Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

МАҚСАТ – ХАЛЫҚ ТҰРМЫСЫН ЖАҚСАРТУ

27.01.2015
FacebookWhatsappTelegram

Өткен аптада Абай ауданының  Медеу, Саржал, Тоқтамыс, Кеңгірбай би,  Көкбай, Құндызды, Архат және Қасқабұлақ сынды ауылдық округтерінде аудан әкімі және ауыл әкімдерінің жұртшылыққа жыл сайынғы есеп беру жиналыстары болып өтті. Нақтырақ айтсақ, қаңтар айының 23 жұлдызында аудан әкімі Т. Мүсәпірбеков пен Қарауыл ауылдық округінің әкімі Қ. Берлешовтің  халыққа есеп беру басқосуы жылдағыдан өзгеше түрде бірге болып өтті.

{jcomments on}Аудандық мәдениет үйінде өткен келелі есеп беру жиналысына аудан  халқымен қатар, мекеме басшылары, қызметкерлер, жұмысшылар қатысты. Жиынды аудандық мәслихаттың хатшысы Төлеубек Аманғазы жүргізіп, төрағалық жасап отырды. Соңғы ста-тистикалық деректерге сүйенсек, облысымыздағы әлеуметтік-экономикалық өсім деңгейі бойынша Абай ауданы көшбасшылардың қатарында. Бұл — аудан хал-қы үшін айтулы, қуаныш. Ілкімді істер мен желкенді жетістіктер, әрине, бас-аяғы үш жылдың ішінде ауданымыздың әлеуетінің артуына бар күш-жігерін жұмсаған аудан әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбековтың бастамасының, ерен еңбегі мен қажыр-қайратының арқасында еңсерілді.

 

Халыққа есеп беру жиынында алдымен Қарауыл ауылдық округінің әкімі Құсман Берлешов өз есебімен таныстырды. Ауыл әкімінің сөзіне сүйенсек, жылқы жылы ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктермен аяқталған. Барлық тапсырмалар мен жоспарлар бо-йынша тиісті жұмыстар атқарылған. Ауыл дамуындағы негізгі көрсеткіштер алдыңғы жылдармен салыстырғанда едәуір өскен. Аудан орталығы болып саналатын ауылдың ажары артып, көркейе  түскен.

 

Келесі кезекте аудан әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбеков сөз алып, жиналған қауымға өзінің кең көлемді есебін ұсынды.Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2015 жылға арнаған Қазақстан халқына  жолдаған «Нұрлы жол —  болашаққа бастар жол» атты жолдауынан туындайтын 7 бағыттың бірі көлік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту жайын айтып,  ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша қол жеткен жетістіктері жайында ақпар беріп,  көптеген мәселелерді қамтыған есебімен та-ныстырды.

— Төскейінде төрт түлік малы өрбіген өңірімізде өткен жылы мал басы өсіп,  мал өнімдерін өндіру дұрыс жолға қойылды. Осындай жұмыстардың оң нәтижесінде ауданда қой мен ешкі 334 164 басқа, ірі қара  48 871 басқа, жылқы малы 28 277 басқа жетіп отыр. Болашақта өндірілген қымызды  тиімді тәсілдер бойынша сатуға қол жеткіземіз. Бұл ретте Татарстан республикасының қымыз сатудағы озық өнегесі бізге үлгі болмақ,- деп атап өтті өз сөзінде Тұрсынғазы Жантұяқұлы.

Жиында аудан әкімі ауыл шаруашылығын дамыту бағыты төңірегінде, “Ақбұлақ”, “Сыбаға”, “Жайлау” бағдарламаларының орындалу барысы жайлы, субси-дияларды игеру, денсаулық сақтау, білім, спорт, жұмыспен қамту, тірек ауылдарды дамыту, қылмысты тізгіндеу мәселелері жайлы баяндап, қол жеткен толағай табыстарды да көпшілік назарына ұсынып, өз ойын слайд арқылы сабақтап отырды. Болашақтың еншісіндегі бірқатар жоспарларды да ортаға салды. Сондай-ақ, Қазақ хандығының 550 жылдығы, ұлы Абайдың 170 жылдығы, Қазақстан халықтары ассамблеясының 20 жылдығы, ұлы Жеңістің 70 жылдық торқалы тойлары аудан көлемінде өткізілетін барлық қоғамдық-      саяси, мәдени іс — шаралардың негізгі арқауы болмақ. Ел тарихының ең бір айтулы  мерейтойларын лайықты деңгейде атап өту елдігімізге сын болатындығын баса айтты аудан әкімі.

Мәнді өрбіген кездесуде М. Түңлікбаев, М. Мұқанов, Н. Бұланбаевалар жарыссөзге шығып, өнердің өркендеуі, спорттың дамуы және жергілікті майдангерлер туралы кітап шығатындығы жайлы  айтты. Қарауыл ауылының тұрғындары Ш.Несіпбай, М.Магденов,               Д. Жолдыбайқызы аудан басшысына өз өтініш-тілектерін жолдады. Жиын соңында аудан әкімі                                   Т. Мүсәпірбеков қойылған сауалдар мен жолданған өтініш-тілектердің барлығына жауап қайтарып, түйткілді мәселелердің назарда болатындығын айтты.

Бұлбұл ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

14 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС