Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

МАЙДАН ШЕБІНДЕГІ ЖЕТІ ЖЫЛ

28.01.2015
FacebookWhatsappTelegram

Сұрапыл соғыс әр отбасыға үлкен қайғы-қасірет әкелгені сөзсіз. Сол қиын жылдары майдан даласындағы әр сарбаздың Жеңістің жақындай түсуіне қосқан өзіндік үлесі бар. Бүгінде соғыс ардагері Тұяқбай Алпысов — фашистермен кескілескен шайқасты, қан майданды өз көзімен көріп, елге аман-есен оралған сарбаздардың бірі. Тоқсан бестің төріне шыққан майдангердің шаңырағында болып, өнегелі өмірінің естеліктеріне қанығып қайтқан едік. Ардагер өзінің майдан даласындағы көргендері туралы тебірене әңгімелеп берді.

{jcomments on}Тұяқбай Алпысовың кіндік қаны там-ған жер – Павлодар облысының Баянауыл ауданы екен. Жастайынан еңбекке ерте араласқан ол әке-шешесінің қолқанаты болған. Оның үстіне 1930-шы жылдарға тап келген ашаршылық азабы да бозбаланы ерте есейткен. Аштық жылдарындағы қиыншылыққа мойымай, ауыр сынақтың бәріне төзе білген Тұяқбай Алпысов, соғыс басталғанда, еш тайсалмастан майданға аттануға сұранады.

 

1939 жылы Баянауыл аудандық әскери комиссариатында әскер қатарына алынған ол алдымен КСРО мен Финляндия арасында болған соғысқа аттанады. Мәскеу түбіндегі Иваново қаласындағы авиациялық полкке түседі. Онда үш ай болып, Грузия жеріне ауыстырылады. Әскери жүргізуші курсынан өтіп, соғыс бастал-ғанда, 1941 жылдың аяғында, майданға аттанады. Майдангер соғыс басталған жылы 3-ші Украина фронтында болған. Одан кейінгі жылдарда Румыния, Болгария, Чехословакия, Венгрия жерлерін  жаудан азат етуге қатысады.

 

— Фашистер шегінеді, біз соққы беріп, арттарынан жүре бердік. Соғыс аяқталар тұста жау жеріне жақын Вена қаласына жеттік. Германияға екі жүз шақырым қалғанда соғыс аяқталды, — деп, әңгімесін жалғастырған ардагер маршал Георгий Жуковтың басқаруымен Чехословакия мен Венгрия жерінде жаумен болған кескілескен ұрыстарды есіне алды. – Неміс басқыншыларымен қарама-қарсы келіп ұрыстық. Осындай екі рет болған шайқасқа қатыстым. Фашистермен Чехословакия жерінде бетпе-бет келдік. Бұл ұрыстар өте ауыр жағдайда өтті. Жаумен үш ай бойы болған шайқаста, екі жақтан да шығын көп болды. Алғашқысында немістер, екіншісінде біз жеңдік. Осы шешуші ұрыстардан кейін жеңіс орын алды.

Майдангер прожекторлық рота қатарында да болып, жау ұшақтарына қарсы тұрған екен.

— Арнайы рота прожектор сәулелері арқылы жарық түсірген кезде, артиллерия дұрыс қимылдауы керек. Осылайша жаудың авиабомба тастауына жол берілмейді, — деп әңгімелейді Тұяқбай Алпысов. — түн ішінде бұйрық бойынша белгілі аумаққа барамыз. Прожекторды дайындап, окоп қазамыз. Прожектор машинадан 500 метр қашықтықта тұруы керек. Ұшақ жылдамдығы мен биіктігі айтылып, бұйрық беріледі. Неміс ұшақтары қоймаларды, госпиталь мен әскери бөлімдерді бомбалауға келгенде, біз жарық түсіріп, оларға мүмкіндік бермейміз. Ұшқыштардың жарықтан көздері көрмей, кері қайтуларына тура келеді, — дейді тағы бір сөзінде.

Жеті жыл Отан үшін күрескен ардагер елге тек 1946 жылы оралады. Семей қаласына көшіп келген жігіт ағасы «Мереке» базарына жұмысқа орналасып, түрлі қызметтерді атқарады. Осы қалада жүргенде жары Қатима Шәкерқызымен танысып, отбасын құрған. Өнегелі отбасы 7 балаға өмір жарығын сыйлап, тәрбиелеп өсірген. Айта кету керек, үшінші балаларына киелі шаһардың құрметіне Семейбай деген есімді қойыпты. Балаларының барлығы жоғары оқу орындарында білім алған. Бүгінде олар еліміздің әр өңірінде түрлі сала бойынша қызмет етуде. Ұл-қыздарынан 20 немере, 37 шөбере сүйіп отырған Тұяқбай ата ұлағатты ұрпағының қызық-қуанышына кенелуде. Біраз жыл бұрын өмірлік қосағы бақилық бол-ған екен. Қазіргі таңда ұлы Семейбай мен келіні Гүлмира әке алдындағы перзенттік парыздарын орындап, ақсақалға қамқорлық көрсетіп отыр.

— Ел Президенті майдангерлерге көңіл бөліп, құрметтеп отыр. Қой үстіне боз-торғай жұмыртқалаған бейбіт заманға жететін ештеңе жоқ, соның қадірін білейік. Елімізде соғыс болмасын, жастар біз көрген қиындықтарды көрмесін, — деген тілегін білдірді ардагер сөз соңында.

Тұяқбай Алпысовтың жастық шағындағы еңбегі мен ерлігі де елеусіз қалмаған екен. «Қызыл жұлдыз» ордені, «Украинаны азат еткені үшін» медалі, «Ұлы Отан соғысы» ордені, «Астананың 10 жылдығы» сияқты медальдармен марапатталған қазыналы қарияның өмірі ұлағатты ұрпағына, бүгінгі жастарға үлгі-өнеге екені анық.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

13 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС