Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРЛЕРІ БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

17.01.2015
ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРЛЕРІ БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
FacebookWhatsappTelegram

Шығыс Қазақстан облыстық Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында жергілікті суретшілер арасында өткен көрме байқаудың қорытындысы жарияланып,  сайыста үздік шыққандар марапатталды. Салтанатты рәсімге қала әкімі Айбек Кәрімов пен қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов қатысты. Бұл жергілікті суретшілердің туындылары қойылған бірінші көрме емес. Дегенмен байқау түрінде мұндай шара бейнелеу өнері мұражайында екінші рет өткізілді. Биылғы көрмеге жалпы саны қырық төрт жергілікті автор қатысты. Араларында бейнелеу өнерінде қалыптасқан, мол тәжірибе жинақтап үлгерген, өзіндік қолтаңбаларын, ерекшеліктерін айқындаған аға буын өкілдерімен қатар, осы сала бойынша білім алып жатқан жас қылқалам шеберлері де  бар.

Көрмеге ұзын саны жүзге жуық көркемсурет туындылары қойылған. Көпшілігі живопись және кескіндеме әдістерінде салынған. Ұйымдастырушылар байқау — көрменің жас талантты суретшілерді анықтап, білуге ғана емес, бұрыннан танымал қалыптасқан өнер иелерін ерекше қырларынан тануға мүмкіндік бергенін айтады.

{jcomments on}

 

— Жергілікті суретшілер туындыларының көрмесі – қаланың мәдени-рухани өмірінде ерекше орын алатын шара. Себебі қаланың тіршілігінің негізгі бастауларының бірі – шығармашылық. Семей қаласының мәдени ортасында орын алып жатқан үрдістердің көрсеткіші болып саналатын бейнелеу өнерін өзіндік ерекшелігі бар шығармашылықтың айрықша бір түрі деп айтуға әбден болады,- деді Шығыс Қазақстан облыстық Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайының директоры Наталья Стромская. Сондай-ақ, ол өңіріміздегі бейнелеу өнерінің тарихы жайлы айта келе, ойын былай деп жалғастырды:

— Қазіргі таңда кәсіби суретшілеріміз өнерден қол үзбей, шығармашылықтарын жалғастырып келеді. Өздерінің туындыларын бізге ұсынуда. Көрмелерді ұйымдастырудағы мақсатымыз – суретшілеріміздің шығармашылық тұрғыда дамуына демеу боларлық ерекше рухани — мәдени ортаны қалыптастыруға көмектесу. Сонымен қатар жас қылқалам шеберлерін көптеп тартуды көздедік. Осы жолғы көрме барысында жаңа дарынды жас суретшілердің барын байқап, есімдерін таныдық.

Қала әкімі Айбек Кәрімов пен қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов марапаттау рәсімінің құрметті қонақтары болды. Сондай-ақ, шараға Семей қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімінің, «Жылукоммунэнерго» МКК-нің өкілдері, байқау — көрменің демеушісі «АзияCombi» ЖШС-нің директоры Владимир Филичкин, оқытушылар мен студенттер және жергілікті суретшілер шақырылған. Байқау көрме қорытындысына сәйкес, бірнеше аталым бойынша жүлдегер атанған суретшілер дипломдармен, ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қатысушылардың бірқатары ынталандыру сыйлықтарын иеленді.

Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов салтанатты жиынға қатысушыларды кезекті байқау көрменің өтуімен құттықтап, мұндай шараның ұйымдастырылуы мұражай үшін ғана емес қала өмірі үшін де маңызы зор екенін атап өтті.

— Мен қаламыздың мәдени орталық деген атын сақтауға үлес қосып, өңіріміздің мәдени бейнесін қалыптастырып жүрген барлық талант иелерін, суретшілерді, жалпы өнер саласының өкілдерін қатты құрметтеймін. Біз өте күрделі өтпелі кезеңді басымыздан өткердік. Осы орайда экономикалық мәселелер, коммуналдық саладағы түйткілдер келімді — кетімді құбылыстар болып табылады, ал руханият, мәдениет және дәстүр дегеніміз ешқашан маңызын жоғалтпайтын мәңгілік құндылықтар дегім келеді. Бүгінгі таңда қаламыз жаңа сапалық деңгейге көтеріліп келеді, сондықтан келешекте біздің суретшілеріміз қолдаусыз қалмайды,- деді Айбек Мүталапханұлы

Сондай-ақ қала басшысы кәсіпкерлерге келесі байқау көрменің сыйлық қорының көлемін бір миллион теңгеден кем болмайтындай ету жайлы ұсыныс білдіретінін жеткізді. Сөзінің соңында Айбек Кәрімов жиналғандарды жаңа жылмен құттықтады. Қатысушылардың барлығына мықты денсаулық, жетістік тілеп, елімізде тыныштық пен өзара сыйластықтың, татулықтың, бейбітшіліктің нығаюына, табыстан табысқа жете беруге тілектестігін жеткізді.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

20 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС