Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

03.02.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семей қалалық ақпарат орталығында ШҚО денсаулық сақтау басқармасының Семей аймағы бойынша бөлімшесінің ұйымдастыруымен ана мен бала өмірін қорғау мәселесіне байланысты баспасөз мәслихаты өтті.

{jcomments on}Шараға қаладағы денсаулық саласының жетекші мамандары, перинаталдық орталықтардың бірінші басшылары қатысты. Мамандардың айтуынша, өткен жылы қала бойынша жалпы өлім-жітім деңгейі төмендеген.

Жиында алғашқы болып сөз алған қаламыздың бас акушер-гинекологы Венера Аукенова ана мен балаға қатысты бірқатар мәліметтерімен бөлісті.

— Өткен жылы қаламызда 6580 бала дүниеге келді. Яғни бұл 2013 жылмен салыстырғанда туу көрсеткішінің артқандығын байқатады. Жалпы, ана мен бала үшін елімізде, қаламызда  барлық жағдай жасалған. Арнайы медициналық көмек қажет жүкті әйелдерге қала деңгейінде, облыс деңгейінде, қажет болғанда, республикалық деңгейде Астана қаласындағы «Ана мен бала» орталығында көмек көрсетіледі. Қазіргі таңда біз болашақ аналарды ерте кезеңде тіркеуге алу мәселесімен айналысудамыз. 12 аптаға дейін тіркеуге тұру жүкті әйелге кешенді тексеріліп, өмірге дені сау ұрпақ әкелуге, ұрықтың дамуында генетикалық ақау болған жағдайда, уақтылы анықтауға мүмкіндік береді,- деген Венера Махмұтқызы алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету өз деңгейінде жүргізілетіндігін,  медицина қызметкерлері ғана емес, болашақ аналар да өз жауапкершіліктерін сезінгені жөн екендігін тілге тиек етті. Сонымен қатар жүктілік кезінде дәрі-дәрмек қабылдау көлемін шектеу қажеттігін ескере отырып, созылмалы аурулары бар болашақ аналар жүктілікті жоспарламас бұрын ем жүргізсе, жүктілік кезеңі ойдағыдай өтетіндігін және ананың дерттері шаранасына берілмеу мүмкіндігінің зор болатындығын жеткізді.

 

Жыл санап туу көрсеткіші жақсарып келе жатқанын тілге тиек еткен қаланың бас педиаторы Сарқыт Шабданова статистикалық деректерге кезек берді.

 

— Соңғы үш жылда қаламызда медико-демографиялық жағдай оң нәтижесін көрсетуде. 2012 жылы 6112 бала туылса, 2014 жылы 468 балаға артқан. Бір сөзбен айтқанда, туу көрсеткіші жыл санап өсіп келеді. Соңғы үш жылда туу көрсеткіші артқан сайын, 13,8 пайыздан 11,2 пайызға шарана өлімінің азаюы да — саладағы жетістік,- дей келе, С.Шабданова статистикалық көрсеткіштердің жақсаруы денсаулық саласына қатысты қабылданған «Саламатты Қазақстан» сынды өзге де бағдарламалардың  қаламыздағы медициналық мекемелерде нәтижелі жүзеге асырылғандығының айғағы екенін айтты.

Баспасөз мәслихаты барысында ана мен бала өмірін қорғауға байланысты тағы бірқатар мәселелер талқыланды. Басты мақсат , Елбасының Жолдауына сай, халықтың өмір сүру жасын ұзарту үшін кешенді түрде жұмыс жасау, алғашқы медициналық-санитарлық көмек арқылы аурудың алдын алу. Сонымен қатар бәсекеге қабілетті дамыған елдерде ана мен бала өлімі болмайтындығын тілге тиек еткен облыс әкімінің тапсырмасын жүзеге асыру   ақ халатты абзал жандардың мүддесі болып отыр.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

10 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС