Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АЛЫПҚАШПА ӘҢГІМЕНІҢ АНЫҒЫ

27.01.2015
FacebookWhatsappTelegram

Соңғы уақытта БАҚ өкілдері арасында арланмен алысқан Аманхан, оң жақ ұртының    6 сантиметрі қасқырдың аузында кеткен Озат сынды азаматтардың басынан өткен оқиға қызу әңгіме болуда. Болған жайды бұрмалау, болмағанды болғандай етіп көрсету, қисынға келетіні бар, келмейтіні бар қилы пікір, түрлі топшылаулар ел арасында қаулап  кеткені де шындық.

{jcomments on}Жалпы, оқиғаның желісін қос азаматтың өз ауызынан есту мақсатында Аягөз орталық ауруханасына барып, Амиров Аманхан Байқадиұлы мен Қырықпаев Озат Кәрімұлымен сұхбаттасудың сәті түсті.

Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылдық округіне қа-расты Желдіқара елдімекені, жаңарған жылдың 13 қаңтары күні шамамен таңғы сағат 4-ке 15 минут қалған уақытта Қырықпаев Озат Кәрімұлы қорадағы малды бақылау үшін сыртқа беттейді. Сыртқы есікті аша бергенде, 2-3 метр жерде итке ұқсаған бірдеңе қылаң беріп, көзіне ұшырайды. Табалдырық маңындағы Озаттың «кет шық» деуі сол — ақ екен, ол есікке қарсы ытқып кеп бетінен бас салады. Жалма- жан ытқыған қасқырды кеуде-сінен итеріп, есікті жауып үлгереді. Оң жақ бетінің жартысын қасқырдың аузына беріп, жүгіріп ішке енген беті елдімекен фельдшеріне қоңырау шалып, болған жайды баяндайды.

 

Шамамен сүтпісірім уақыттан кейін Озаттың үйіне көрші тұратын Амиров Аманхан Байқади-ұлына жары: «Сыртқа шығып келейік, әрі желіндеп тұрған сиыр туып қалма ма, соны байқай салайық»,- деп қолқа салады. Басына жарық бергіш фонарын киіп, Аманхан да жарын ертіп тысқа шығады. Үйден біраз шыққан соң Аманхан қора-жайға бармай тұрып әйелін үйге кіргізіп тастайын деп, жары кеткен жаққа жақындау барып, қарап тұрады. Осы сәтте басына киіп алған фонардың жарығымен әйелі жаққа құйрығын бұлғаңдатып  итке ұқсаған бірдеңенің жақындап қалғанын бай-қайды. Аңшылықпен айналысқан азамат жақындап қалған ит емес, қасқыр екенін біліп, әйелі жаққа қарай секіріп барып, мойнынан құшақтап ала алыса кетеді. Қасқырдың аузына басына киіп алған темір фонарь түсіп, оны быт-шытын шығарып, шайнап сындырады. Мойнын сығымдай қысқан Аманханның қолы сәл босаған сәтте, оның сұқ саусағының жартысы қасқырдың аузында шайналып кетеді. Өлім мен өмірдің арасындағы ай-қаста Аманхан қасқырды алып соғып, екі тізесімен басып алады. Батырға да жан керек. Мойнын сығымдап, қылғындырған үстіне қылғындыра береді. Дауыс салып итін көмекке шақырады. Иесінің үнін естіген тазы күшігі жақын келгенімен, қасқыр-ға батпай, арлан мен азаматты айналып шәуілдеп үре береді. Осы сәтте әйеліне: «Үйге кіріп пышақ алып шық!» — деп айқайлайды. Пышақты ұстап жеткен әйеліне: «Қасқырдың өкпе тұсына пышақты қада»,- дейді. Алғашқы талпынғанда пышақ кірмей қалады. Келесіде екінші рет салғанда, қасқырдың қолтық тұсынан қадалады. Осы сәтте қасқырдың да басы босап, оң жақ саннан қауып үлгереді. Жанталасқан Аманхан әйеліне «ары кет» деп, бір тізесімен пышақты итеріп ары қарай кіргізеді. Бір қолын босатып, пышақты қайта алып, қабырғасын бойлай бар күшімен соға, нығырлай қайта салып, төсінен бірақ шығарып, қасқырдың ішек- қарнын ақтарып тастайды.

 

Түзде жүріп малға шабатын, қораға түсетін қас-қырдың адамға шапқанынан сескенген Аманхан құтырған болмасын деген ойдан секем алып, үйге кіріп, жараларын марганцовканы суға қою етіп езіп сүртіп, бір пенициллинді бір кесе жылы суға ара-ластырып ішіп, алғашқы жәрдем жеткенше, өз білгенінше қам-қарекет жасайды.

Болған жайды еске алып отырған Аманхан аңшылықпен айналысқан уақыттан бері тазы иттерін салып 21 қасқыр алғанын, 22-шісін жалаң қолмен алғанын айтады.

— Көрер жарығым бар екен, тірі қалдым. Алғаным 2 жасар шамасындағы арлан екен. Мұның алдында аңға шыққанда соғып алған қасқырларды үйге алып кеп терісін сыпырғанда талай көріп жүргеннен соң, қасқырға көңілі қатып, көзі үйреніп қалған болар, әйелім де сасқалақтамай айтқандарымды бұлжытпай орындады. Қасқырдың тісіне түсіп қан жоса болып, кейіннен домбығып ісіп қозғалмай қалған қолдарым да икемге кеп қалды. Дәрігерлердің мұқият қарап, жасаған емдерінің нәтижесі ғой, саусақтарым да қимылдайды, — дейді аңшы Аманхан.

Аманханды әкесінің ағасы Бай-ғали атасы аңшылық пен саятшылыққа баулып өсіріпті. Атаның осындай тағылымын алған Аманхан арланның азуынан аман қалды. Айтпақшы, абыр-сабыр басылып, таңға жуық мал қораға барған Аманханның үйіндегі отанасы қораның есігін ашқанда, осыған дейін аңға ауызданып, қасқыр алып жүрген тазы иттің дәл сол күні қорада қамалып қалғанын көреді. Түндегі иесінің дауысына елеңдеп, көмекке баруға ұмтылған ит тас берік есікті аша алмай, тісімен қажап тастағанын байқайды.  Ит сыртта болғанда, Аман-ханға бір көмегі болар еді.

Өмірде кейде түрлі сәйкестікке кез болып жатамыз. Дәл осы Мыңбұлақты мекен еткен Еңбек Ері Қайрақбай Ақбаевтың 1970 жылдар шамасында аюмен алысқан аңызға бергісіз оқиға да осы өңірде өткен.

Аягөз орталық ауруханасының бас дәрігері Шалқар Жүнісұлы екі азаматтың денсаулығы да қалыпты екенін айтады. Олар белгілі тәртіпке сәйкес, емдерін қабылдап, екпелерін уақтылы алуда.

— Ауруханадан шыққаннан кейін де дәрігердің бақылауында болып, екпелерін қайталап алатын болады. Ал Аманхан алған арлан сараптамаға жіберілген. Жақын уақытта нәтижесі де келіп қалады. Озат Қырықпаевтың оң жақ ұртының 6 сантиметрі қасқырдың аузында кеткен. Озаттың бетін әзір тікпейміз, уақыт өте келе, ол өзі ақырындап біте бастағанда тігетін боламыз, — дейді бас дәрігер.

Жалаң қолмен арланды алу —  “жілікті жігіт, менмін” деген мықты азаматтың ғана қолынан келетін ерлік. Иттен именетін мына тұста қас-қырға қарсы шапқан Аманханды қалай мақтасақ та жарасады.

Ермек ДАЙЫРБАЕВ,

Аягөз ауданы.

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

15 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС