Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ КОДЕКСКЕ ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕР

23.01.2015
FacebookWhatsappTelegram

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 2001 жылдың 30 қаңтарынан бері қолданылып келді. Бұл Кодекске осы уақытқа дейін талай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

{jcomments on}Бүгінгі күннің талабына байланысты. Осы уақытқа дейін кездескен олқылықтар ескеріліп, құқықтық құрылымдарға деген азаматтардың сенімін арттыру. Қазақстанның құқықтық жүйесін халықаралық деңгеймен теңестіру мақсатында Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы негізінде жаңа Әкімшілік Кодекс қабылданды.

Жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодкес 2015 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Кодекстің жаңа нұсқасы 920 бап, 53 тараудан құралған, ал ескі Кодекс 733 бап, 44 тарауды қамтыған. Осыдан-ақ біз жаңа құжатта ауқымды өзгерістер болғанын байқаймыз.

 

Өзгерістер тек тараулар мен баптардың санында ғана емес, ондағы құқық бұзушылықтың сала-сала бойынша жіктеліп және кез келген құқық бұзушылық бойынша әкімшілік істің рәсімделуі мен істің қаралу барысы барынша оңтайландырылғандығында.

 

Жалпы, Кодекске енген өзгерістерді заман талабы деп түсінген жөн.

Ескі Кодекс пен жаңа Кодекстің айырмашылықтарына келетін болсақ, ескі Кодекс бойынша заң талаптарына сай, еңбек және еңбекті қорғауға байланысты заңнамаларына қатысты барлық заң бұзушылықтарға әкімшілік айыппұл салынып келді. Ал жаңа Кодекс бойынша жекеленген заң бұзушылықтарға ғана айыппұл салу көзделіп отыр. Яғни ҚР Еңбек Кодексінде көрсетілген көптеген заң бұзушылықтарға ескерту жасау қарастырылған.

Қандай жағдайларда айыппұл салынады десек, атап айтқанда еңбек келісімі шарттарынсыз жұмысқа тарту, еңбек ақы төлеу талаптарын бұзу, еңбек демалысын бермеу, жұмыс уақытын заңсыз ұзарту, қайғылы оқиғаларды анықтамау, жасыру, тағы басқалар.

Кодекс, ең алдымен, азаматтардың жауаптылығын арттыру құндылығын көрсетуде. Өз кінәсін мойындап, айыбын төлеген жандарға көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Әсіресе айыппұлды 7 күннің ішінде төлеген жағдайда, азаматтар белгіленген соманың – айыппұлдың 50 пайызын ғана төлеуге мүмкіндік алады.

Кодексте әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органдардың құзіреттері қайта қаралған. Айыппұл түріндегі әкімшілік жаза көзделген баптар уәкілетті мемлекеттік органдардың қарауына берілген.

Ескі Кодекспен қаралатын кейбір әкімшілік жауапкершілік бойынша баптар алынып тасталған, олар Қылмыстық Кодекске енгізілген. Әкімшілік құқық бұзушылықтың жекеленген құрамдарының 80-нен астам бабы қылмыстық шалыс басу ретінде сарапталынып, оның 44- бабы және 13- баптың кейбір бөлімдері Қылмыстық Кодекске қылмыстық шалыс басу деп енгізілген.

Жаңа Кодексте, жалпы әкімшілік ескерту жазасының аумағы кеңейтілген, шағын кәсіпкерлік субъектілері мен жеке тұлғалар үшін айыппұл көлемі азайтылған, әкімшілік қамауға алудың ең ұзақ мерзімін 30 тәулікке дейін, айрықша және төтенше жағдайлар режимінде 45 тәулікке дейін қысқарту көзделген.

Мәселен, бұрын, кәсіпкерлердің қанша көлемде зиян келтіргеніне қарамастан, салынатын айыппұл көлемі бірдей болатын. Жаңа жоба осы олқылықтарды еске алып, кәсіпкерлердің жасаған құқық бұзушылық әрекетіне, келтірген зиянына қарай айыппұл көлемі реттелген. Яғни айыппұл шағын кәсіпкерлік субъектілерге 1000-нан 750 айлық есептік көрсеткішке азайтылған.

Кодексте қасақана жеңіл жарақат түсіру, ұрып-соғу, жол-көлік ережесін бұзу кезінде дене жарақатын келтіру дерегі бойынша істі қарау көрсетілмеген, енді мұндай жауапкершілік Қылмыстық Кодекспен қаралады. Сонымен қатар бұрын автокөлік басқару құқығынан айырылған адамдар мас күйінде автокөлікті қайта басқарса, бұл да Қылмыстық Кодекс арқылы қылмыстық шалыс басу деп қаралады.

Жаңа Кодекстің 44-ші тарауы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның, лауазымды адамдардың әрекеттеріне, әрекетсіздіктеріне шағым жасауды қарастырған. Бұл тарау бойынша органдардың, лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне шағым беруге мүмкіндік берілген.

Жаңа Кодексте ескі қолданыстағы Кодекстегі 67, 68, 71-баптарындағы нормалар қарастырылмаған. Яғни бұрынғыдай іс-әрекетіне өкінгендігін білдіруге байланысты, құқық бұзушылық елеусіз болған жағдайда, жағдайдың өзгеруіне, науқастығына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босату қарастырылмаған.

Алайда жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жағдайда, судья, орган, лауазымды адамдар өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жеке тұлғаға салынатын әкімшілік айыппұл сомасын 30 пайызға дейін қысқартуға құқылы.

Жеңілдіктің мән-жайлары жаңа Кодекстің 56-бабында белгіленген, бұлар өз іс-әрекетіне өкініш білдіру, өз еркімен келген залалдың орнын толтыру, келген зиянды жою, тағы басқалар.

Жаңа Кодексте Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу деп жаңа 42-ші тарау қарастырылған. Мұның мақсаты — құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, салынған айыппұл мөлшерімен келісіп, айыппұл сомасының 50 пайызын жеті тәулік ішінде төлесе, іс қаралды деп есептеледі, соттылығы болды деген белгілер болмайды.

Жаңа Кодексте жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша заңды күшіне енген қаулыларды қайта қарау мүмкіндігі қарастырылған.

Қорыта келгенде, жаңа қолданысқа енген Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылқ туралы Кодексі сот жұмыстарын, уәкілетті орган, лауазымды адамдардың жұмыстарын жандандыруға, төреліктің сапасын арттыруға әсерін тигізері анық екені белгілі.

Басқа да өзгерістерді болашақта ақпараттардан құлағдар ететін боламыз.

Аманбай АЛДИЯРОВ,

Семей қаласының

мамандандырылған әкімшілік сотының

судьясы.

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

17 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС