Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК

30.01.2015
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК
FacebookWhatsappTelegram

 

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін түрлі жағдайлар жасалуда. Мысалы, бұл санаттағы адамдар арнайы заңмен қорғалып, олар үшін түрлі бағыттағы бірқатар мемлекеттік бағдарламалар да қарастырылуда. Бүгінгі таңда қамкөңіл жандардың мүмкіндіктеріне қарай еңбек етіп, өнерге бет бұрып, спортпен айналысуы мемлекеттік бағдарламалардың қаншалықты жүзеге асып жатқандығын көрсетсе керек. Сейсенбі күні Семей қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева мен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайымен танысу мақсатында Дальняя ауданындағы «GOLD KING» спорт клубына арнайы барды.

{jcomments on}Аталмыш спорт клубы 2009 жылдан бастап жұмысын жүргізіп келеді. Спорт мекемесі осы уақыт ішінде толайым табыстарға қол жеткізген. Жеке кәсіпкер Андрей Алтайбаев басшылық ететін спорт залдарына биылдан бастап мүмкіндігі шектеулі азаматтар да тегін жаттығуға мүмкіндік алған. Мекеме жұмысымен танысып, жаттығу залдарын аралаған қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесіп, олардың спорт залындағы мүмкіндіктерімен танысты.

Қаламызда қамкөңіл жандардың арасында спортпен жүйелі түрде айналысып жүргендері баршылық екен. Мысалы, көз жанарынан айырылған І топтағы мүгедек Серікбек Айсаулиннің спорт залынына келіп, жаттығу жасап жүргеніне екі жыл болған. Спорт залға аптасына екі мәрте келетін ол жаттығу жасаудан әсте қол үзбеген.

 

 

— Өмірден үміт үзбеймін. Осында келгелі өзімді жақсы сезінемін. Жаттығу залына жұмасына екі рет келіп тұрамыз. Бапкеріміз Андрей Викторович — өте тамаша адам. Бізді әрдайым жақсы көңіл күймен қарсы алып, әрқайсымызға жеке-жеке арнайы уақытын бөледі. Жаттығу жасау бізге қатты ұнайды. Мұнда ол үшін барлық жағдай жасалған. Спортпен айналысқан кезде мүмкіндігіміздің шектеулі екенін ұмытып кетеміз, — дейді Серікбек Айсаулин тілшілерге берген сұхбатында.

 

Жеке кәсіпкердің қаражатымен ашылған аталмыш спорт клубында жаттығушылар үшін барлық жағдай жасалыпты. Мысалы, жаттығу залдары, қажетті заманауи құрылғылар, киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер қарастырылған. Жалпы, пауэрлифтинг спорты соңғы жылдары елімізде кеңінен таныла бастады. Аталмыш спорт түрінің Семейге келгеніне аса көп уақыт болмаса да, ниет білдірушілердің саны да аз емес көрінеді. Спортшылардың жеткен жетістіктері де ауыз толтырып айтарлықтай. Сала мамандарының айтуынша, шаһарда бұдан өзге де спорт түрлері мен оған қатысушылар қатары да жыл санап арта түсуде.

— Қазіргі таңда Семейде қала тұрғындарына 65 спорт түрі насихатталуда. Ал «GOLD KING» спорт клубында бүгінгі күнде 200-ден астам спортшы жаттығуда, — деген қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев бір ай бұрын мүгедектер қоғамы спортпен шұғылданатын орын сұрап, өтініш білдіргенін, бұл ретте жеке кәсіпкер, «GOLD KING» спорт клубының директоры Андрей Алтайбаев қолдау көрсетіп, қамкөңіл жандарға спорт залда тегін жаттығуға мүмкіндік жасағанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл да бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің бір түрі көрінеді.

Андрей Алтайбаев 2014 жыл спорт клубы үшін табысты болғанын айтады. Мәселен, бір жылда аталмыш спорт клубынан 16 спорт шебері мен 27 спорт шеберлігіне үміткер шыққан. Спортшылар Қазақстан құрамасына ілініп, түрлі дәрежелердегі жарыстарға да қатысып қайтқан. Мекеме басшысы мүмкіндігі шектеулі жандарды да алда өтетін жарыстарға қатыстыруды көздеп отырғанын айтады.

— Спорт клубында қазіргі уақытта оннан астам мүмкіндігі шектеулі адам спортпен айналысуда. Бұдан былай олардың дайындығын күшейтіп, жүйелі жұмыс жүргізіп, жақында өтетін қалалық ашық чемпионатқа қатыстыруды жоспарлап отырмыз. Қалалық біріншілікке, жас ерекшеліктеріне және салмақтарына қарай, барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Бұл жарыс Тараз қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына іріктеу болса, одан үздік шыққандар халықаралық сайыстарға жолдама алатын болады, — дейді А.Алтайбаев.

Спорт клубының жұмысымен танысып шыққан соң қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева спортшылармен кездесіп, ел экономикасы дамуының арқасында спорт нысандары салынып, салауатты өмір салтын қалыптастыруда жүйелі жұмыстардың жүргізіліп жатқанын атап өтті. Кездесу соңында спортшылар мәртебелі меймандармен естелік суретке түсті.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

12 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС