Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ШАҢҒЫ САЙЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР

17.01.2015
ШАҢҒЫ САЙЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР
FacebookWhatsappTelegram

Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы дәстүрлі қалалық спартакиада аясында шаңғымен сырғанаудан жарыс өтті. Спорттық бәсекеге жиыны он төрт команда қатысты.  Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталып, алдағы уақытта өтетін облыстық спартакиада қала намысын қорғау мүмкіндігіне ие болды.

Жарысты ұйымдастырған қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі мамандарының айтуынша, спартакиаданы өткізудегі мақсат салауатты өмір салтын насихаттау көрінеді. Спорттық бәсекеге қаламыздағы барлық мемлекеттік мекемелер мен құзырлы органдар атынан командалар қатысты. Айта кетерлігі, дәстүрлі спартакиада осымен он бесінші рет өткізіліп отыр. Жарыстың ашылу салтанатында қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

{jcomments on}

 

— Бүгінгі жарысқа қатысуға келгендеріңіз еш өкінбейсіздер деген ойдамын. Салауатты өмір салты — денсаулық кепілі. Бүгінгі жарысқа қатысумен шектеліп қалмай, алдағы уақытта да спортпен шұғылдана беруге шақырамын,- деді Мұрат Құржықаев. Сонымен қатар ол өңірімізде шаңғы спортының даму қарқыны кейінгі жылдары жоғары деңгейге көтеріліп келе жатқанын атап өтті. Соның бір дәлелі ретінде былтыр Сочи олимпиадасында жерлесіміз Ердос Ахмедиевтің қатысуын, Галина Вишневскаяның биатлоннан жастар арасында әлем чемпионы атануын айтып өтті. Бұдан бөлек Мұрат Мұрсаханұлы шаңғы спортының дамуына серпін беретін спорттық нысандар санының да арта бастағаны жайлы сөз етті. Мәселен, таяуда Семей мемлекеттік медициналық университеті жанында жаңадан шаңғы базасы ашылса, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті өзінің шаңғы базасының жұмысын жетілдіруге көңіл бөліп жатқан көрінеді.

— Мұндай шаруалардың атқарылуы  қаламыздағы шаңғы спортының өркендеп кең қанат жаюына септігін тигізері анық. Себебі арнайы нысандардың саны көбейген сайын, шаңғы спортымен айналысуға ниеттілердің қатары да арта түседі. Шаңғы спортымен айналысушылардың қатарының артқаны – сәйкесінше, біздің өңірімізден спорттың бұл түрінен жетістікке жетуге қабілетті азаматтардың көптеп шығуы үшін қажетті алғышарттарының бірі, — деді дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

Жалпы, осы жолғы қалалық спартакиаданың өткен жылға қарағанда, бір ерекшелігі бар. Ол — жарыстың бір ай көлемінде емес, төрт ай бойы өткізілуі. Яғни бұл жолы спартакиада 2014 жылдың қазан айында басталып, биылғы қаңтар айында өз мәресіне жетті.

Шаңғы тебуден жарысқа келетін болсақ, спорттық бәсеке барысында ерлер үш шақырымдық қашықтықта, ал әйелдер бір жарым шақырымдық қашықтықта сынға түсті. Күштік құрылымдар арасында 25 ұпай жинаған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының шаңғышылары үздік болып шықты. Екінші орынды одан үш ұпай кем жинаған ҚР ІІМ ТЖК иеленді. Ал мамандандырылған күзет қызметінің командасы үздік үштікті түйіндеді. Мемлекеттік қызметкерлер арасында қалалық соттың спортшылары өздерінің мықты екенін дәлелдеді. Екінші орынға мемлекеттік кірістер департаментінің шаңғышылары қол жеткізді.  Ал қалалық қазынашылық басқармасының командасы жеңіс тұғырының үшінші сатысынан табылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды. Сондай-ақ, үздік шаңғышылар алдағы уақытта қала құрамасының сапына еніп, жуық арада өтетін облыстық спартакиадада қала намысын қорғайтын болады.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

20 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС