Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АУДАН БАСШЫСЫ ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН ЖҮЗДЕСУДЕ

23.01.2015
FacebookWhatsappTelegram

Облыс, қала, аудан, кент және ауыл әкімдерінің халықпен жылына екі рет ресми түрде кездесіп, атқарылған жұмыстары жайлы есеп беру туралы Елбасының Жарлығына сәйкес, Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин бірқатар ауылдарды аралап, кезекті есеп беру жиынын өткізді. Жұртшылықпен жүздесуде аудан басшысы есеп берумен қатар, ауыл тұрғындарының ұсыныстарын тыңдап, көкейлеріндегі сансыз сауалға тұшымды жауаптар қайтарды.

{jcomments on}2015 жылдың 14-29 қаңтар аралығында өтеді деп жоспарланған аудан әкімінің және ауылдық округтер әкімдерінің ауыл тұрғындары алдындағы есепті кездесулері Қоңыршәулі, Шолпан, Қарақол, Алтыншоқы, Жаңа тілек, Жоғарғы Егінсу, Егінсу ауылдарынан басталды. Кездесулерде ауыл әкімдері мен аудан әкімі 2014 жылы атқарылған жұмыстар, алда тұрған міндеттер туралы баяндамаларын жасады.

Кездесулерге аудан әкімі Серік Зайнулдинмен бірге аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақтыбай Теңізбайұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрланбек Бөлекбайұлы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Светлана Семенова, жер қатынастары бөлімінің басшысы Дариға Жаркенова, жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Берікқан Абайханұлы, аудандық ІІБ орынбасары Нұрлан Ақашұлы, аудандық білім бөлімі қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Ауылдардың халқымен жүздесу барысында Серік Зинабекұлы әрбір ауыл әкімінің есебін тыңдағаннан кейін өз баяндамасына тоқталып, халықты толғандырған сұрақтарға  толыққанды жауап беруге тырысты.

Есептік баяндамасында аудан басшысы Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын негізге ала отырып, Жаңа Экономикалық Саясаттың  әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену жолындағы ауқымды қадам екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар елді өркендетуге, әр тұрғынның әл-ауқатын жақсартуға негізделген «Мәңгілік Ел» ұлттық иедеясы арқылы еліміздің және әр қазақстандықтың тағдырының жаңа қыры, көрінісі айқындалғандығын да атап өтті.

 

— Жолдау әрбір адамның ертеңгі күніне үлкен сенім ұялатады. Қазақстан 23 жылдың ішінде қоғам өмірінің барлық саласында жаңартуды өте жоғары деңгейде жүргізді. Егемен еліміз алған биіктер мен табыстар ұлт­аралық татулық, өзара келісім мен бірлік­тің арқасында келіп отырғанын жас­тардың ойына сіңіру керектігі туралы пікірі де көптің көңілінен шықты. Бүгін еліміз бағыт ұстап отырған «Мәңгілік Ел» болудың нұр­лы жолында барша қазақ­­­­­стан­дықтар жұмылған жұды­­­­рықтай қимылдап, ортақ Отанымыздың гүлденуі­не үлес қосуы керек деуі де орынды. Болашақ  жастардың қолында екені белгілі. Жолдауда аға буынның қолымен жасалған құндылықтарды көздің қара­шығындай сақтау қажет­тігіне маңыз берілді. Алда атап өтілетін Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан мемлекеттілігінің түпқазығы – Қазақ хандығының 550 жылдығы сияқты мерекелерді қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бағытында ұйымдастыру туралы Мемлекет басшысының ойлары да ұтымды, — дей келе, аудан ахуалына тоқталды.

 

Алдымен ауыл шаруашылығына мән беріп, оның ішінде облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша Жаңа тілек, Үржар, Мақаншы ауылдарынан сүт дайындау пункттері ашылатындығын жеткізді. Өнеркәсіп, құрылыс, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік, бюджет, білім беру, денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, мәдениет, спорт, байланыс салаларына, құқық бұзушылық пен демографиялық жағдайға және 2015 жылға арналған міндеттерге кеңінен тоқталды.

Кездесу барысында жиынға қатысушы ауыл тұрғындары сауалдарын жолдады. Тұрғындар тарапынан жолданған сауалдардың дені ауыз су және жол мәселесі тұрғысында болды. Әр сауалға тұшымды жауап қайтарған Серік Зайнулдин бұл істердің түйіні кезең-кезеңімен, рет-ретімен шешілетіндігін айтты.

Серік Зинабекұлымен кездесу кезінде көпшілік қауым аудан орталығы мен ауылдардың ажарланып келе жатқандығын, тұралап қалған сақалды құрылыстардың азайғандығын, әр істе ілгерілеушіліктің бар екенін айтып, аудан басшысына шексіз алғыстарын жеткізді.

Алғашқы кездесулер барысы осылай өтті. Алдағы уақытта, қаңтардың соңғы күндеріне дейін, аудан басшысы өзге ауылдарды аралап, халықпен кездесуі жалғасатын болады.

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС