Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА

23.01.2015
FacebookWhatsappTelegram

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаһандық экономикалық дағдарысты еңсеріп, дамуының басты шарттары ретінде орта және шағын бизнесті дамытуды атап өтті. Бұл орайда Мемлекет басшысы Үкіметке бірқатар нақты тапсырмалар жүктеп, бірнеше мақсат — міндетті айқындап көрсетті. «Шағын және орта бизнесті экономикалық өсімнің драйвері ретінде дамыту және оның үлесін 2050 жылға қарай ІЖӨ-нің 50 пайызына ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырған жөн»,- деген еді Елбасы өз Жолдауында.

{jcomments on}Семей қаласы үшін шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық өсімнің басым бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекеттің қолдауы мен жергілікті атқарушы биліктің белсенді жұмыс істеуінің нәтижесінде қазіргі таңда кәсіпкерлікті енді бастап келе жатқандар үшін де, осы уақытқа дейін бизнеспен айналысып жүргендерге де кәсіптерінің өркендеуі үшін жақсы жағдай жасалған. Бүгінде қаламыздағы тіркелген шағын және орта бизнес кәсіпорындарының (заңды тұлғалардың) саны           3 763-ті құрайды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,7 пайызға артық (3686). Олардың ішінде белсенді жұмыс істейтіндері – 1067, немесе 2013 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 102 пайызға артық. 

 

Тіркелген кәсіпорындардың негізгі бөлігі қызметтің ең қолжетімді түрі – сауда жасаумен айналысады (41,3 пайыз), құрылыс саласында жұмыс істейтіндері 15,6 пайыз, жылжымайтын мүлікпен операциялар жүргізу, жалға берумен және тұтынушыларға қызмет көрсетумен 4,7 пайыз кәсіп-орындар айналысса, өңдеуші өндіріс кәсіпорындарының саны 10,7 пайызды құрап отыр.

 

Шағын және орта бизнес субъектілерінен қала бюджетіне салық төлемінің түсім көлемі өткен жылдың он айында 4,8 миллион теңгені (оның ішінде шағын бизнес субъектілерінен – 3,03 миллион теңге) немесе салық төлемдерінің жалпы көлемінің 49,1 пайызын құрады. Осының өзі — кәсіпкерліктің, соның ішінде шағын бизнестің, экономиканың қозғалтқыш күштерінің бірі болып табылатынының дәлелі.

Өткен жылдың он бір айының ішінде шағын және орта бизнес кәсіпорындарында 2 260 жұмыс орны ашылып, бұл тараптағы көрсеткіштің өсімі 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 122,2 пайызды құрады. Осындай жетістіктердің арқасында мыңдаған семейліктер еңбек етуде.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыра бастағалы бері, 89 жоба бойынша жалпы сомасы 13,2 миллиард теңге бөлініп, субсидиялар көлемі 940,8 миллион теңгені құрады. Соның ішінде 2014 жылдың басынан 36 жобаға жалпы 1665,1 миллион теңге бөлініп, субсидиялар көлемі 116,6 миллион теңгені құрады. Бағдарламаның «Жаңа бастамаларды қолдау» бағыты бойынша жалпы құны 6,5 миллиард теңгені құрайтын 76 жоба, оның ішінде кәсіпкерлер тарапынан инфрақұрылымды жетілдіру бойынша жиыны 199,3 миллион теңге тұратын төрт жоба жүзеге асырылды. «Кәсіпкерлік секторын сауықтыру» бағыты бойынша жалпы сомасы 4,0 миллиард теңгені құрайтын 6 жоба іске асырылды. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлердің валюталық қауіптерін төмендету» деп аталатын үшінші бағыты бойынша үш жоба жүзеге асырылды. Бұл мақсатта бөлінген несие көлемі 2,7 миллиард теңгені құрады.

Бағдарламаның «Кәсіпкерлікпен айналысуға     ниетті азаматтар мен ісін жаңа бастап келе жатқан кәсіпкерлерге («Бизнес-кеңесші» жобасы), кәсіпкерлікпен бұрыннан айналысып келе жатқандарға («Топ-менеджментті оқыту», «Іскерлік байланыстар» жобалары) тегін оқу мүмкіндігін беру қарастырылған қаржылай емес көмек көрсету бағдарламалары арқылы кәсіпкерлік әлеуетті нығайту» деп аталатын бағыты бойынша 705 кәсіпкер оқу оқыды.

2014 жылдың басынан бері жалпы сомасы 1665,5 миллион теңгені құрайтын 36 жоба жүзеге асырылып, соның ішінде бағдарламаның бірінші бағыты бойынша жалпы құны 1505,1 миллион теңгені, субсидиялар көлемі 105,3 миллион теңгені құрайтын 35 жоба,  бағдарламаның үшінші бағыты бойынша құны 160,0 миллион теңгені, субсидия көлемі 11,2 миллион теңгені құрайтын 1 жоба жүзеге асырылды.

Бағдарлама қатысушыларының санын арттыру мақсатында қала әкімшілігі тарапынан «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау тетіктері жайлы ақпарат беруге арнал-ған түсіндірме жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.

Кәсіпкерлік бөлімінің мәліметі бойынша, елеулі нәтижеге қол жеткізгеніне қарамастан, жергілікті атқарушы билік бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беруді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда тың жобалары мен бизнес — идеялары бар кәсіпкерлерді «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сондай-ақ, 2014 жылдың сәуір айынан бастап өңдеуші өндіріс саласын қолдау және дамыту мақсатында «Даму Өндіріс – ІІ» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Аталмыш бағдарлама аясында жалпы құны 1069,1 миллион теңгені құрайтын 23 жоба жүзеге асырылды. «Даму Өндіріс – ІІ» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде қала кәсіпорындарында 28 жаңа жұмыс орны ашылды.

Семей қаласы кәсіпкерлік бөлімінің

ақпараты негізінде әзірлеген

Мирас ҚҰСАЙЫН.

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

17 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС