Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АҢШЫ МАЙДАНГЕР

24.01.2015
FacebookWhatsappTelegram

Соғыстың соңғы соқпағынан да сүрінбей өтіп, оқ пен оттың ортасынан аман оралып, бейбіт өмірдегі ел экономикасының, шаруашылығының өркендеуіне үлес қосқан ардагерлеріміздің еселі еңбегі әрқашан да бағалы.  Әлбетте, олардың есімдері елге ардақты. Қолына қару алған қай майдангер болсын тар жол тайғақ кешуден өтті. Отанға деген  шексіз махаббатын дәлелдей білді. Биыл әлемді қара түнекке ораған соғыстың да соңғы оғы атылып, Жеңіс туы тігілгеніне 70 жыл толады. Осыдан жетпіс жыл бұрын бейбіт өмір таңы қайта арайлап атты.

{jcomments on}Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында соғысқа қа-тысқан Семей қаласының тұрғыны, 91 жастағы майдангер Виктор Александрович Соколовпен сыр шертудің сәті түсті. Виктор Соколов немістердің “Тигр”, “Пантера” сияқты танктеріне қарсы тұрған кеңестік аты аңызға айналған  “Т-34” танкісімен  жауға қарсы тұрған.

Виктор Соколов 1923 жылы дүниеге келген. Қолына қару алып майдан даласына аттанғанда, жасы жиырмаға енді жеткен кезі еді. Кейіпкеріміздің жанұясы Оралдан Семейге сол сұрапыл жылдар басталар шақта көшіп келген. Әкесі өмірінің соңына дейін теміржол саласында қызмет атқарған. Ардагер — отбасында төрт   аға-йындының ішіндегі ең кенжесі. Соғыс басталған алғашқы күндері әскерден енді оралған үлкен ағасы Иван майданға қайта аттанады. Ұрыстардың бірінде ол партизандар қатарына қосылып, жараланады. Мәскеу түбіндегі әскери госпитальдан жазылып шығып, қайта жауға қарсы тұруға аттанып, кейін еш хабарсыз жоғалып кеткен. Екінші ағасы Федор Соколов НКВД-ның әскери барлау қызметінде болып, соғысты Германия жерінде майор әскери шенімен аяқтаған. Танк жүргізушісі болған тағы бір ағасы, Николай, соғыста ауыр жараланып, Семейге қайтып оралады. Соколовтар отбасында қан майданға аттанбай қалған тек әкелері ғана болған екен. Ол сол кездегі маңызды нысандардың бірі саналатын теміржолда күн -түн демей қызмет жасады. Ал үйдің кенжесі Виктор Соколов әскер қатарына 1943 жылдың күзінде шақырылады және 125-ші ат-қыштар полкіне түседі. Майданға аттанар алдында жаңа қабылданған сарбаздар Семейге жақын жерде әскери оқу-жаттығудан өтеді. Онда ол станокты «Максим» пулеметінен атуға машықтанады.

 

1944 жылдың мамыр айының басында оқу — жаттығудан өткен сарбаздар эшелонмен майданға жіберіледі. Көп ұзамай алғашқы ұрыстар да басталған. Майдангердің жадында жатталып қалған сол жылдар әлі де көмескіленбеген.

 

— Менімен келген сарбаздардың көбі бір оқ атып үлгерместен қаза болды. Кескілескен ұрыстар ауыр өтіп, таңға дейін жаумен шайқасамыз. Таң атысымен шабуылды қайта жал-ғастырамыз.  Кейбір аудандарды азат етуде партизандар көмектесіп отырды, — деген В.Соколов, —  Белоруссияда партизандар қатарында 300-ден астам адам болды. Олардың дені егде тартқан үлкен адамдар, әйелдер мен балалар еді. Міне, Отанға деген сүйіспеншілік жасы мен кәрісіне қарамай қолға қару алғызды, — дейді ардагер.

Майдан жолында Виктор Александрович  жау жағына өтіп кеткендермен де күрес жүргізеді. Осындай шайқастың бірінде ол ауыр жараланады.

— Қатты ұрыстың бірінде жау жағына шыққандар бізді Батыс Двина өзеніне қарай қыспаққа алды. Жарақат ал-ғандар көп еді. Сол сәтте командиріміз коммунистерге саптан шығуға бұйрық берді. Бірнеше адам шықты. Олар бізді өзеннен өткізу үшін жауға қарсы тұрып, өз өмірлерін қиды, — деп есіне алады Виктор Соколов. – Өзеннен өткен кезде де көптеген жауынгерлер оққа ұшып, қаза болды. Маған өзеннің арғы бетіне жеткенде оқ тиді. Оң қолыма тиген қорғасын сүйегімді зақымдап тесіп өте шықты. Ал менің майдангер досым Михаил Кремневке оқ тура жүрегіне қадалды.

Осы ұрыста онсыз да жараланған Виктор Александровичке миномет снарядының ұшқыны тиіп, ішін және екі аяғын бірдей зақымдайды. Салдарынан ол бірнеше айға госпитальға жіберіледі. Қатты жараланған оның оң қолын әскери дәрігерлер аман алып қалады. Кейін жазылып шыққан ардагер қайта қатарға қосылады. Танк мектебін аяқтаған ол жауға қарсы тұруға Германия жеріне жіберіледі. Бұл барлық жерде жаумен кескілескен ұрыстар жүріп жат-қан шақ еді. Жауынгер Виктор бұл жолы 259-шы танк бригадасы құрамында Балтық теңізі аумағын жаудан азат етуге қатысады. Бірде Соколов отырған танк минаға түсіп, экипаж мүшелері кішкене бойлы оған техникадан бірінші шығуды бұйырады.

— Аласа бойлы болсам да, люктен шығу оңай болған жоқ. Әдетте жау автоматшылары мен мергендері минаға түсіп қалған танкіні бірден нысанаға алады. Сондықтан танкистер ұшқыштар секілді госпитальға жиі түсе бермейтін, — дейді ардагер.

Сыртқа әрең шыққан Виктор Александрович жерге бірден секіріп кетеді, сол сәтте «Т-34» танкісінің жанар-жағармай багына оқ тиеді. Сол сәтте танк ішінде болғандардың барлығы тірідей жанып кеткен. Жақын маңдағы тасаға тығылған сержант Соколов жауға қарсы оқ атуға кіріседі. Көп ұзамай көмек келіп, жау әскері орманға қарай шегінген екен.

Германияда жауды жеңгеннен кейін, құрамында Виктор Соколов бар танк бригадасы Қиыр Шығысқа – Кувантун әскерімен соғысуға жіберіледі. Соғыс ардагерінің айтуынша, Кеңес әскерінің келуі жапондықтарға күтпеген жағдай болды.

— Жапондармен соғыста кеңес барлаушылары жау шебін б  ұзып, ерен ерлік көрсетті. Олар Жапон әскері басшысының дауысын келтіріп, жалған команда берді және өз іштерінде түсініспеушілік туындатты. Осыны пайдалан-ған біздің танк бригадасы қарсылас шебінің 25 шақырымына дейін кіріп кетіп, жауды састырды, — деп, есіне алады сол жылдарды ардагер.

Тағдырдың жазуымен ардагер бүгінде жақын туыстарынсыз жалғыз өзі ғұмыр кешуде. Алайда өзінің өмірге деген құлшынысы ардагерді еш мұқалтқан емес. Керісінше, өмірлік тәжірибесі кейінгі жастарға үлгі болып жүр. Виктор Александровичтің ең сүйікті айналысатын ісі — балық аулау.  Осы жасқа келсе де, бұл кәсібін әлі де тастаған емес. Тіпті аңшылықтың қыр –сырын кәсіби түрде меңгерген. Майдангер, өзінің есептеуі бойынша, 236 түз тағысын қолға түсірген екен.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

15 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС