Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

10.01.2015
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
FacebookWhatsappTelegram

Жуырда Семей қаласы әкімдігі жанындағы қоғамдық кеңестің отырысы болды.     Жиында балалар мен әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында ішкі істер басқармасы тарапынан атқарыл-ған шаруалар, Шүлбі кенті тұрғындарының әлеуметтік — экономикалық қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы жайлы         айтылды. Отырысқа қала әкімі Айбек Кәрімов, қоғамдық ұйымдардың, қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты.

Жиын басында қала әкімі Айбек Кәрімов қоғамдық кеңес мүшелерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Тәуелсіздігіміздің тұғырының нығая беруін, тыныштық пен бейбітшіліктің, ұлтаралық, дінаралық татулықтың беки түсуін тіледі. Өз сөзінде қала басшысы жылқы жылында елімізде, өңірімізде орын алған жақсы жаңалықтар мен жетістіктер жайында да айтып өтті.

— Өткен жылда тұрақты дамуымыз жалғасты. Мемлекет тарапынан көптеген шаруалар жүзеге асырылды. Экономикалық тұрғыда алдағы уақытта да өркендей беруімізге жол ашатын бағдарламалық құжат – «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» Жолдауы жарияланды. Ең бастысы, елімізде тұрақтылық бар. Қоғамдық бірлестіктердің белсенді жұмысының арқасында өзара сыйластық, түсіністік, татулық пен бірлік сақталып, нығайып келеді. Сондықтан мен сіздерге осы еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіре отырып, бұл бағытта болашақта да жетістікке жете берулеріңізді тілеймін,-деді қала басшысы.

Отырыстың күн тәртібіне сай, балалар мен әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында атқарылған шаралар жайлы Семей қалалық ІІБ басшысының орынбасары Мақсат Зекенов баяндама жасады. Өз сөзінде ол жасөспірімдер мен нәзік жандыларға қарсы жасалған құқықбұзушылықтар санының азайғанынан мағлұмат беріп өтті. Атап айт-қанда, 2013 жылы әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың 3442 фактісі тіркелсе, былтыр бұл көрсеткіш едәуір төмендеп, 2845-ті құраған. Сондай-ақ, жасөспірімдерге қатысты құқықбұзушылықтың саны 2013 жылмен салыстырғанда 260-тан 179-ға дейін кеміген көрінеді. Өз сөзінде Мақсат Зекенов мұндай фактілердің орын алуына, басқа да факторлармен бірге, көп жағдайда құқықбұзушылардың рухани мәдениетінің төмендігі себеп болатынын атап өтті. Баяндамасында құқық қорғау органы тарапынан өткізілген алдын алу шаралары жайлы айтты.

 

{jcomments on}- Мектеп жиналыстарында, ата-аналар жиналыстарында мектеп    инспекторлары жасөспірімдер мен олардың ата-аналарының құқықтық білімін жетілдіру мақсатында жеке әңгімелер, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырып отырады. Жасөспірімдер істері бойынша инспекторлар мектеп әкімшіліктерінің басшыларымен бірлесе отырып кездесулер өткізуде. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы қылмыстық ахуалға сараптама жасалуда,- деді Мақсат Зекенов.

 

Ішкі істер басқармасының жүзеге асырған жұмыстары туралы ақпарат тыңдалғанннан кейін, отырысқа қатысушылар өздерін толғандырған бірқатар мәселелер бойынша сұрақтар қойып, жауап алды. Сондай-ақ, әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарын жеткізді. Соның ішінде қоғамдық бірлестіктермен әріптестік аясын кеңейте түсу қажеттігін тілге тиек етті.

Өз кезегінде қала әкімі Айбек Кәрімов нақты пікірін білдірді. Әсіресе бұл бағытта бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тәрбиелік мәні зор, танымдық мақалалар, деректі фильмдерді ұсыну қажеттігін атап өтті.

— Бұл арада біз барлығымыз бір кісідей жұмылып, бірге жұмыс істеуіміз керек. Әсіресе тәрбиелі, жұртқа үлгі-өнеге көрсетерлік отбасылармен көбірек жұмыс жасау қажет. Неғұрлым оларды көп көрсетіп, дәріптей білсек, соғұрлым атқарған шаруаларымыз тиімді болады деп ойлаймын, — деп атап өтті Айбек Мүталапханұлы.

Отырыс барысында Шүлбі кенті тұрғындары үшін әлеуметтік — экономикалық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі де айтылды. Бұл жайында кент әкімі Лилия Гребельная жиынға қатысушыларға ақпарат берді. Өз сөзінде ол Шүлбі кентінде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы, инфрақұрылымның жетілдірілуінің, денсаулық  саласының даму қарқыны жайында айтып өтті. Халықаралық гранттық бағдарламалар бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ, Лилия Михайловна Шүлбі кентіндегі әлеуметтік саланың, орта және шағын кәсіпкерліктің даму деңгейі жайлы мағлұматтар берді.

— Қазіргі таңда телефон байланысының сапасын жақсарту бағытында бірқатар шаруалар жүзеге асырылуда. Нақты айтқанда, оптикалық-талшықты желі тартылуда. Сондай-ақ, 2014 жылы «Таирландия» қоғамдық бірлестігі арқылы «Сен бұл әлемде жалғыз емессің» атты халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жобасын жасап, соның арқасында мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғызбасты зейнеткерлерге қызмет көрсету мәселесін шешуге мүмкіндік алдық. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының аясында тіс-протезі кабинеті мен стоматологиялық кабинет ашылды. Кент тұрғындары «Ромат» ашық әлеуметтік дәріханасы арқылы арзан бағамен дәрі-дәрмек алу мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету үшін Шүлбіге халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдерінен құралған мобильді топ келіп тұрады. Азық-түлік бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ай сайын тұрақтандыру қорының өнімдері саудаланады,-деді Лилия Гребельная.

Шағын шаһар тұрғындары үшін әлеуметтік-экономикалық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша баяндама жасағаннан кейін Шүлбі кентінің әкімі жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар Семей қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетілетін қызмет түрлері мен сапасы жайлы айтылды. Қазіргі таңда халыққа қызмет көрсету орталықтарында 160 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 4-уі арнайы қоғамдық пункттер арқылы көрсетілетін электронды қызмет көрінеді. Семейліктер арасындағы сұранысқа ие қызмет түрлерінің арасында сандық қолтаңбаларды рәсімдеу және алу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, азаматтарды тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеу, балалардың туылуын тіркеу, зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу, білім деңгейі туралы құжаттарды бекіту және сәйкестендіру болып табылатынын айта кеткен жөн. Отырыста кейінгі жылдары халыққа қызмет көрсету орталықтары мен жергілікті атқарушы билік арасында байланыстардың нығайып келе жатқаны туралы да айтылды. Бұдан бөлек мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үйлерінде қызмет көрсету мәселелері     бойынша бірыңғай байланыс орталығының әрекеттестігі регламенті жа- салған. Аталмыш регламент аясында өңірімізде халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандарынан құралған арнайы мобильді топтар құрылған көрінеді. Сондай-ақ, қазіргі таңда халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қоғамдық бірлестіктерді тіркеу жүзеге асырылатыны да айтылды.

Мирас ҚҰСАЙЫН, «Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

22 часа назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС