Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ШЫҒАРМАЛАР ЖИНАҒЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

30.01.2015
FacebookWhatsappTelegram

Жақында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Сләмұлы Еспенбетовтің «Алтай – Ертіс» кітапханасы сериясымен жарық көрген 2 томдық шығармалар жинағының тұсауы кесілді. Тұсаукесерге Арап Еспенбетовтің әріптестері, жоғары оқу орындарынан келген ғалымдар мен шәкірттері қатысты.

{jcomments on}Шарада Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Шәріпбек Әмірбеков сөз алып, қазақ әдебиетінің дамуына елеулі еңбегі сіңген Арап   Еспенбетовтің «Алтай – Ертіс» кітапханасы сериясымен шығармалар жинағының жарық көргенін айтты.

— Өздеріңіз білесіздер, «Алтай – Ертіс» кітапханасы сериясымен облыстың танымал азаматтарының шығармалар жинағын шығару дәстүрі қалыптасқан. Жыл сайын ғалымдар мен жазушылардың еңбектері облыстық әкімшіліктің қолдауымен шығарылып отырады. Биыл осы сериямен белгілі ғалым Арап Сләмұлының қос томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Арап Еспенбетов  ұзақ жылдар бойы С.Торайғыров шығармашылығын зерттеген. Бұған қоса, қаламыздағы жоғары оқу орындарында қызмет ете отырып, үлкен әдебиеттану мектебін құра білді. 19 ғылым кандидиттары мен екі ғылым докторын тәрбиелеп шығарды. Әрине, бұл- үлкен еңбек. Әдебиеттану саласындағы үлкен бір бағытты Арап Сләмұлы өзінің шәкірттерімен бірге зерттеп, оның дамуына өз үлесін қосуда, — деді Ш.Әмірбеков.

 

Белгілі ғалым, ұлағатты ұстаз Арап Сләмұлының ғылыми қызметкерлерге, аспиранттар мен магистранттарға, мектеп мұғалімдері мен студенттерге және әдебиетсүйер қалың оқырманға жол тартқан кітабының бірінші томы  қазақтың екі үлкен ақыны Ш.Құдайбердіұлы мен С.Торайғыровтың мұрасына арналған. Екі бөлімнен тұратын монографияның бірінші бөліміне шәкәрімтану ғылымының бүгіні мен болашағы, Шәкәрім мен Сұлтанмахмұт арасындағы рухани байланыс, Шәкәрімнің беймәлім болып келген көсемсөздері зерделеніп, «Шәкәрім» тұлғалық энциклопедиясына арнайы жазылған мақалалары берілген. Шығармалар жинағының екінші бөлімінде  С.Торайғыровтың өмір жолы, шығармашылығы жан-жақты қарастырылған. Ақын поэзиясының көркемдік әлемі сараланып, проза жанрын қалыптастырудағы орны айқындалып, поэмалары мен көсемсөздері талданған. Бұған қоса Сұлтанмахмұт Торайғыровтың нақыл сөздері енген. Ал кітаптың екінші томына абайтану, алаш кезеңі әдебиетіне қатысты зерттеу еңбектері, ел мен жер тағдырына, қайраткерлер өміріне арналған мақалалары енгізілген. Шығармалар жинағының алғы сөзін жазған филология ғылымдарының докторы, профессор    Б.Ердембеков еңбектің тарих пен тіл өнерін бағалар қауым үшін үлкен қуаныш екенін атап көрсетеді.

 

«Алтай – Ертіс» кітапханасы – елдегі әдебиет саласының алғашқы көлемді өңірлік жобасы. Кітап  шығысқазақстандық ғылым, білім, мәдениет қайраткерлерінің рухани мұрасын өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатында қолға алынған. Топтама қазақ әдебиетінің кемеңгері, Ұлы Абайдың шығармалар жинағымен бастау алып, «Алтай – Ертіс» кітапханасының бірінші топтамасына Ш.Әбенов, С.Қас-қабасов, Қ.Ысқақов, Қ.Жұмаділов, Н.Айтұлы, Ш.Бейсенова, К.Юсупов, Ә.Асқаров, Т.Жұртбай,      С.Оразалы сынды қаламгерлердің шығармалары да енген.

Жиынға қатысқан зиялы қауым өкілдері Арап Сләмұлы шығармашылығына табыс тіледі.

— Әдебиеттің екі тұлғасын терең зерттеу тек қана еңбекқор, терең білімді Шәкәрім мен Сұлтанмахмұт болмыстарын байланыстыра зерттей алатын, адами құбылыстарды терең ұғына алатын зерттеуші ғалымның қолынан ғана келеді. Табиғатынан зерек, әдеби талдаудың шебері Арап Сләмұлына Абай, Мұхтар, Шәкәрім туып-өскен киелі топырақ нәр берсе, оның ғалым болып қалыптасуына Алаш арыстарын зерттеуші, насихаттаушы М.Жолдасбеков, М.Мағауин, Р.Нұрғалиев сынды үлкен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерін дайындаған Бейсенбай Кенжебаевтың да зор еңбегі бар екенін біз анық білеміз. «Әлемдегі терең сыр ғалыммен ғана ашылады», — деп, Сұлтанмахмұт айтпақшы, әдебиеттің қос тұлғасының мұраларын тереңнен толғап зерделеген Арап Сләмұлының бұл туындысы қазақ әдебиетінің арасынан өзінің ерекше қомақты орнын табады деп есептеймін. Екі арыстың тоғысар тұсын дәл тауып, қайнар бұлақтың көзін ашып, алтын қорға айналдырып, бүгінгі халық игілігіне жарату оңайлықпен келмейді, — деген  ғылым докторы, профессор Серғазы Дүйсенбаев ғалымның шығармашылық жолына табыс, еңбегіне жеміс тіледі.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

12 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС