Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

КЕМЕДЕГІ ЖАЛҒЫЗ ҚАЗАҚ

17.01.2015
КЕМЕДЕГІ ЖАЛҒЫЗ ҚАЗАҚ
FacebookWhatsappTelegram

Кеңес Одағы мен фашистік Германия арасындағы 1941 – 1945 жылдардағы соғыстың адамзат баласының жадында сұрапыл жылдардың бірі болып қалатыны анық. Өйткені ол соғыс миллиондаған адамды қырғынға ұшыратып, талай халықты қанға бөктірді. Сол қан майданда елін қорғаған бүгінде ортамызда жүрген аталарымыздың, соғыста қаза тапқан ерлердің есімдері халық санасынан ешқашан өшпек емес. Ел басына күн туған шақта есіл ерлер шын мәнінде ел қорғаушысы болды. Сондай ерлік істері өнеге ардагердің бірі – Қамкетай Баиров бүгінде Семей қаласында тұрып жатыр.  Ол 1926 жылы Жарма ауданында дүниеге келген.

Ел басына күн туған шақта, есіл ерлер шын мәнінде ел қорғаушысы болды. Сондай ерлік істері өнеге ардагердің бірі Қамкетай Баиров бүгінде Семей қаласында тұрып жатыр.  Ол 1926 жылы Жарма ауданында дүниеге келген.  Қамкетай ақсақал балалықтың балдәурен шағын ұмытып, колхоздың жұмысына бұғанасы бекімей жатып аралас-ты. Қабырғасы қайыса, қанаты қатаймай жатып майданға аттануға бел байлайды. Бұл 1943 жыл болатын. Ол кезде  Отанын фашистерден қорғауға бел буған бозбаланың жасы 17-ге жаңа толған-ды. Сол себепті Қамкетай Баиров бірден майдан шебіне алынбай,  Балтық теңізіндегі Кронштадт портына бес айға оқуға жіберіледі. Оқудан соң Балтық теңізіндегі «Актубе» кеме-сіне жіберіледі.

— 1943 жылы 17 жасымда өз еркім-мен соғысқа сұрандым.  Алдымен фашистермен кескілескен ұрыс жүріп жатқан Ленинградқа жіберді. Ол кезде Ленинградты немістер атқылап жатыр екен. Атыс біткеннен кейін барып, қайда баратынымды сұрады. Мен өзімнің теңізші болғым келетінімді айтып, оқуға жіберулерін сұрадым. 1943 жылы қазан айынан Балтық теңізіндегі Кронштадт портына жіберді. Ол жерде бес ай оқу – жаттығудан өттім. Одан кейін «Актубе» кемесіне жіберді. Сол жерде ағылшынның 20 мм пушкасы бар екен. Сонда нысанашы болуды үйрендім. Кейін сол кемеде нысанашы болып соғыстым, — деп есіне алады ақсақал бүгінде.

Бір соғыста Қамкетай ақсақал майдандастарымен неміс кемесінің бірін суға батырады. Кейін сол ерлігі үшін «Адмирал Нахимов» медалімен марапатталады. Кейін олардың кемесі Эстония астанасы Таллинге ауыстырылады.

— Ленинград шайқасын да көрдік. Ол жерде көптеген қиыншылықтар болды ғой. Немістер қоршап алып, азық жібермей, қанша халық қыр-ғынға ұшырады. Ұшақ, теміржол, көлік атаулыны кіргізбей, барлығын атып түсіріп жатты. Ол жерде Ладожский көлі болды. Сол жолмен халыққа азық-түлік жеткізіліп тұрды. Сонда адамдар көшеде келе жатып өліп қалады. Машинамен келіп жинап, ортақ бейітке апарып техникамен жаба салатын. Жерлейтін уақыт та жоқ. Соғыс біткеннен кейін де, теңізді тазартумен айналыстық. Немістер судың астынан мина қойып қояды. Жел соққанда, кеме қозғалып, минаға тиіп кетсе, күлің көкке ұшады. Кемеде жалғыз қазақ мен болдым, — деген Қамкетай ақсақал неміс кемесін суға батырған сәтін күрсініп есіне алды.

— Сонда немістің тірі қалған моряктары теңіздің бетінде қалқып жүреді. Біз ұзын құрық ұсынып, кемеге шығуларына мүмкіндік жасаймыз. Алайда тұтқынға алайық десек, берілмейді. Олардың метариалдық – техникалық базасы сақадай –сай болды. Алайда он алты мемлекеттен тұрған еліміз бірліктің, көп ұлттың арқасында жеңіске жетті, — дейді ардагер.

 

{jcomments on}Майдангер соғыс аяқталғаннан кейін де, бес жыл әскер қатарында болып, қызмет жасаған. Ардагер «ІІ дәрежелі Отан соғыс», «Еңбек ардагері», «Адмирал Кузнецов» ордендерімен және «Украинаны қорғағаны үшін», «Ұлы Отан соғысы Жеңісінің» мерекелік медальдарымен марапатталған. Қамкетай Баиров елге оралғаннан кейін теміржол стансасында қызмет етті. Бүгінде ақсақал құдай қосқан қосағы екеуі  тоғыз бала тәрбиелеп, олардан 7 немере, 5 шөбере сүйіп отыр. Келер жылы тоқсанның төріне шығатын ардагер, бейнеттің зейнетін көріп, бейбіт заманның куәсі бол-ғанына риза екенін айтады.

 

Асан МЫРЗАХАНОВ,                                                                                                              «Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

19 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС