Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚАСИЕТТІ МЕРЕКЕ АТАП ӨТІЛДІ

03.02.2015
FacebookWhatsappTelegram

Бесқарағай ауданында аудан әкімі Нұрлан Бәтташұлы Сыдықовтың қолдауымен әрі ауданның бас имамы Серікжан Аманұлы Сасеновтің мұрындық болуымен Мәуліт мерекесіне арналған ауқымды іс-шара өтті.

{jcomments on}Бұл мерекені атап өтудегі басты мақсат  Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың әрекеттерін насихаттау, салауат айту, жастарды имандылыққа жетелеу, отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, ата-ананы құрметтеуге тәрбиелеу және теріс қылықтардан сақтау болып табылады. Аудандық Мәдениет үйінде аталған шараға осы күні бесқарағайлық жамағат көптеп жиналды. Мұсылман қауымы асыға күткен мерекемен қауышып, кеш бойы жүректерге ой салар салауат тыңдап, кештен рухани азық ала алды. Жылдан-жылға аудан халқының асыл дінімізге деген сүйіспеншілігі артып келе жатқандығын сол күні акт залына халықтың лық толғанына қарап-ақ байқауға болатын еді. Мәуліт мерекесіне арналған осынау кеш «Дариға-ай»   жастар театрының қасиетті мерекеге арнап дайындаған бағдарламасы аясында өрбіді.  Тағылымдық әрі тәрбиелік мағынасы зор бағдарламаларымен өңіріміздің шалғай ауылдарын аралап, қарапайым халыққа рухани байлық сыйлай білген бұл ұжымның өнерін бесқарағайлықтар да тамашалай алды. 2000 жылы негізі құрылған «Дариға-ай» жастар   театры ұжымының басым бөлігі жастар екен.  Өнерлерімен сүйсіндіріп, өздерін республикалық, халықаралық деңгейде таныта білген ұжымның бүгінгі басшысы — А.Бахтинов.

 

Алғы сөз Семей қаласынан арнайы келген имам Мақсат қажы Алтыбай мен аудан әкімінің орынбасары Е.Е.Рахметуллинге берілді. Олар жиналған жұртшылықты Мәуліт мерекесімен құттықтап, жүректен шыққан жылы лебіздерін жеткізді. Бұдан соң сахна төріне алма-кезек шыққан әртістер мен әншілер көрерменді асыл жырмен, тағылымды әнмен әлдиледі. Қазіргі қоғам күйін дөп басып, дертті заманның дауасын іздеген «Дариға-ай» жастар театрының әртістері  тағылымы терең «Соқыр ана»,  «Қарт монологы», «Шайтандар», «Суицид», «Әусек-Сәусек» қойылымдары арқылы жиналған қауымға, әсіресе жас буынға, астарлы ой салып қана қоймай, көрермен көздеріне жас ұялатып, имандылыққа жол сілтей білді.

 

Қашан да ақынын ардақтаған қазақ халқы үшін әнмен әуелеп, жырмен өрнектелген сөздің артық тұрары сөзсіз. Сондықтан да болар, рухани кештің сәнін келтірген бағдарламада жас имамдардың орындауындағы салауатты халық ұйып тыңдады.

Кеш соңында сөз алған ауданның бас имамы С.А.Сасенов: «Құрметті мұсылман бауырлар! Күллі мұсылман әлемінің қасиетті мерекесі  Мәуліт құтты болсын! Шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға тыныштық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін, барша әлемнің Жаратушысы Алла Тағала егеменді еліміздің болашағын жарқын, көк байрағымыздың әрқашан да биік болуын нәсіп етсін. Бүгінгі кеш барлықтарыңыздың көңілдеріңізден шықты деген үміттемін», — деп, мерекені ауқымды түрде атап өтуге қолдау көрсеткен, Алла үйінің жағдайын жақсартуға үлес қосқан дін жанашырларына, атап айтқанда аудан әкімі Н.Б.Сыдықов бастаған бірқатар басшыларға, кәсіпкер азаматтар мен азаматшаларға, қасиетті мерекеде бесқарағай жұртшылығына тәрбиелік мәні зор кеш сыйлап, көрермен көңілінен шығып, ерекше ықылас пен құрметке бөлене білген «Дариға-ай» жастар театрына, ауыл имамдарына ризашылығын жеткізіп, Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарын табыстады.

Әсел ҚАСЫМҒОЖИНА,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

10 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС