Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕГЕН

23.01.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семей қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметіне сүйенсек, 2015 жылдың 1 қаңтарындағы деректер бойынша еңбек нарығындағы жұмыссыздар саны өткен жылмен салыстырғанда 28,2 пайызға азайған.

{jcomments on}Бүгінде қаламызда жұмыссыздықты жою мақсатында әртүрлі әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Оның ішінде жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыруды көздейтін, республикалық және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын  «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020»  бағдарламасын атап өтуге болады.  Бағдарлама жұмыссыз, әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандарды жұмылдыра отырып,    оларға еңбек ету арқылы тұрмысын түзеуге мүмкіндік береді.

Өткен жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қаланы дамыту бағдарламалары аясында 3870 адам жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар еңбек нарығындағы сұранысқа сай, бәсекеге қа-білетті мамандар дайындау мақсатында кәсіптік оқыту жүзеге асырылуда. 355 жұмыссыз адам электрогазбен дәнекер-леуші, күш желілері және электр жабдықтары бойынша электр монтаждаушы, слесарь, кран машинисі, ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист — машинисі, ағаш өңдеу станогының маманы,  плиташы — қаптаушы, аспаз — кондитер,  шаштараз, тігінші,  аспаз — калькулятор, пісіруші, маникюр шебері, хатшы -референт, автокөліктің электр жабдықтарын жөндейтін электригі,  ЭЕМ операторы және 8.2 нұсқадағы 1С бухгалтері сынды 16 мамандық бойынша кәсіптік оқыту курстарына жолданған.

 

Сондай-ақ, оқу орнын бітірген жас түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесінде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының маңызы зор. Аталмыш бағдарлама арқылы қолдарына енді ғана диплом алған түлектерге алғашқы тәжірибе жинақтауға, мамандықтары бойынша келісімшарт негізінде 6 ай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаға 230 жас маман қатысқан. Олар қаламыздағы және ауылдық округтердегі әртүрлі 103 кәсіпорында  заңгер, экономист, мұғалім, техник-программист, бухгалтер, медбике және өзге де мамандар ретінде жұмыс істеп, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырған. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатысушыларға еңбек кітапшасы ашылып, оларға мемлекеттік бюджеттен айына  31 854 теңге жалақы төленді.

 

Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн «Әлеуметтік жұмыс орны» бағдарламасы бар. Бағдарлама негізінде жұмыс берушілер уақытша жұмыс орындарымен қамтиды. Бұл бағдарламаға нысаналы топтардан 164 жұмыссыз қатысып, қала және ауылдық округтердегі 38 кәсіпорында еңбек еткен. Жұмыс берушiлер олардың еңбегiне  19 966 теңге тағайындап, жұмыссыздар жарты жылға дейінгі уақытта еңбектерін жалғастырған.

Қала және ауылдық округтердегі 112 кәсіпорында ұйымдастырылған қоғамдық жұмыс еңбек нарығындағы жағдайды біршама өзгертті. Оған 1 166 жұмыссыз қатысқан. Орташа айлық жалақы 19 966 теңгені құраған.

Қоғамдық жұмысқа қатысушылар қала және ауылдық округтердің қоғамдық аумақтарын көркейтуге, көгалдандыруға көмектесіп, мұрағаттық құжаттармен жұмыс іс-теуге, іс-қағаздарын жүргізу бойынша жұмысқа көмектесуге және өзге  де жұмыс түріне жұмылдырылған.

Бұл бағдарламалардың барлығы да қаланың еңбек нарығына айтарлықтай өзгеріс енгізді.

2015 жылдың 1 қаңтарындағы деректер бойынша, еңбек нарығындағы жұмыссыздар саны өткен жылмен салыстырғанда 28,2 пайызға азайған.

2015 жылы да Семей қаласында халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздықты жою бағытында мемлекеттік бағдарламалар аясында ауқымды жұмыстар жүргізіледі деп жоспарлануда.

Семей қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ақпараты бойынша

дайындаған

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ.

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

17 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС