Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

“СЕМЕЙ СЕРПІЛІП КӨП” дейді еңбек ардагері

28.01.2015
FacebookWhatsappTelegram

Қаланың қадірменді ақсақалы, еңбек ардагері Серік Төлеуғалиев таяуда редакциямызға келіп, қала әкімінің атқарып жатқан жұмысына деген өзінің разылығын басылым арқылы халыққа жеткізгісі келетінін айтып, газет бетінде жариялауды сұраған еді. Семейдің тыныс-тіршілігіне немқұрайлы қарамайтын қарияның ойын бүгін еш өзгеріссіз оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

{jcomments on}Семей – еліміздің мәдени және рухани орталығы болуымен қатар, өндірісі өркендеген, шағын және орта бизнесі дамығын, әлеуметтің әлеуеті артқан қала. Шаһардың географиялық жағынан да еліміз үшін саяси салмағы бар. Біріншіден, Азияны Еуропамен байланыстырған Ұлы Жібек жолындағы басты бекет. Екіншіден, қазақ халқының ғұлама тұлғаларын туғызған киелі жер. Үшіншіден, еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен алғашқы зиялылар осы қаланы мекен еткен.

Егеменді еліміздің алғашқы жылдарындағы экономикадағы ауыртпалықтар аумақтық басқаруды ірілендіруді қажет еткендіктен, Семей Шығыс Қазақстан облысының құрамына кірді. Өтпелі кезеңдердің  алғашқы жылдарындағы қиыншылықтар да артта қалып, міне, Елбасының салиқалы саясаты нұрлы жолға бастап келеді. Менің айтпағым, сол жылдары қалада Бас жоспардың болмауы, әрі қаптаған құрылыс нысандарын әркім қалауынша салуы шаһардың көркін өрескел бұзып жіберді.

2011 жылы Семей қаласындағы тозығы жеткен жылу жүйелері істен шығып, шыны керек, сақылдаған сары аязда халықтың абдырап қалғаны бар. Осындай тұста Семей қаласына басқару саласында мол тәжірибесі бар Айбек Кәрімов әкім болып тағайындалды. Бірнеше ауданның дамуына үлес қосқан білікті басшы ретінде Айбек Мүталапханұлына семейліктер үмітпен қарады. Өйткені бұл жерге қаланың да, даланың да тынысын жақсы түсінетін басшы керек еді. Бұлай дейтініміз, қаладан 300 шақырым шал-ғайдағы Абыралы өңірі, солтүстік — шығыс жағында 50-60 шақырымдағы Жаңасемей ауданының елдімекендері Семей қаласының құрамына енгізілген еді. Ауылдағы ағайынмен қоса алғанда 350 мың халқы бар Семей қаласының әлеуметтік мәселелерін шешу, халықтың сұранысын қамтамасыз ету басшыға үлкен жауапкершілік жүктейді.

Қала әкімі алғашқы күннен бастап стратегиялық маңызы бар мәселелерді анықтау үшін, оларды шешу жолында халықпен жиі қауышып, өзінің ойлары мен жоспарларын талқыға салып, тұрғындар ұсыныстары мен тілектерін тікелей басшылыққа ала отырып, халыққа қызмет етіп келеді. Міне, Айбек Мүталапханұлының әкім болып тағйындалғанына да жуырда төрт жыл болыпты. Осы төрт жылда әр тарапта тындырымды істер атқарылды.

 

Қала басшысының бастамасымен шаһардың 2025 жылға дейінгі сәулеттік құрылысының Бас жоспары және Семей өңірінің экономикалық дамуының үш жылдық болжамдық моделінің жасалуы ұтымды қадам болды. Жұртшылық аталған бағдарламаларды талқылауға ерекше белсенділікпен араласып, қаланың көріктенуіне және шарықтап өсуіне қызығушылықпен қарайтындарын байқатты. Әрбір мемлекеттік қызметкердің біліктілік шеберліктерін үнемі жаңғыртып отыру, мемлекеттік қызметкерлерді ұғынықты да мәдениетті қызмет көрсетуге бейімдеу және жоспарланған шаралардың мұқият орындалуына талдау жасау мақсатында айына екі рет аппараттық оқу және берілген тапсырмалардың орындалуын сараптау кеңесін өткізудің тұрақты жұмыс кестелерін жасады. Сонымен қатар атқарылған жұмыстарды халыққа жеткізу жолында көгілдір экран арқылы халықпен жиі жүздесіп, көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап беріп отырды. Үнемі халықтың ортасында болып, түрлі кездесулердің нәтижесінде көптеген мәселелер өз шешімін тапты. Әкімдіктің жанындағы қоғамдық кеңестің отырысында шешім қабылдамас бұрын үнемі ойларын ортаға салған қауымға басымдық береді. Айбек Мүталапханұлы атқарылған істердің нәтижесі бойынша ақпарат беріп, алдағы уақыттарда халықтың әлеуметтік және тұрмыстық талаптарын қанағаттандыруға жұмсалатын бюджеттік қаражатты арттырудың негізгі көзі аграрлық кәсіптерді жандандырып, сол негізде тамақ өнеркәсібі бизнесін қалыптастыру қажеттігін жұртшылықтың назарына салды. Бұл бағыттағы бастамалары өз нәтижесін берді. Жылына 50-ден астам ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, шаруашылықтар өнімін делдалсыз сатуға арналған орындар мен дүкендер ашылды.

 

Қала әкімі Семей қаласындағы кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамытуға, осы бағыттағы кәсіптік мамандықтарды меңгеруге бейімдеуге көп көңіл бөлді. Нәтижесінде Семей өңірінің шағын және орта бизнесті, жеке кәсіпкерлікті дамытуда республика көлемінде алдыңғы бестіктің қатарына ілінді. ҚР Үкіметінің тапсырмасымен Семейде кәсіпкерлікті қолдау және инвесторларға қызмет көрсету мақсатында «Атамекен» Одағы Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының бөлімшесі, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды.

Соңғы жылдары Семей табыстың барлық көздері бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізді. Құрылыс жұмыстарының көлемі және тұрғын үйлерді пайдалануға беру, жеке кәсіпкерлермен әріптестік негізде балабақша салу бойынша алдыңғы көрсеткішке жетуде. Ауылшаруашылығы саласында тұқымдарды асылдандыру кең бағыт алуда. «Приречный», «Мұздыбай» шаруа қожалықтары картоп тұқымын асылдандыру арқылы мол өнім алып отыр. Бұлардың асылдандырылған картоп тұқымын пайдаланған Шығыс Қазақстанның 17 шаруа қожалығы сапалы өнім алуға мүмкіндік алды. 2014 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджеттің табысы 13 млрд. теңге екен. 2010 жылы 7 млрд. теңге болғанын ескерсек, экономикалық көрсеткіш екі есеге дейін артып отыр. Әлеуметтанушы ғалымдардың жасаған сараптамалары негізінде Семей өңірінің тұрғындары әкімнің әлеумет саласын дамытып, көркейтудегі дәйекті істерін толық қанағаттанарлық деп қабылдапты. Соңғы төрт жылдық мерзімде қаланың экономикасы өрледі, әлеуметтік әлеуеті артты. Күрделі жөндеуден өткен орталық алаң мен Түйемойнақ аралы аса әдемі, көз тартарлық саябаққа және саяси іс-шараларды өткізетін көрнекі де көрікті орынға айналды. Спорттық инфрақұрылымдар да жаңғырудың, жаңарудың жолында. Бұқаралық спорттың және кәсіби спорт түрлерінің жандануына және осы саланың материалдық-техникалық базасының жаңғыруына сүбелі үлес қосып, нағыз жанашыры екендігін көрсетті.  Биыл Азияның апайтөстері жиналған Азия чемпионатын да абыроймен өткердік.

Айбек Мүталапханұлы халықпен жүздесулерінде алдағы жылдарда аграрлық және жеңіл өнеркәсіп салаларын жандандырып, технологиялық жағынан жаңғыртылған, қазіргі талаптарға сай сапалы өнімдер шығаратын деңгейге жеткізу және  Түйемойнақ аралын туристік және спорттық сауықтыру орталығына айналдыру, тұрғын үй құрылысы істеріне әлі де басымдылық берілетінін айтып отырады.

Семей өңірінің шырайын енгізген, қоғамның әрбір құбылысын ақылға салып қарайтын Айбек Кәрімовтің атқар-ған игілікті істерін реті келгенде айта кетуді өзімнің ағалық парызым деп түсінемін.

Серік ТӨЛЕУҒАЛИЕВ,

еңбек ардагері.

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

12 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС