Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕСЕП БЕРУ ЖЫЛДАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

03.02.2015
FacebookWhatsappTelegram

Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдиннің және ауылдық округ әкімдерінің биылғы жылы қаңтар айының 14-29 күндері аралығында тұрғындармен есепті кездесулері аяқталды.

{jcomments on}Серік Зинабекұлы ауданның барлық 55 елдімекенінде болып, ауыл әкімдерінің есебін тыңдады. Үржарлықтардың жылқы жылындағы жетістіктерімен бөлісіп, 2015 жылға арналған жоспарлармен таныстырды. Сонымен қатар Елбасымыз Н.Назарбаевтың, облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмаларын, республикада орын алып жатқан жаңалықтар мен ауыл тұрғындары үшін іске асырылып жатқан игі бастамалар, бағдарламалар жөнінде ақпарат берді. Тұрғындардың жекелеген мәселелерін, ұсыныстары мен сұраныстарын тыңдады.

 

Жер көлемі жағынан да, халқының саны      бойынша да көлемді болып келетін аудан 2014 жылдың 21 қаңтарындағы қорытынды бойынша әлеуметтік-экономикалық жағынан  облыстың 19 қала, аудандарының арасында 3-ші орын алды. Бұл жетістікті тілге тиек еткен аудан басшысы барлығы да халықтың береке- бірлігінің арқасы деген баға берді. Сонымен қатар жекелеген салалар бойынша да ілгерілеушіліктің бар екендігін атап өтті.

 

— 2014 жылдың қорытындысы бойынша аудан көлемінде өндірілген ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 2013 жылмен салыстырғанда ұлғайып, 30057,2 млн. теңгеге жеткен,- деген аудан басшысы егін шаруашылығы және мал шаруашылығына тоқталды.

Ауданда малды асылдандыру бағытында 81 шаруа қожалықтары, 12 асылтұқымды шаруашылық жұмыс істейтіндігін айтып, бұл бағытта «Сыбаға», «Құлан», «Жайлау» сынды ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламалары жұмыс істеп жатқандығынан хабардар етті. Сондай-ақ, аудан басшысы айтқандай, «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында 2014 жылы ауданға барлығы 184 бірлік жаңа ауылшаруашылық техникалары кірген. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасын орындау мақсатында, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 200 бас сауынды сиырларға арналған сүтті-тауарлы фермаларын ашуға «Абдураим», «Hors Farm» шаруа қожалықтары және «Юбилейный» ЖШС-мен жұмыс жүргізілуде. 2015 жылы     Алтыншоқы, Үржар, Мақаншы ауылдарынан сүт дайындау пункттері ашылатындығын да ерекше атап өтті Серік Зинабекұлы.

Соңғы жылдарда аудан көлемінде сақалды құрылыстар саны азайды. Құрылыстардың көпшілігі білім ошақтары екендігін атап өткен аудан басшысы ұрпаққа сапалы білім беру үшін жағдай жасалатындығын тілге тиек етті.

-Өткен жылы Бақты, Сегізбай, Қызыл ту, Барқытбел ауылдарындағы мектеп құрылысы басталып, жақсы қарқынмен салынуда.  2011 жылы басталып 2012 жылдан бері тоқтап тұрған Ер Қабанбай, Лайбұлақ ауылдарындағы мектептердің құрылысы жалғасын тауып, пайдалануға берілді. Алдағы уақытта Жаңа тілек, Қабанбай, Жансүгір мектептерінің құрылысын аяқтау жоспарда тұр,- дей келе, С.Зайнулдин Үржар ауылындағы 140 орындық балабақша, аудандық сот ғимараты, Ақжар ауылындағы әлеуметтік-медициналық мекемеге жапсаржай құрылыстары да аяқталып, халық игілігіне жұмыс жасап жатқандығын мәлімдеді.

Ауыл тұрғындарын алаңдататын басты мәселелердің бірі – таза ауызсу мәселесі. Бұл ретте де ауданда жағымды жаңалықтар баршылық. 2020 жылға дейін ауыл тұрғындарын 80% ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына Көктал, Елтай, Сағат, Ақжар, Бестерек, Жоғарғы Егінсу, Егінсу, Барқытбел, Қаратал,Қабанбай, Шолпан ауылдарында су құбырларының құрылысы мен жаңғырту жұмыстарын жүргізу енгізілді. Сонымен қатар Келдімұрат ауылының су құбырына жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Жол мәселесін маңызды деп білетін аудан басшысы:

— Ауданда ішкі жолдар, облыстық маңызы бар жолдар, республикалық маңызы бар жолдар – барлығы 965 шақырым жол бар. Былтырғы жылы Көлденең — Науалы жолына 54 млн. теңге ақша бөлініп игеріліп, биылғы жылы толық аяқтауға қаржы сұрап отырмыз.  Үржар ауданы аумағында 55 елдімекендердің 34-і автобус қатынасымен қамтылған және аудандық әуежай халыққа қызмет көрсетуде,- деп, Серік Зинабекұлы тасжолмен қоса, әуе жолдары жөнінде де айтып өтті.

Есеп беру барысында өндірілген өнеркәсіптік өнімдер, кәсіпкерлік саласы сөз болды.  2015 жылғы жоспар ретінде Үржар ауылынан қуаттылығы жылына 3,0 млн. дана кірпіш шығаратын заводты іске қосу және қуаттылығы жылына 47,0 мың тонна темір-бетонды бұйымдар әзірлейтін заводты іске қосу жоспарланып отырғаны айтылды. Сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау салалары да қамтылды.  Халықтың әлеуметтік дамуы, мүмкіндігі шектеулі жандарға шексіз мүмкіндік сыйлау мен жұмыспен қамту мәселесі де әкім назарынан тыс қалмады. 896 уақытша және тұрақты жұмыс орындары ашылғанын айтқан С.Зайнулдин құқық қорғау саласы бойынша тәртіп бұзушылықтар саны азайғанын мәлімдеді. Діни көзқарасты жандандыру жайлы да айтты. Ауданды көркейту, бюджет, салық мәселесінен де ақпарат берген Серік Зинабек- ұлы  аудан ахуалының күн санап жанданып келе жатқанын тілге тиек ете отырып, Елбасының тапсырмасына сәйкес үнемдеу мәселесін қолға  ал-ғандықтарын, оған орай аудандық штаб құрылғанын жеткізді.

Әр ауылдардағы кездесулерде халық сауалдарын жолдап, жауап алып отырды. Сауалдан гөрі, аудандағы тың бастамалар мен нәтижелі жұмыстың қарқынын сезінген халық аудан басшысына алғыс білдіріп, жұмысына жеміс тілеп, ақ сақалды, ақ самайлы қариялар батасын да беріп жатты. Атап айтсақ, Көлденең АО тұрғыны, 2008 жылы тарихи Отанына ҚХР-нан келген Ахметбек Төлеубек ақсақал: «Атқарылып жатқан істер ұшан -теңіз екенін сезініп, жақсылықтарын көріп отырмыз. Жұмысыңыз өркендей берсін, ауданымыз көркейе берсін»,- десе, Егінсу АО тұрғыны Күлзия Әбенаева: «Қараша күзде баспанам мен малымның азығы — шөбіміз өртеніп,  өзіңізден көмек сұрағанмын. Аудан бюджетінен және «Нұр Отан» партиясынан қаржы бөлініп, үйімді жөндеп, жәрдемдестіңіз. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген. Сіздің басшылық біліктілігіңіз бен азаматтық болмысыңызды барша ауылдастарым, аудан халқы жоғары бағалаймыз. Халық тілегін елеп-ескеріп, үнемі қолдау танытып, ізгі бастамаларға бастап жүресіз,- деп, риясыз ризашылығын, аналық алғысын жеткізді.

Бір сөзбен айтсақ, Үржар ауданындағы есептік кездесулер жоғары дәрежеде өткізіліп, 2014 жыл жетістікпен қорытындыланды деп бағаланды.

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

10 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС