Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖЫЛ БАСЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫ ЖИЫН

03.02.2015
FacebookWhatsappTelegram

Елбасының барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беруі жөніндегі Жарлығына сәйкес, Тарбағатай ауданының әкімі Ділдабек Оразбаев өңірдегі он жеті ауылдық округтің орталықтарында болып, ел алдында есеп беру жиналыстарын өз деңгейінде өткізді. Жыл басындағы жауапты жиындарда аудан басшысы атқарыл—ған жұмыстарды баяндады. Халықтың әлеуметтік—тұрмыстық ахуалын жақсарту бағытында қолға алынып, жүзеге асырылып жатқан игілікті істер сараланып көрсетілді.

{jcomments on}Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық салаларында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда әжептәуір ілгерілеушілік бар екеніне көз жеткізген жұртшылық өкілдері ой-пікірлерін ортаға салып, атқарылған жұмысқа көңілдері толатынын айтты. Өңір тұрғындары аудан әкіміне өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, оған нақты да тұшымды жауаптар алды. Сөйтіп, бүкпесіз әңгімелер арқылы көпшіліктің көкейінде жүрген көптеген мәселелердің түйіні шешілгендей болды. Аудан орталығы Ақсуатта өткен қорытынды жиынға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары  Нұрымбек Сақтағанов арнайы келіп қатысып, сөз сөйледі.

 

Ауданның басқа ауылдарындағы сияқты, Ақсуатта да жылдық жиынға халық көп жиналды. Аудан әкімі өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктерді, ауданның негізгі табыс көзі болып саналатын ауылшаруашылығы саласына үлкен мән беріліп отырғанын, соның нәтижесінде мал шаруашылығы мен егіншілікті жарыстыра дамытып, айтулы табыстарға қол жеткізілгенін мәлімдеді. Суармалы егістіктің көлемін арттыру, асылтұқымды мал басын көбейту, мал бордақылау алаңдарын жабдықтап, егістен мол өнім алудың сыннан өткен амалы – тамшылатып суару жүйесін қолдану тәжірибесі таратылып, құс өсіретін фермалар құру, сүт цехтарын ашу жоспарлары рет-ретімен орындала бастағаны мәлім болды. Өткен жылы ғана ауданда үш мектеп, үш ауылдық аурухана жаңадан салынып, оншақты балалар бақшасы іске қо-сылғаны, барлық ауылдардағы мәдениет ошақтары күрделі жөндеуден өтіп, жолдар жөнделіп, халықты сапалы ауызсумен қамту жұмысы мықтап қолға алынып, ауыл еңбекшілерінің басқа да толып жатқан ұсыныс-тілектері орындала бастағаны көңілдерге қуаныш сезімін ұялатты.

 

Жиында халықты ауылды жерде тұрақтандыру ондағы еңбек және тұрмыстық жағдайларға да байланысты екендігі де айтылды. Жерге иелік ету, кетпен-күрек ұстап, суармалы жерлерді игеру мақсатымен оңтүстік өңірлерден көшіп келіп жатқан қандастарымызды түсіністікпен қабылдап, жылы шыраймен қарсы алу мәселесі де айтылмай қалмады.

Ақсуаттағы жиында облыс әкімінің Тарбағатай ауданындағы қоғамдық кеңесшісі Амантай Сәметов, Ақжардағы «Балауса» балабақшасының меңгерушісі, аудандық мәслихаттың депутаты Алмагүл Құсайынова, зейнеткер Тұрсынхан Жүнісов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұқан Сахариев және басқалар ой-пікірлерін ортаға салды.

Хамза СӘТИЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

10 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС