Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АҚЫНҒА АРНАЛҒАН ЖЫР КЕШІ

03.02.2015
FacebookWhatsappTelegram

29 қаңтар күні Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейінің Абай ауданы Қарауыл ауылындағы филиалында Қазақстан  Жазушылар және Журналистер  Одағының мүшесі,   халықаралық Жамбыл қорының және Шығыс Қазақстан облысы әкімі сыйлығының лауреаты, Абайға арнал-ған республикалық  және Т.Нұқайға арналған облыстық жыр мүшәйраларының бас жүлдегері, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері, ақын-ұстаз Төлеген Жанғалиевтің  65 жасқа толуына орай, «Арқалап жүргеннен соң адам атын» атты жыр кеші болып өтті.

{jcomments on}Кешке Төлеген Жанғалиұлының замандастары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, «Қаламқас» ән-би ансамблінің әншілері, Қарауыл гимназиясы мен Абай атындағы мектеп-лицейдің  ұстаздары, оқушылары қатысты. Төлеген Жанғалиевтің есімі жырсүйер қауымға өзінің өткір өлеңдерімен, өміршең баллада, дастан, тол-ғауларымен ерекше танымал. Ұлылар мекенінде туып, сол елдің ыстығына күйіп,    суығына тоңып жүрген ақынның қай өлеңінде болмасын өмір шындығы, халық тіршілігі, адамдар мінезіндегі небір қилы әрекеттер айқын аңғарылады.

Өмірге артар өкпем жоқ,

 

Өмірім – жарық шамшырақ.

«Өлең боп қана өтсем » деп,

Өзімді келем қамшылап, — деп Төлеген ақын жырлағандай, бас қойып оқыған сайын тұңғиығына бойлатып, өзіне еліте түсетін ақын поэзиясынан отансүйгіштік сезім, патриоттық бағыт, ел қамы, жұрт мұңы, замана тынысы, өмір шындығы айқын аңғарылады. Жыр жазған сайын толысып, кемелдене түскен ақын жырларының бір парасы нәзік те сыршыл лирикаға құрылған. Ақын «Қарлығаш», «Тоғыз перне», «Сыр-сапар» «Шыңғыстау шындығы», «Жүрегім сөйлеп тұрғанда», «Оңалған ойдың сәулесі» «Біз жұмаққа бармаймыз», «Атом мен ақын», «Тілсіздің тілі» ,«Ойлы адамға қызық жоқ» сынды жыр жинақтарының, сондай-ақ «Біздің Әкей» және «Матаев» атты прозалық шығармалардан құралған кітаптардың авторы. Өзінің ұзақ жылғы өлшеусіз еңбегінің, маңдай терінің өтеуі ақталды. Төлеген Жанғалиұлы мәдениет қайраткері, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері, Абай ауданының Құрметті азаматы атанды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 10 жылдығы, 20 жылдығы   медальдарының иегері.

Ақынның адал ниетті, ақкөңілді тілеулес достары да жыр кешіне қатысты. Замандас достарының атынан сөз алған аудандық мәслихаттың хатшысы Төлеубек    Аманғазы аудан әкімінің құттықтау хатын табыс етті. Төлеген досының ерекше жаралған отты ақын екендігін айтқан ол:

— Төлеген Жанғалиұлының еліне сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Мерғали Ибраевтай жыр тарланының туған інісі, Абай ауданының ақиық ақыны. Төлегеннің жырларынан бас алмай, іздеп жүріп оқитын жанның бірі әрі айырылмас сырлас досының бірі менмін. Тіпті мен өзім Төлегенге арнап «Үш қыры мен бір сыры» деген өлең де жазғанмын, — деді зор тебіреніспен.

Мағыналы да мәнді өрбіген басқосуда ақын жайында сырға толы естеліктер айтылып, әндері шырқалып, өлеңдері оқылды. Орта жасқа жеткен шақтарында бір кездегі «Совхоз туы» газетінде бірге журналистік қызмет жасаған әріптесі, аудандық мұрағат мекемесінің директоры Совет Махметов замандасымен бірге өткен қайта оралмас шақтарды есіне алып, құрдастық әзілдерін арнады. Жырдан бұлақ аққан ғибратты кеште аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Мырзақасым, Төлеген Жанғалиев қызмет ететін Қарауыл гимназиясының директоры    Қ.Жарасбаев, досы С.Таупиқов, еңбек    ардагерлері М.Түңлікбаев, Ш.Несіпбай, «Ақсұңқар» ақындық сыныбынан түлеп ұшқан шәкірттері Ұ.Сағадиев, Н.Байтөсовтер ақынның 65 жастық мерейтойына арнап ізгі тілектерін жеткізді. «Қаламқас» ән-би ансамблінің әншілері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қайраткерлері Бақыт Шағатаева мен Тамара Көзбаева және жас әнші Зарина Оралқызы әуезді әндерін арнады.

Төлеген Жанғалиұлы — арынды ақын   болғандығымен қатар, ұлағатты ұстаз да. Ақындық өнердің туын биікке көтеріп келе жатқан азамат 1996 жылдан бері Қарауыл гимназиясының жанындағы Мерғали Ибраев атындағы «Ақсұңқар» ақындық сыныбының жетекшісі. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» дегендей, жыр кешіне «Ақсұңқар» ақындар сыныбының жас ақындары, Төлеген ағаның ізбасарлары да қатысты. Жыр кешінде «Ақсұңқар» ақындық сыныбының жас шәкірттері М.Түгелжанова, Д.Уәлибекова, А.Уатжанова, Х.Сәметова, Қ.Еркінұлы, Д.Садырбекқызы, З.Оралқызы сынды ақындар өздерінің жасын жырларын оқыды. Келесі жылы ашылғанына 20 жыл толатын «Ақсұңқар» ақындық сыныбының келешегі кемел екендігі балғын ақындардың тума талантынан айқын аңғарылды. Кеш барысында қонақтар тарапынан мұражайға естелік кітаптар табысталды. Жыр салтанатының түйінделер тұсында мерейтой иесі ақын Төлеген Жанғалиев қонақкәде ұсынып, өлеңсүйер қауымды бір серпілтіп тастады. Барымызды бағалап, тау суындай буырқанған, асқан талант иесі, қайталанбас жыр дүлдүлінің қадірін сезініп, шығармашылығына терең бойлата түсетін кештің соңында  мұражайдың аудандық филиалының меңгерушісі Малгаждар Жүнісжанов сөз алып, Төлеген Жанғалиұлының иығына шапан жауып, құрмет көрсетті. Кеш барысында ақынның өмірі жайлы слайд жұмыстары көрсетіліп, көрме ұйымдастырылды. Әсерге толы кеш сәтті өтіп, жиналған қауым таусылмас рухани тәлім алды.

Бұлбұл ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ

«Семей таңы»

Связанные новости

Казахстан закрепился в глобальном топ-20 по образованию, усиливая позиции среди развитых систем

08.04.2026
Казахстан закрепился в глобальном топ-20 по образованию, усиливая позиции среди развитых систем

Казахстан занял 18-е место в рейтинге Insider Global Education Index, набрав 0,092 балла и войдя в группу стран с устойчиво...

Читать далее ...

Грантов стало больше: в Казахстане стартовал набор в Академию госуправления

08.04.2026
Грантов стало больше: в Казахстане стартовал набор в Академию госуправления

Приемная кампания в Академия государственного управления при Президенте Республики Казахстан началась 1 апреля и продлится до 1 июня. В этом...

Читать далее ...

Казахстан и Кыргызстан укрепляют взаимодействие в сфере ЧС

08.04.2026
Казахстан и Кыргызстан укрепляют взаимодействие в сфере ЧС

На базе Центра по чрезвычайным ситуациям и снижению риска стихийных бедствий состоялось восемнадцатое заседание Совета Центра под председательством казахстанской стороны....

Читать далее ...

Аида Балаева проверила готовность туристических объектов Алматинской области к летнему сезону

08.04.2026
Аида Балаева проверила готовность туристических объектов Алматинской области к летнему сезону

Заместитель Премьер-министра – Министр культуры и информации РК Аида Балаева и министр туризма и спорта Ербол Мырзабосынов проверили готовность туристических...

Читать далее ...

В области Абай обсудили меры по обеспечению защищенности культовых сооружений

08.04.2026
В области Абай обсудили меры по обеспечению защищенности культовых сооружений

В области Абай усилена работа по обеспечению защищенности культовых сооружений, отнесенных к террористически уязвимым объектам. Очередная рабочая встреча собрала собственников...

Читать далее ...

В области Абай вынесено судебное постановление за неустранение выявленных недостатков при ремонте балкона

08.04.2026
В области Абай вынесено судебное постановление за неустранение выявленных недостатков при ремонте балкона

Согласно пункту 4 статьи 35 Закону Республики Казахстан «О защите прав потребителей», недостатки работы (услуги), обнаруженные в ходе ее выполнения...

Читать далее ...

Новости

Казахстан закрепился в глобальном топ-20 по образованию, усиливая позиции среди развитых систем

2 часа назад

Грантов стало больше: в Казахстане стартовал набор в Академию госуправления

4 часа назад

Казахстан и Кыргызстан укрепляют взаимодействие в сфере ЧС

4 часа назад

Аида Балаева проверила готовность туристических объектов Алматинской области к летнему сезону

4 часа назад

В области Абай обсудили меры по обеспечению защищенности культовых сооружений

10 часов назад

В области Абай вынесено судебное постановление за неустранение выявленных недостатков при ремонте балкона

10 часов назад

В районе Жанасемей продолжается работа по обеспечению жильём

10 часов назад

В районе Жанасемей поэтапно обновляется система водоснабжения

10 часов назад

В районе Жанасемей усилили освещение улиц и благоустройство

10 часов назад

Казахстан стал лидером в Центральной Азии по ВВП на душу населения, обогнав Россию и Китай

10 часов назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС