Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АРХАНГЕЛЬСКІДЕН ВЕНАҒА ДЕЙІН

23.01.2015
FacebookWhatsappTelegram

«…Сан жылдар өтсе де өзгермейтін жалғыз сезім – Отанға деген сүйіспеншілік, сөнбес рух. Уақытқа тоқтам бар ма? Жеңіс туының желбірегеніне 70 жыл болды. Бейбіт аспан астында бақытты ғұмыр кешудеміз, алайда отты жылдардағы ерлігімізді қайталау керек болса, кеудемдегі жаным шыққанша құшағында өсіп — өнген өлкемді қорғауға әрқашан дайынмын»,- дейді жүз жастағы соғыс ардагері,  Семей қаласының тұрғыны Николай Александрович Верещагин.

{jcomments on}Соғыс оты тұтанған сәтте қолына қару алып, шекара шебіне аттанған әрбір жауынгер, қазіргі ардагерлер Николай Александровичтің ойын толыққанды қолдайтындары анық.

Николай Александрович 1915 жылдың  29 — шы қарашасында Ресейдің Алтай өлкесіндегі Локоть стансасында дүниеге келген. Тұрмыс тауқыметін тартқан бала Николай Семей қаласына келіп, еңбек етуге бел буады. Алайда 15 жасқа толмаған жеткіншекті ешбір жұмыс орны қатарларына қоса қоймайды. Қалада күн көрудің амалын қарастырған жасөспірім су жолы қызметкерлерінің мектебі жұмыс істейтінін естіп, оқушылар қатарына қосылуға өтініш білдірген. Қабылданып, ол мектепті аяқтаған соң Омбыдағы су жолы техникумында білім алады. Техникумды кеме жөндеу технигі мамандығы бойынша тәмамдаған. Осылайша, жас маман жолдамамен Семей қаласындағы кеме зауытына қызметке тұрады. Еңбек жолын жаңадан бас-таған азамат әскерге шақырылып, 1940 жылы Семейден 40 жігіт азаматтық борыштарын өтеуге аттанады. Николай Александрович үшін казармалық өмір Архангельскідегі әуе базасы әскери бөлімінен басталады. Мұнда жүріп сарбаз соғыстың басталғандығы жайлы суық хабарды естиді. Со-ғыстың алғашқы күнінен бастап оған штабта жаңадан қатарға қосылған жас сарбаздарды тіркеумен айналысу жауапкершілігі жүктеледі. Суық ха-барға байланысты Архангельск әскери округінің генерал — лейтенанты Качаловтың басшылығымен жедел түрде 28-ші армия құрылып, сарбаздардың барлығы Батыстағы майдан шебіне аттанды.

 

Өткен күнді есіне алған ардагер: «Сол сәтті еске алудың өзі ауыр. Бауыр еті баласын анасы, құшағына жас сәбиін құшқан әйелдер азаматын қимастықпен майданға шығарып салып жатты. Ол көріністі көріп, соғыс басталған кезде үйде емес, әскер қатарында жүргеніме қуандым. Жақындарыңмен қоштасу қиынның — қиыны»,- дейді.

 

Николай ақсақал ұрыс даласындағы отты жылдар жайлы жанарына жас ала отырып  баяндады. Айтуынша, сарбаздар әр фронтқа бөлінгенде, Николай Александрович 1941 жылы Смоленск қаласының түбіне кіші сержант лауазымымен әскердің іс-қағаздарын жүргізуге бөлінген. 1943 жылы Смоленск қаласы немістерден азат етілген соң,  жеке құрам гвардия атағын алып, 2-ші  Украин майданына ойысады. Әрмен қарай Молдованы, Румынияны, Венгрияны, содан соң Чехословакия мен Авст-рияны  азат етуге қатысады.  Кейіпкеріміз қалаларды азат ету барысында сержант шенінен аға лейтенант дәрежесіне көтеріледі. Жеңісті ақсақал  Австрияның астанасы Венада қарсы алған.

—  Бір күні түнде автоматтан толассыз оқ атылды. Алғашында жау жағадан алып жатыр ма деген қауіппен екі өкпемді қолыма алып штабқа жүгірдім. Кезекшінің  «Аға лейтенант жолдас, соғыс аяқталды!» деген сөзін естіген мені, жалпы гвардияны шексіз қуаныш сезімі кернеді. Бұл 1945 жылдың 9 мамыры еді,- деген ардагер қуанышты сәттегі көңіл-күйлерін баяндады. Бірақ Николай Александрович құрамында болған гвардия үшін бұл — соғыстың соңы емес екен…

— 9 мамыр күні таңғы сағат  8 — 9-дар шамасында тағы да дабыл қағылды. Сөйтсек, Чехословакияның астанасы Прага маңында немістер берілмей жатыр екен. Бес күн бойы олармен егесіп, ақыры жаудың бетін қайтардық. Біз үшін Жеңіс күні 1945 жылдың 13 мамыры болды,- деді ардагер Жеңіске жеткендіктерін қуанышпен жеткізген күйі жүзі арайланып.

Соғыс ардагері майдандағы ерлігі мен өз жұмысына жауапкершілігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Мәскеуді азат еткені үшін», «Будапешті азат еткені үшін», «Венаны азат еткені үшін», «Соғыста Германияны жеңгендігі үшін» сынды медальдармен марапатталған.

Жеңіс туы желбіреген соң, гвардия тарап кетпей, жұмысын жалғастырған. 1946 жылы Николай Александровичке гвардия капитаны шені беріледі. Сонымен қатар елде қалған жанұясын жанына шақыруға мүмкіндік жасалады. Осылайша, Николай Александрович жары мен ұлын көшіріп әкеліп, 1947 жылы бұл отбасы Татьяна есімді қыз бала сүйеді. Балалары бауырында, жұмысы бірізділікке түскен жағдай орын алса да, азаматтың жүрегі елді аңсады. Осылайша, 1948 жылы Семей қаласына оралып, Жоғары Ертіс бассейніне Жоғары Ертіс өзен пароходы еңбек және еңбекақы басқармасының бастығы болып бейбіт күнде еңбекке араласып, соғыстан кейінгі өндірісті өркендетуге өз үлесін қосып, осы мекемеден құрметті демалысына шыққан. Зейнеткерлікке шыққан соң, жас ұрпаққа өнеге болсын деп, Николай Александрович өмірде түйгендерін, қатарластарының ерлігін қағаз бетіне түсіріп, екі кітап қылып жарыққа шығарған.

Қазіргі таңда ғасыр жасына толғалы отырған ардагер әлі де болса қоғамнан қол үзбеген. Қала тынысы жайлы ойымен бөлісіп, ұсыныс — тілектерін де білдірді. «Екі кітаптан кейін көлемді мақала жазып жатырмын. Басылымдарыңыз арқылы қалың оқырманды Жеңістің 70 жылдығымен құттықтаймын»,- деген Николай Александрович  еліміздегі тыныштық пен тұрақтылықты  ерекеше бағалайтынын жеткізді.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

17 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС