Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«ЖЕҢІСКЕ ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

10.01.2015
«ЖЕҢІСКЕ ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
FacebookWhatsappTelegram

Жеңістің 70 жылдығына орай елімізде соғыс ардагерлерін ұлықтап, қолдау бойынша жалпыұлттық акция өтіп жатқаны мәлім. Ауқымды шараға қарулы күштеріміз де атсалысуда. Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тікелей бастамасымен «Жеңіске құрмет» атты акция-марафон өткізілуде. Қаңтардың алтысы күні аталмыш акция аясында гарнизондық офицерлер үйінде салтанатты жиын ұйымдастырылды. Шара барысында жеңіс алауын табыстау рәсімі өтіп, ардагерлерге құрмет көрсетілді.

Акция — марафонды өткізудегі басты мақсат – Отан үшін от кешкен батырлардың ерліктерін еске алып, ұрпақтар сабақтастығын паш ету. Салтанатты жиын барысында Шығыс өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Азамат Мұқатаев сөз сөйледі. Құттықтау тілегін айта келе, ол ардагерлердің бүгінгі таңда қаламыздың қоғамдық өміріне белсене араласып, өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне атсалысып жүргендіктерін атап өтті.

— Аға буынның үлгісімен жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, мейірімділік пен әділдік сезімдері ұялап, Отанына және өз борышына адалдық қалыптасады. Ардагерлерге құрмет көрсетуді парыз деп санаймыз. Сондықтан соғыста ерлік жасаған батырларды  құттықтау — үлкен мәртебе. Қымбатты  ардагерлер, Сіздерді Жеңістің жетпіс жылдығының басталуымен және ардагерлер жылымен құттықтаймын. Баршаларыңызға зор денсаулық, ұзақ та бақытты ғұмыр тілеймін, — деді Азамат Мұқатаев.

Сондай-ақ, шара барысында ардагерлер қауымына гүл шоқтары мен сыйлықтар тарту етілді. Соғыс ардагерлері атынан сөз сөйлеген Ғазиз Ахмеров ақсақал жиналғандарды жаңа жылмен құттықтап, ризашылығын білдірді. Ардагерлерге құрмет көрсетіп  жатқаны үшін, Мемлекет басшысына алғысын айтты.

 

{jcomments on}- Елбасының ардагерлерге деген пейілінің ерекше екенін жаңа жылдың қарсаңында ардагерлердің әрқайсысына жеке-жеке құттықтауын арнап, сыйлықтар тарту етуінен-ақ байқауға болады. Жеңіске жеткенімізге жетпіс жыл болды. Бірақ ерлердің есімдері жадымызда көмескі тартқан емес, көмескіленбейді де. Бүгінгі жастар майданда батырлықтың небір үлгісін көрсеткен ержүрек жандардың ұрпағы деген атқа лайық болуға ұмтылулары керек. Аталарынан отанға деген адалдықтың, ерліктің не екенін үйренулері қажет. Жастарымыздың жүректерінде Отанға, яғни Қазақстан Республикасына деген махаббат оты сөнбей, алаулап, маздай берсін, — дей келе, Ғазиз ақсақал еліміздегі тыныштықтың сақтала беруін, жұртымыздың, жас ұрпақтың зеңбіректің, оқ-дәрінің атыл-  ған дыбысын естімей, бейбітшілікте бақытты ғұмыр кешуін, бірлік пен татулықтың нығая түсуін тіледі.

 

Семей қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Игорь Панин ардагерлерге лебізін жеткізді. Ол жеңістің жетпіс жылдығының жылы аясында ардагерлерге құрмет көрсетудің жыл басынан басталуының үлкен мәнге ие екенін атап өтті.

— Биылғы жыл Сіздер үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін ерекше. Себебі жас ұрпақ сіздерді үлгі тұтып өсіп келе жатыр. Жетпіс жыл деген — аз уақыт емес. Жеңіске жеткен жылы дүниеге келгендер қазір балалары, немерелері бар зейнеткер қария атанып отыр. Бірақ біз, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының халқы, ұрпақтар сабақтастығын сақтап, сұрапыл соғыс жылдары аталарымыздың жасаған ерліктерін жадымызда тұтып келе жатырмыз,- деген Игорь Панин соғыста жеңіске жету арқылы ардагерлердің тұтас әлемді аман сақтап қалғанын айтты.

Бұдан бөлек жиналған қауым алдында қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Рашида Хасанова сөз сөйлеп, тілегін жеткізді. Ардагерлерге қамқорлық көрсетіп келе жатқан Елбасыға алғыс айтты. Елімізде тыныштықтың сақталуын, бейбітшілік пен татулықтың нығаюын тілеп, жылы лебізін білдірді.

Сонымен қатар шара барысында Жеңіс алауын тапсыру салтанаты өтті. «Жеңіске құрмет» марафон-акциясы аясында бесінші қаңтар күні Қарағанды қаласында Астана өңірлік қолбасшылығынан қабылдап алған Жеңіс алауын Шығыс өңірлік қолбасшылығының әскерилері Қапшағай гарнизонының өкілдеріне табыстады. Шара соңында ардагерлер назарына Гарнизондық офицерлер үйінің өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарлама ұсынылды.

Мирас ҚҰСАЙЫН, «Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

21 час назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС