Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТӨРТ ТҮЛІКТІ АСЫЛДАНДЫРУ – БАСТЫ МАҚСАТ

23.01.2015
FacebookWhatsappTelegram

Бүгінде Бесқарағай ауданындағы бетке ұстар ірі шаруа қожалығы ретінде Ерназар ауылының тумасы Хабидолла Қабдылұлы Мукинов басшылық ететін «Мукинов» шаруа қожалығын мақтанышпен айтуға болады. Ерназар ауылдық округінің аумағында 2001 жылдың желтоқсан айында құрылған қожалық үлкен еңбектің арқасында осы күні толағай табыстарға қол жеткізіп келеді. Шаруа қожалығының қарамағында 7141,9 гектар ауыл шаруашылығына жарамды жері бар. Шаруашылықта тұрақты түрде 20 адам, сонымен қатар жазғы науқан кезінде қосымша 15 адам маусымдық жұмысқа жұмылдырылатын көрінеді.

{jcomments on}Шаруашылықты жүргізуге қажетті 1 К-700 дөңгелекті, 2 шынжыр табанды, 3 МТЗ-82, 5 МТЗ-80 тракторлары, СК- «Нива» комбайны және шөп шабатын, жинайтын техникалары бар. Ең бастысы, шаруа қожалығы төрт түлік малдың үш түрін – жылқы, ірі қара және қой   өсірумен айналысып, Семей мал-дәрігерлік институтының түлегі, өз кәсібінің шебері ретінде қожалықты құрғаннан бастап малды асылдандыру жұмыстарына барын салып келеді.

Бүгінгі күнде 700 бас жылқысы, 770 бас ірі қарасы, 1200 бас қойы бар аталмыш шаруа қожалығы – толығымен асылтұқымды шаруа қожалығы дәрежесіне ие. Нақтырақ айтқанда, 2010 жылдың ақпан айында «қазақтың жылқысын өсіруші асылтұқымды жылқы шаруашылығы» атағын алса, 2011 жылдың желтоқсан айында «қазақтың жылқысын өсіруші асылтұқымды жылқы зауыты» деген дәрежеге қол жеткізген еді. Қазіргі таңда «Мукинов» шаруа қожалығы аудандық, облыстың, республикалық, халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысып, қожалық басшысы өзін туған жерінің нағыз патриоты ретінде танытуда. Мысалы, 2013 жылдың тамыз айында Абай ауданында бірінші рет өткен облысаралық «Шыңғыстау» жәрмеңкесінде «Мукинов» шаруа қожалығының асылтұқымды қазақтың жылқысы бас бәйгені қанжығаға байлап, көрме чемпионы атанса, өткен жылы сол жәрмеңкеде І орынды жеңіп алды. Айта кету керек, Семей қаласының әкімдігі мен Шәкәрім университетінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысы ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілердің «СемейАгро – 2013» көрмесінде де «Мукинов» шаруа қожалығы 3 бас асылтұқымды қазақтың жылқысын, «Лана» шаруа қожалығы 3 бас асылтұқымды қазақтың ақ бас сиырын, «Қаликанұлы», «Балке» шаруа қожалықтары өздері өндірген сүт және көкөніс өнімдерін ұсынып, диплом, кубокпен, сертификатпен марапатталған болатын. Сондай-ақ, 2009 жылдың шілде айында асылтұқымды қазақтың ақ бас сиырын өсіруші шаруашылық атанып, 2012 жылдың қараша айынан бастап қазақтың ақбас сиыры тұқымының Республикалық Палатасының мүшелігіне енгендігін де ерекше атап өтуге болады.

 

Соңғы уақытда аудан көлемінде мал тұқымын жаңалау жұмысымен 40-тан аса шаруа қожалықтары айналысуда. Шаруашылықтардың қарамағындағы малды асылдандаруға Х.Мукинов үлкен қолдау көрсетіп, септігін тигізуде. Өткен жылы 1 мамыр – халықаралық ынтымақ күні мерекесіне орай, Ерназар ауылында киіз үйлер тігіліп, бәйге, көкпар тарту, қыз қуу, теңге алу, Қазақ күресі сияқты ұлттық ойындардан жарыстар өткізілген болатын. Ұлттық дәстүрімізді дәріптеген үлкен мейрам айрықша аталды. Ерназар ауылдық округінде тұратын барлық ұлт өкілдері өз ұлттық киімдерін киіп, ауданнан, шеттен келген қонақтарға, ауыл тұрғындарына үлкен концерт ұсынған еді. Осы күні өткен барлық іс-шаралардың және жеңімпаздарға берілген сыйлықтардың шығынын «Мукинов» шаруа қожалығының басшысы Х.Мукиновтың бір өзі көтергендігін, желтоқсанда «Мукинов» шаруа қожалығы қазақтың асылтұқымды құйрықты қылшық жүнді қой шаруашылығын дамыту бойынша да асылтұқымды шаруашылық атанғандығын айрықша атап өтуге болады.

 

Бұл — төрт түлік малдың үш түрінен асылтұқымды мал өсіріп отырған аудан, қала берді облыс көлеміндегі бірден-бір шаруашылық екендігінің дәлелі болса керек. Шаруа қожалығының басшысы Хабидолла Қабдылұлы Мукинов — ауданда, округте өтетін іс-шараларға демеушілік танытып қана қоймай, өзі мұрындық болып, жерлестерінің алғыстарына бөленіп жүрген ардақты азамат. Ол Ерназар ауылындағы орта мектепке қолдау көрсетуден аянып қалған емес. Төменгі сыныптағы оқушыларды тегін тамақтандырып, балмен қамтамасыз етіп қана қоймай, одан басқа мектепке күрес кілемін тарту етіп, футбол алаңын жасап, автобус тұратын гараж салу үстінде. Ерназар ауылының кіреберісіне стелла орнатқандығы да белгілі.

Осындай ауыз толтырып айтарлықтай ауқымды істері, еңбектегі жеткен жетістіктері және өз туған еліне, жеріне деген құрметін аудан басшылығы бағалап, марапатқа ұсынып, Хабидолла Қабдылұлы 2013 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Ә. ЗАИТОВА,

Бесқарағай ауданы.

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС