Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

МЕДИЦИНАЛЫҚ КЛАСТЕР САЛА ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРМЕК

17.01.2015
МЕДИЦИНАЛЫҚ КЛАСТЕР САЛА ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРМЕК
FacebookWhatsappTelegram

Өткен 2014 жыл қаламыздағы денсаулық сақтау саласы үшін сәтті болды деуге негіз бар. Жаңа медициналық мекемелер ашылды, емханалардың жабдықталу деңгейі жақсарды, Елбасы Жолдауларында көрсетілген міндеттер, денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қолға алынған жұмыстар нәтижелі атқарылды.

Семей қаласы тұрғындарына 94 мекеме медициналық көмек көрсетуде. Оның 21-і ауруханалық ұйым (6-ы жекеменшік, 15-і мемлекет меншігінде), 31 амбулаториялық-клиникалық ұйым (13-і жекеменшік). Дәрігерге қаралғанға дейінгі көмек көрсететін бір фельдшерлік-акушерлік пункт, 18 медициналық пункт, басқа 6 пункт бар.  

Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі жыл      сайын артуда. Денсаулық сақтау саласының 2014 жылғы бюджеті 2,7 пайызға өсті. Сонымен қатар ШҚО әкімшілігі Семей қаласының медициналық ұйымдары үшін 21 санитарлық автокөлік берді.

Қала әкімшілігінің қолдауымен облыстық бюджет есебінен №17 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығын орналастыру үшін ғимарат сатып алынды. Юность кентіндегі № 6 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының ғимараты қала әкімшілігінен облыстық бюджеттің балансына берілді.

«100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасының аясында 2014 жылы 300 орындық қалалық жедел медициналық жәрдем аурухана пайдалануға берілді. «Үш жүз елу денсаулық сақтау нысанының құрылысы» бағдарламасы бойынша Приречное ауылында дәрігерлік амбулатория салынды.

Мемлекет-жекеменшік серіктестігінің аясында жекеменшік медициналық ұйымдардың жұмыс істеуі үшін бәсекеге қабілеттілік ортасы дамып келеді. Оның аясында 2013 жылы бес нысан пайдалануға берілді: «InVitro+», ЖШС, «№ 3 консультативтік-диагностикалық орталық» мекемесі, «Жан-Ер» стоматологиялық емханасы, «B.B.NURA» ЖШС, «№ 6 аралас типтегі поликлиника» мекемесі. Өткен жылы Сауд Арабиясы корольдігі мен ШҚО арасындағы меморандум аясында бой көтерген 80 орындық туберкулезге қарсы балалар ауруханасының ашылу салтанаты болды. Референс-зертханаға арналған телепатология жүйесімен, брахитерапиямен, магниттік-резонанстық томографпен, радиофармпрепараттар өндіретін позитронды-эмиссиялық томографпен жабдықталатын, медициналық холдингтің құрамына енетін Семей аймақтық онкологиялық диспансерінің жанындағы Ядролық медицина орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Қолданылатын технологиялары бо-йынша Ядролық медицина орталығы Павлодар мен ШҚО тұрғындары ем қабылдайтын ең заманауи орталықтардың бірі болмақ.

 

{jcomments on}Радиологиялық медицина және экология Ғылыми зерттеу институтының жанында Оңалту орталығын салу қарастырылуда. 2014-2015 жылдары Знаменка ауылы мен Бобровка кентінде дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы қарастырылуда.

 

Жалпы саны Семейде 1741 дәрігер, 3310 адам орта медициналық персонал құрамында жұмыс істеуде. 2013 жылы мамандар жетіспеушілігі 23 адамды құраса, 2014 жылы бұл сан үш адамды құрады.

Қазіргі таңда алғашқы медициналық-санитарлық көмекті нығайтуға, отбасылық тәжірибені дамытуға баса мән берілуде.

Семей қаласы бойынша медициналық-демографиялық жағдайдың оң динамикасы байқалуда: халықтың туу көрсеткішінің деңгейі 2014 жылы  18,4-ке (6580) өсті. Жалпы өлім санының көрсеткіші  8,46-ға азайды. Халықтың табиғи өсім коэффи-   циенті де өсіп келеді. Сәбилер өлімі кейінгі бес жылда 35 па-йызға азайған. Халық арасында әлеуметтік маңызы бар аурулардың таралуы мен өлім көрсеткіштерінің төмендеуі байқалуда. 2014 жылы 2013 жылмен салыс-тырғанда туберкулезбен ауыру деңгейі 18,2 пайызға азайып, 100 мың тұрғынға шаққанда 77,3 адамды (2013 жылы  94,5) құрады. Халықтың туберкулезден өлу деңгейі 20 пайызға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 7,1 адамды (2013 жылы  9,0) құрап отыр. Қанайналым жүйесі ауруларынан өлу деңгейі 32 пайызға төмендеп, 2014 жылы 278,5-ті құрады (2013 жылы  304,3).

СММУ жоғары технологиялық медициналық көмек қантамырлары және нейрохирургиялық ауруларды жедел емдеу енгізілуде. 2014 жылы 889 коронография жасалды, оның ішінде            308-і жоспарлы, 334 стенттеу жасалды, оның 79-ы жоспарлы,                57 аортокоронарлық шунттау жасалды. «Семей қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасы» МҚКК-де травматологиялық емделушілерді эндопротездеу-жедел емдеу жүргізіледі. Перинаталдық көмек көрсетуді аймақтандыру, жүкті әйелдерді медициналық көмек деңгейлері бойынша босандыру енгізілген.

Жүкті әйелдерді уақытында тіркеу, отбасын жоспарлау бо-йынша жұмыстар жүргізілуде. Жүкті әйелдердің скринингі «Перинаталдық орталық» МҚКК жанындағы медициналық-генетикалық консультациямен жатырішілік инфекцияларды, шарананың бойындағы туабітті ауытқуларды ерте анықтау мақсатында жүргізіледі.

Бала жасы ауруларын интеграциялай отырып, бақылау бағдарламасының енгізілуі үйдегі сәбилер өлімінің азаюына септігін тигізді. Пневмококтік инфекцияға қарсы екпе егу енгізілді, бір жасқа дейінгі барлық балалар уақытында егіледі, өкпе қабы-нуымен ауыру және олардан өлу деңгейінің көрсеткіштерінің төмендеуі байқалуда. Республикалық бағдарламаға сәйкес, балаларды вирусты гепатитке тексеру жүргізіледі, сондай-ақ, алғаш рет балаларды вирусты гепатиттен емдеуге тегін дәрілік препараттар бөлінді. Жаңа туған сәбилерді реанимациялауға, денсаулық жағдайын бақылауға арналған медициналық құрал-жабдықтармен, босандыру мекемелеріне арналған эксперттік кластағы УЗИ қондырғыларымен жабдықтау жүргізілді.

«2011-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында «Oncology» ақпараттық госпитальдық жүйесі, «Семей қаласы аймақтық онкологиялық диспансері» МҚКК референс орталығы құрылды, иммунгистохимиялық зертхана мен амбулаториялық химиотерапия кабинеті, үш онкологиялық         кабинет, алты маммологиялық кабинет, бір проктологиялық  кабинет ашылды. Сұйықтық цитология аппараты сатылып алынды. 16 маман республикалық емханалардың және Кореяның, Словакияның, Белоруссияның, Ресейдің емханаларының базасында біліктіліктерін арттырды. Тағы бес маман Словакияда біліктіліктерін арттыруда.

Ұлттық скринингтік жүйе ауруларды ерте кезеңдерде анықтап, алдын алуға мүмкіндік береді. Халықтың мақсатты топтарының денсаулығының жағдайын бақылау бойынша 2014 жылдарға арналған бағдарламалар кешені енгізілді.

Сапалы медициналық көмекті ауылды жерлердің тұрғындарына жақындату мақсатында консультативтік-диагностикалық орталықтың қозғалмалы медициналық кешені бойынша мамандары 4200 адамды тексеруден өткізді. Кезектерді азайту және мамандардың қабылдауларын реттеу мақсатында қаланың амбулаториялы-поликлиникалық мекемелерінің тіркеу бөлімдерінде қосымша телефон нөмірлерін орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп, электронды жазылу, қосымша алдын ала жазылуға арналған терезелер ашылды. Медициналық тіркеушілердің қосымша штаттары, пациенттердің өздерін-өздері жазуы, құжат айналымы мен денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің электронды түрлері енгізілді.

Қазіргі таңда емдеу-алдын алу мекемелері 18 республикалық бағдарлама аясында жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ, алты портал: бекітілген тұрғындар регистрі, қан айналымы жүйесі аурулары, стационарлық аурулардың электронды регистрі және тағы басқалары жұмыс істеуде.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек штаттарына қосымша учаскелік медбикелердің, әлеуметтік қызметкерлердің және психологтардың қабылдануымен учаскелерде әлеуметтік көмек көрсетуді қажет ететін мақсаттық топтарды анықтау бойынша жұмыстар күшейтілген. Қаламыздың медициналық ұйымдары халық арасында, оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша, санитарлық-гигиеналық тәрбие беру, аурулардың алдын алу және зиянды әдеттерді жою бойынша жұмыстар жүргізуде.

Алдағы уақытта алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді ары қарай дамыта түсу, жанбасылық кешенді нормативті енгізудің екінші кезеңін жүзеге асыру, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету деңгейіндегі алдын алу шараларын күшейту арқылы медициналық көмектің қолжетімділігін жетілдіре түсу көзделуде. Медициналық көмектің жалпы денсаулық сақтау жүйесі мен медициналық туризмнің дамуына инновациялық жобаларды енгізу мен озық технологиялар трансферті (Радиологиялық орталық пайдалануға берілгенде Cyclone 18/9 радиофармпрепараты, ПЭТ-КТ зерттеуі, ОФЭКТ-КТ зерттеуі, радиойодтерапия енгізіледі) жалғасын таппақ. Заманауи менеджмент әдістері, мемлекеттік секторда корпоративтік басқару қағидаттары енгізіліп, ұйымдарды ПХВ-ға ауыстыру жүзеге асырылып, мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі дамып, ресурстарды сақтаудың тиімді механизмдері енгізілетін болады.     

Сондай-ақ, алдағы уақытта «Ақпараттық Қазақстан- 2020» бағдарламасы аясында денсаулық сақтау саласының бірың-ғай ақпараттық жүйесінің дамуына көңіл бөлінеді.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының Семей өңірінің ақпараты бойынша   дайындағын

Мирас ҚҰСАЙЫН.

Связанные новости

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

25.05.2026
В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

В столице Казахстана начался прием заявок на участие в международном конкурсе Astana AI Film Festival (AAIFF), посвященном фильмам, созданным с...

Читать далее ...

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

25.05.2026
Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

Astana AI Film Festival открыл прием заявок, и теперь любой креатор может загрузить свой фильм на платформу. Вот ссылка https://aaiff.ai/...

Читать далее ...

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

25.05.2026
Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

Подать работу можно на официальном сайте aaiff.ai К участию приглашают креаторов со всего мира – как индивидуальных авторов, так и...

Читать далее ...

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

25.05.2026
В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

Комитет языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан объявил о проведении республиканского конкурса «Мемлекеттік тіл және БАҚ». Цель...

Читать далее ...

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

25.05.2026
Праздник Курбан айт отметят 27 мая

В этом году священный праздник Курбан айт будет отмечаться с 27 по 29 мая. В связи с этим в регионе...

Читать далее ...

Во время Курбан айта забой скота разрешён только в специально отведённых местах

25.05.2026
Во время Курбан айта забой скота разрешён только в специально отведённых местах

В этом году первый день Курбан айта приходится на 27 мая. В связи с этим в регионе утверждён ряд требований,...

Читать далее ...

Новости

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

11 часов назад

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

11 часов назад

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

11 часов назад

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

12 часов назад

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

20 часов назад

Во время Курбан айта забой скота разрешён только в специально отведённых местах

20 часов назад

При поддержке партии AMANAT в селе Орда открыт амбулаторный пункт

4 дня назад

В области Абай в честь Международного дня музеев прошла акция «Ночь музеев»

4 дня назад

В области Абай откроют новую специальную экономическую зону

4 дня назад

В Семее стартовал областной семинар по этномедиации

4 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС