Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН ЖҮЗДЕСУДЕ

27.01.2015
FacebookWhatsappTelegram

Барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру кездесуі өтуде. Биылғы жылы Бесқарағай ауданы бойынша есеп беру  жиынын алғашқы болып Ерназар ауылдық округінің әкімі Р.Заденов бастады. Бүгінде ауданға қарасты тоғыз ауылдық округте есеп беру кездесулері сәтті аяқталды. Ауыл және аудан көлемінде біршама өзекті мәселелер көтеріліп, талқыға салынып, шешімін табуда. Аудан әкімі Нұрлан Сыдықов әр ауылдық округте өткен есептік кездесулерінде жұртшылыққа өткен жылы Бесқарағай ауданында атқарылған жұмыстар жайлы, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебін баяндап, 2015 жылға арналған жоспарларымен де таныстырды. Кездесулер барысында ауыл тұрғындары ауқымды мәселелерді көтеріп қана қоймай, өз ұсыныстары мен ескертулерін де айтуларына мүмкіндік алды.

{jcomments on}Есептік жиындарда көбіне бұған дейінгі өткен кездесулерде көтерілген көшелердегі жарық шамдарының қуатының төмендігі, ұялы телефон байланысын жақсарту, қыс уақытында жолдарды тазарту жұмыстарының әлсіздігі, интернет желісінің ауданға қарасты 12 ауылда жұмыс жасамайтындығы сынды әлеуметтік мәселелер сөз болды. Аталған проблемалар көп ұзамай жо-йылмақ. Себебі күн санап халықтың сұранысы артуда, әрі ақпарат заманында көштен қалмау үшін жергілікті билік өкілдері барынша әрекет жасауда. Сонымен қатар есеп барысында ағымдағы жылы жол жүру ережесіне қатысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайлы мәлімет берілді. Есепті тыңдап болған соң тұрғындар көкейлерінде жүрген сауалдарына нақты жауаптар алып, аудан әкімі мен ауылдық округтер әкім-дерінің есептеріне оң бағаларын берді.

 

Өзгеше өткен есептік кездесулерде алдымен ауылдық округ әкімінің ауыл тұрғындары алдындағы баяндамасы тыңдалып, содан кейін бірден аудан әкімі Нұрлан Сыдықовтың есебі қатар жүргізілді. Халықты сан қайтара жинамай, уақыт үнемдеу мақсатында әр деңгейдегі әкімдердің бір уақытта есеп берулерін халық бірден құптады. Аудан басшысының толыққанды баяндамасын ұйып тыңдаған халық ауылдық округтерде, аудан көлемінде атқарылған жұмыстардан хабардар болып, Нұрлан Бәтташұлының жұмысын жоғары бағалап, жылы лебіздерін де білдірді. Ауданда қарқынды түрде іске асырылып жатқан «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы аясында жаңа нысандар бой көтеріп, жаңа жұмыс көздерінің ашыл-ғандығы, ауыз су мәселесінің шешімін тапқандығы, ауданда 21 құрылыс нысанының тіркелгені және биылғы жылдың еншісіне берілген Башкуль, Мостик ауылдарындағы мектептердің құрылысы мен дене шынықтыру- сауықтыру кешенінің құрылысын тәмамдау, ауылдарды абаттандыру, жарықтандыру, жолдарды қалыпқа келтіру, биылғы жылы тойланатын 5 ірі мерейтойларға дайындық жүргізу сынды жайттар да сөз болды.

 

Өткен жылы облыс басшысының қолдауымен ауданға үлкен қаражат қарастырылып, өңірге қарасты қалалар мен аудандардың көмегімен де біршама ауқымды істердің атқарылғандығына халық куә. Аудандағы әрбір игі істің басы-қасынан табылған аудан әкімінің жұмысына халық дән риза. Бұған есептік кездесулер барысында айтылған халықтың оң көзқарастары мен берген бағалары да дәлел болмақ. Есептік кездесулер соңында ауданның тыныс-тіршілігіне етене араласып, әлеуметік-экономикалық дамуына өзіндік үлес қосқан азаматтар мен азаматшалар аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясына мүше болған бесқарағайлықтарға партия билеттері де табысталды.

Әсел ҚАСЫМҒОЖИНА,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

14 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС