетелдік сапарлар нәтижесінде келіп түскен архив деректері бар. Бүгінгі таңда мұражай қорында 2263 жәдігер жинақталған. Негізгі қорда 11 551,  қосалқы қорда 8612 жәдігер бар екен.

— Біз негізгі құжаттарды ғана айтып отырмыз. Бұл құжаттардың барлығы ғылыми айналымға ену керек. Өйткені аталмыш деректердің барлығы Абайтанушылар мен зерттеушілерге өте қажет. Мұны Семей қаласы ғана емес, барша еліміз біліп, ары қарай зерттеуіміз керек. Бізге жыл сайын осы жұмыстарға арнайы қаржы бөлініп отыр. Келесі жылға да қомақты қаржы бөлінді. Бұл істерді біз алдағы уақытта жал-ғастыратын боламыз, — деді жиын соңында мұражай басшысы.

Асан МЫРЗАХАНОВ, «Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

22 часа назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС