Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕЛЕРГЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖОҒАРЫ

30.01.2015
FacebookWhatsappTelegram

Елбасымыз Н.Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауында Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Абайдың 170 жылдығы, ҚР Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы және Жеңістің 70 жылдығын 2015 жылы кең көлемде тойланатын мерекелер екендігін атап өткен болатын. Соған орай сәрсенбі күні Семей қалалық ақпарат орталығында биылғы жылы аталып өтілетін мерейлі мерекелердің жоспарына байланысты баспасөз мәслихаты өтті.

{jcomments on}Баспасөз мәслихатына қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Берік Көпбаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев, қалалық Достық үйінің директоры Аманғазы Тілеубаев, Ф.М.Достоевский театрының директоры Яков Горельников және БАҚ өкілдері қатысты.

 

Мерейлі мерекелерді кең көлемде атап өту үшін қала әкімдігі арнайы әзірленген жоспарды бекіткен. Жоспар аясында өткізілетін іс-шаралар жиынның өзегі болды. Алғашқы сөз кезегін алған Достық үйінің директоры Аманғазы Тілеубаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толуын тойлауға семейліктердің қосатын үлесі жайлы әңгіме өрбітті:

 

— Елбасы Жарлығымен  бұл мерекені тойлауға байланысты мәре республика көлемінде 6 ақпан күні ресми түрде басталады. Осыған орай қалалық Достық үйінде салтанатты жиын ұйымдастырылады. Сонымен қатар жыл бойы шаһарымыздағы барлық мемлекеттік мекемелерде, кәсіпорындарда, білім ошақтарында жиыны 50 шара өтеді деп жоспарлап отырмыз. Шаралар ұйымдастырылуы жағынан әртүрлі болғанымен, мақсат жалғыз – достық пен бейбітшілікті, тұрақтылықты және «Мәңгілік ел» идеясын  насихаттау,- деді Аманғазы Тілеубаев.   Мерекені белсенді түрде тойлаумен қатар, Достық үйінің ұжымы жиырма жылдыққа орай этномәдени орталықтардың тарихы мен ерекшеліктерінен сыр шертетін кітап шығаруды мақсат етіп отыр екен. Қаладағы шаралармен қоса, ұжым қала маңындағы ауылдарды автокеруенмен аралап, халықтар достығының нығаюына атсалыспақ.

Тақырыпты жалғаған Берік Көпбайұлы қала әкімінің басшылығымен қалалық бюджеттен қаржы бөлу арқылы Достық үйінің ғимараты мен айналасы көркейтіліп, 170 жылдығы тойланатын Абай ескерткіші мен соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіштер жаңартылып, ескерткіштер маңы көгалдандырылатынын айтты.

Мерейлі мезеттерді атап өтуде Абай  театры шығармашылық жаңалықтарымен сүбелі үлес қоспақ.

— Абай театры мен Достоевский атындағы театр және «Дариға-ай» жастар театрлары  барлық мерекелерге арнайы спектакльдер әзірлемек. Айта кетерлігі, үш ұжымның бірігіп шығармашылық әрекет етуі жаңалық болып отыр. Аталмыш ұжымдар Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай 8 ақпанда жерлесіміз, Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың пьесасы желісімен әзірленген Шоқан Уәлиханов пен Потанин, Достоевский кездесуіне, достығына арналған қойылымды қырғыз режиссерінің жетекшілігімен қоймақ. Сонымен қатар  Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына да ерекше дайындық жасаудамыз. Мұхтар Әуезовтің «Абай» пьесасын сахналауға дайындық жүріп жатыр. Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Жеңістің 70 жылдығы да назардан тыс қалған жоқ,- дейді Яков Горельников.

Айта кетерлігі, өткен жылы түсірілген «Құнанбай» фильмінің тұсаукесері хакім Абайдың туған күніне орайластырылмақ. Сондай-ақ, Ұлы ақынның 170 жылдық мерейтойына арналып Абай оқулары мен жыр мүшәйралары, ақындар айтысы сияқты, жалпы, қала бойынша 300-ге жуық шара ұйымдастырылмақ.

Өз кезегінде қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов Жеңісті жақындату жолында ерен ерлік көрсеткен ардагерлер жайлы айтып өтті. Амантай Айтмұрза-ұлының сөзіне сүйенсек, Семейде 112 ардагер бар екен. Оның 104-і қалада, ал 8-і қала маңындағы ауылды жерлерде тұратын көрінеді. Амантай Доғалақовтың айтуынша, әрбір ардагердің үйіне барып, әлеуметтік қызметкерлер көмек көрсетсе, жуырда ғана пайдалануға берілген оңалту орталығында майдангерлерге медициналық жәрдем жасалуда. Ерлікке қандай құрмет көрсетілсе де, жарасымды екені анық. Өткен жылдың соңында ғана Елбасының әрбір ардагерге арнайы жолдаған жаңажылдық құттықтау хаты майдангерлерді бір серпілтіп тастағаны анық. Ардагерлерге деген құрмет әлі де жалғасын таппақ. Республикалық және қалалық бюджеттен бір реттік материалдық көмек көрсетіліп, мерекелік медальдар да табысталатынын айтады ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Ал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев Жеңіс күнінде жылдағыдай шеру ұйымдастырылатынын атап өтті. Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылып, Жеңіс үшін жанын берген азаматтарды еске алып, «Өлімді жеңген полк» шеруі өтпек. Сонымен қатар Жеңістің 70 жылдығына орай өзге де тың жаңалықтар орын алмақ. Сондай-ақ, ардагерлердің бірі Мәскеуде, тағы бірі Астана қаласында Жеңіс күні ұйымдастырылатын шеруге қатысады. Сонымен қатар Айдар  Серікқазыұлы ҚР Конституциясының 20 жылдығын мерекелеуге бағытталған шараларды да атап өтті. Жалпы, жоғарыда аталған атаулы күндерді мерекелеу барысында алдағы уақытта шаһарда қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық жиындар мен конференциялар, өзге де түрлі іс-шаралар өткізілмек. Жыл бойы мерекелерге байланысты ұйымдастырылған шаралар Тәуелсіздік күніне орай қорытындыланып, мерейлі мерекелердің өтуіне зор үлес қосқан белсенді азаматтар марапатталады деп жоспарлануда.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

26.05.2026
Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

Глава государства подписал законы о внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан «О государственной службе», а также в ряд...

Читать далее ...

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

25.05.2026
В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

В столице Казахстана начался прием заявок на участие в международном конкурсе Astana AI Film Festival (AAIFF), посвященном фильмам, созданным с...

Читать далее ...

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

25.05.2026
Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

Astana AI Film Festival открыл прием заявок, и теперь любой креатор может загрузить свой фильм на платформу. Вот ссылка https://aaiff.ai/...

Читать далее ...

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

25.05.2026
Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

Подать работу можно на официальном сайте aaiff.ai К участию приглашают креаторов со всего мира – как индивидуальных авторов, так и...

Читать далее ...

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

25.05.2026
В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

Комитет языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан объявил о проведении республиканского конкурса «Мемлекеттік тіл және БАҚ». Цель...

Читать далее ...

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

25.05.2026
Праздник Курбан айт отметят 27 мая

В этом году священный праздник Курбан айт будет отмечаться с 27 по 29 мая. В связи с этим в регионе...

Читать далее ...

Новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

5 часов назад

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

22 часа назад

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

22 часа назад

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

22 часа назад

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

22 часа назад

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

1 день назад

Во время Курбан айта забой скота разрешён только в специально отведённых местах

1 день назад

При поддержке партии AMANAT в селе Орда открыт амбулаторный пункт

5 дней назад

В области Абай в честь Международного дня музеев прошла акция «Ночь музеев»

5 дней назад

В области Абай откроют новую специальную экономическую зону

5 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС