Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АССАМБЛЕЯ ЖЫЛЫ БАРША ХАЛЫҚҚА ОРТАҚ

30.01.2015
АССАМБЛЕЯ ЖЫЛЫ БАРША ХАЛЫҚҚА ОРТАҚ
FacebookWhatsappTelegram

Сәрсенбі күні қала әкімі Айбек Кәрімов Достық үйінде қаламыздағы ұлттық—мәдени орталықтардың төрағаларымен кездесті. Жиын барысында мерейлі даталарды атап өту аясында ұйымдастырылатын шаралар жоспары жайлы айтылды. Сондай—ақ Достық үйінің директоры Аманғазы Тілеубаев 2014 жылы атқарыл—ған жұмыстар мен ағымдағы жылға межеленген шаруалар туралы ақпарат берді.

{jcomments on}Басқосу басында Достық үйінің директоры Аманғазы Тілеубаев 2014 жылы жүзеге асырылған жұмыстар туралы айтты. Былтыр ұлттық-мәдени орталықтар әр ай сайын концерт, көрме, байқау, фестиваль мен дөңгелек үстел түрінде екі-үш шарадан өткізіп тұрғанын атап өтті. Былтырғы жылдың қыркүйек айынан бастап жыл соңына дейін 17 шара ұйымдастырылған көрінеді.

— Достық үйі қабырғасында ұлттық-мәдени орталықтар жұмыстарына қаламыздың атқарушы билігі тарапынан белсенді қолдау көрсетіліп келеді. Мысалы, 2014 жылы жергілікті бюджеттен масленица, сабантой, Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Жеңіс күні сияқты мерекелерді атап өтуге және «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер», «Прииртышские напевы» байқауларының ұйымдастырылуына арнайы қаражат бөлінді,- деді Достық үйінің басшысы.

Сонымен бірге Аманғазы Тілеубаев ағымдағы жылы аталып өтілетін Қазақ хандығының  550 жылдығын, Ұлы Абайдың туғанына 170 жыл толуын, Ата заңымыздың 20 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын, Жеңістің 70 жылдығын атап өту  аясында ұйымдастырылатын шаралар жайлы айтып өтті. Аталған мерейтойлардың барлық халық үшін үлкен мәнге ие екенін де тілге тиек етті. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын тойлаудың басталуы жайлы айтты

 

— Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы 6-шы ақпанда таңғы сағат 11:00-де бастау алады. Астана мен Алматы қалаларында және еліміздің барлық өңірлерінде, оның ішінде    Семей қаласында, осыған орай кең ауқымды шаралар өткізу көзделіп отыр. Қаламыздың барлық мекемелерінде, оқу орындары мен кәсіпорындарында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының басталуына арналған әртүрлі шаралар ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ қалалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы  жылының ашылуына орай салтанатты жиын өткізу жоспарлануда,-деді Аманғазы Исабекұлы. Сонымен қатар ол Достық үйі Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған елу шара ұйымдастыру көзделіп отырғанын айтты. Ұлттық-мәдени орталықтары да өз іштерінде арнайы шаралар өткізетінін тілге тиек етті.

 

Жиында сонымен бірге осы шаралардың барлығының негізгі мақсаты – Елбасы жүргізіп келе жатқан татулық пен келісім саясатының төңірегінде халықтың бірлігін нығайту болып табылатыны сөз болды. Мемлекет басшысының жалпыхалықтық «Мәңгілік Ел» идеясының орындалуы үшін қоғамдағы ынтымақ пен берекені арттыру жолындағы бастамалар жүзеге асырылып жатқаны айтылды. Осы орайда Достық үйінің директоры Қазақстан халқы    Ассамблеясы жылының басты идеясы  «Менің Елім – «Мәңгілік Ел» болатынын жеткізді.

Өз кезегінде қала әкімі Айбек Кәрімов мерейтойлық даталарға   арналған шаралардың мазмұнына баса мән беру керектігін атап өтті. Ұлттардың салт-дәстүрлеріндегі ұқсастықтар мен ерекшеліктерді дәріптеу, жастарды тәрбиелеу жолдарына көңіл бөлу қажеттігін тілге тиек етті. Осы мерейтойларды атап өту аясындағы шараларға барлық ұлттық-мәдени орталықтар атсалысуға тиіс екенін айтты.

— Өздеріңіздің төл дәстүрлеріңізді көпшілікке паш етудің, өз ұлттарыңыздың мәдениетін дәріптеудің қандай жолдарын қарастырасыздар? Сіздер істеп жатқан шараларыңызда негізгі тақырыппен, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын атап өтудің мақсатымен, басқа ұлттық-мәдени орталықтардың өткізетін шараларымен мазмұндық тұрғыда қалай байланыстырасыздар? Міне, бүгінгі таңда осы сұрақтарға жауап тауып, соған сәйкес жұмыс істеу маңызды,- деді қала басшысы. Сонымен қатар Айбек Кәрімов Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауында ұлтаралық татулық пен келісім мәселелеріне назар аударылғанын, қазіргі таңда бұл құндылықтардың үлкен стратегиялық мәнге ие болып отырғанын атап өтті.

Жиын барысында сөз алған ұлттық-мәдени бірлестіктердің өкілдері де ынтымақ пен бірлікті нығайту жолында атқарып келе жатқан жұмыстары туралы айта келе, осы бағыттағы шаралар жайындағы ойларын ортаға салып,  биылғы жылға межеленген мерейтойлық даталардың аталып өтуіне мүмкіндіктерінше атсалысатындарын жеткізді.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

12 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС