Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ МҮБӘРАК БОЛСЫН!

23.01.2015
FacebookWhatsappTelegram

Мәуліт – Алла тағаланың ең сүйікті пендесі, хазіреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келген айына атау етіп қойылғандықтан,  барша мұсылман қауым Мәулітті құрмет тұтады, барлық жерде Мәуліт қағидасы, өлеңдері оқылып, расулуллаһ еске алынады.  Имандылық үйлерінде Құран Кәрімнен сүрелер оқылып, хадистер тыңдалады, уағыздар айтылады.

{jcomments on}Жексенбі күні  Семей қалалық мәдениет сарайында қаламыздың мұсылман жамағаты Алла Тағаланың барша адамзатқа жіберген соңғы пайғамбары, адамзаттың ардақтысы, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) дүниеге келген күні — Мәуліт мейрамын кеңінен атап өтті. Бұл күні мәдениет сара-йында өткен маңызды мерекеге қала жұртшылығы молынан жиналды.

Еліміздің тұтастығы мен халықтың бірлігі үшін дұға жасалған қасиетті мерекені Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының Семей өңірі бойынша өкіл имамы Мақсат қажы Алтыбай ашты. Ал кешке арнайы қатысқан қала әкімі Айбек Кәрімов жерлестерімізді күллі мұсылман қауымының ұлық мерекесімен құттықтады. Айбек Мүталапханұлы еліміздің ауызбіршілігін сақтап, адами құндылықтарымызды насихаттауда, жастарымызды рухани тұрғыдан түлетуде Ислам дінінің алатын орны зор екенін атап өтті.

Мерекелік кеш барысында Пайғамбарымыздың хадистерінен үзінділер оқылып, мысал әңгімелер айтылды. Әрбір мұсылманды зиялылық пен тектілік, адалдық пен адамгершілікке шақыратын уағыздар тыңдалды. Мереке  барысында мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетсе, «Дариға-ай» жастар театры әртістерінің тағылымға толы қойылымы ұсынылды.

— Мәуліт — мұсылман үмметі үшін мерейлі ғажап мереке. Сүйікті Пайғамбарымыздың өмірбаяны, асыл дінімізді адамдардың жүрегіне жеткізудегі даналығы, қажыр-қайраты — күллі мұсылман үшін өмірлік өнеге. Мәуліт мерекесі мұсылмандардың бір-біріне деген бауырмалдылығын, құрметін, сүйіспеншілігін арттырады. Бауырмалдылық, бірлік, имандылық болмаған жерде өсіп-өркендеу де болмайды. Оны төңірегімізде болып жатқан түрлі оқиғалардан көріп, біліп отырмыз. Бірлігіміз бекем болсын, осындай мұсылман қауымын ізгілікке шақыратын Мәуліт мерекесі құтты болсын, — деген Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов мерекенің мазмұнын байытып, мәнін аша түскен қаламыздың өнерпаздарына зор ризашылығын білдірді.

 

Ғибрат пен өсиетке толы кеш барысында «Дариға-ай» жастар театры өнерпаздарының көрініс ретінде қойған ғибратты оқиғалары көрермен көңіліне үлкен ой салып, ерекше әсерге бөледі. Ал Семей қаласы мешіттері имамдарының айтқан Мәуліт салауаттары мен мадақтары жиналған жұрттың жүрегіне жол тапты. Қалалық мәдениет үйі әртістері айтқан діни әндері, термелері, ұлтымыздың патриоттық әндері мерекенің әрін кіргізіп, жиналған көрермендерді қуанышқа бөледі.

 

Игі шара соңында ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша өкіл имамы Мақсат қажы Алтыбай мерекені өткізуге үнемі қолдау көрсетіп, өз үлесін қосып жүрген қала әкімі Айбек Мүталапханұлын, сонымен қатар  «Дариға-ай» театрын, «Ислам Нұры» газетінің редакторы Дәулет қажы Тілеубердиевті, дініміздің насихатталуына қалам тербеп, әртүрлі мақалаларын мерзімді баспасөз бетінде жариялап жүрген Меруерт Мұхамадиеваны, қалаға қарасты Бұйғылы елдімекенінің имамы, тоғыз баланың әкесі Тоқтар Майқыұлын Алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар өкіл имам дініміздің жанашыры болып, қолдау білдірген қала, аудан имамдарына және бірқатар кәсіпкер азаматтарға шынайы ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді. Осылайша, қаламызда өткен Мәуліт мерекесі талай жүрекке жылу, көңілге иман, рухани азық сыйлады.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

17 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС