Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНДАРЫ ӨТТІ

03.02.2015
FacebookWhatsappTelegram

Өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамудың көрсеткіштері мен болашақ  міндеттерді бағамдауда Елбасының Жарлығына сәйкес өткізілетін әкімдердің халық алдында есеп беруін заман талабынан туындаған оң үрдіс деп бағалауға болады. Мұның қоғамды дамытуда да алар орны ерекше. Өйткені бұл үрдіс билік пен бұқараның арасындағы өзара сенім мен түсіністік деңгейін арттыруға септігін тигізері анық.

{jcomments on}Семей қаласына қарасты ауылдық округтер мен кенттер әкімдері тұрғындар алдында өңірлердің даму бағдарламасымен және ұзақ мерзімді жоспарларымен таныстыруда. Өткен жұма күні Новобаженово ауылдық округінің әкімі Нұрлан Шақабаев Баженово, Клементьевка, Бұлақ ауылдарының жұртшылығымен жүздесіп, өткен жылы атқарылған жұмыстары туралы қорытынды есеп беріп, ағымдағы жылдың еншісіндегі жоспарлармен таныстырды. Есептік жиындарға Семей қаласы ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Жексенғазы Қалдыбаев, мекеме басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.

 

Өткен жылдың жоспарын орындау барысындағы жетістіктерді алдыңғы жылдармен салыстыра отырып баяндаған Новобаженово ауылдық округінің әкімі Нұрлан Шақабаевтың есебінен біршама нәтижелі жұмыстардың атқарылғанын байқауға болады. Мысалы, аталмыш ауылды жерлерде егін шаруашылығы мен мал шаруашылығында айтарлықтай ілгерілеушілік бар көрінеді.

 

Нұрлан Шақабаевтың сөзіне сүйенсек, ауылдық округ қала тұрғындарын экологиялық таза өнімдерімен қамтамасыз етуде. Қалаға жақын орналасқандықтан да болар, бұл ауылдарға жыл сайын алыс ауылдардан келіп қоныстанып жатқандар қатары көп көрінеді. Соған орай өңірде шаруа қожалықтары көбейіп, пайдаланылатын жер көлемі де ұлғайтылған. Ал дәнді дақылдар көлемі, сол сияқты картоп, көкөніс, күнбағыс, көпжылдық өсімдіктердің егістік көлемі де өткен жылмен салыстырғанда біршама артқан.

— Бұл көрсеткіштерге қарап, шаруа қожалықтарының жұмысы көш ілгері деп айтуға болады. Әрине, мал басын арттыруымыз керек. Дегенмен аталмыш сала да өркендеп келеді. Мәселен, 2013 жылы ірі қара мал басы 3496 болса, қазір 3809 басты құрап отыр. Ұсақ мал 2013 жылы 6157 басты құраса, бүгінгі күні ол 7 мыңға жетті. Құс саны да артып отыр. 2014 жылы «Таза су» бағдарламасы бойынша Бұлақ ауылына ауызсу тартылды.  Нәтижесінде тұрғындар таза сумен қамтамасыз етілді. Бұл жұмыстар биыл да жалғасатын болады. Сонымен қатар Семей мен Өскеменге қатынайтын негізгі жолдан Клементьевка ауылына дейін төрт шақырым жол жөнделді, — деді Н.Шақабаев.

Ауылдық округте ағымдағы жылдан бастап наториалдық қызмет түрі ашылған. Енді тұрғындар қалаға келмей-ақ, оларға аптаның бейсенбі мен жұма күндері қызмет көрсетіледі. Н.Шақабаев сөз соңында ауылдық жерлерде асылтұқымды мал басын арттыру жұмыстарын жалғастыру керектігін, Новобаженово ауылында «Таза су» бағдарламасын жалғастырып, бұл жұмыстар бойынша жобалау-сметалық құжаттар дайындау жоспарланып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, аталған жұмыстар 2016 жылы басталмақ. Өткен есепті жыл ішінде ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен танысқан ауыл тұрғындары әкімнің жұмысына оң баға берді.

Ал тәуліктің екінші жартысында Приречный ауылдық округінің әкімі Қабылқақ Шеңгелбаев Жарқын ауылы клубының ғимаратында ауыл тұрғындарымен кездесіп, жыл бойы атқарылған жұмыстары жайлы есеп берді.

Ауылдық округтегі ең басты сала ауыл шаруашылығы болғандықтан, шаруа қожалықтары малдарын асылдандыру мақсатында асылтұқымды мал басын арттыруда. Ауылдық округте бүгінде өсімдік шаруашылығымен 11 шаруа қожалығы, ал мал шаруашылығымен 41 шаруа қожалығы айналысады екен.

— Ауылдық округте өсірілетін ет бағытындағы ірі қара малының негізгі және ең үздік тұқымы   қазақы ақ бас тұқымы болып табылады, олар жергілікті қатаң табиғи жағдайларға төзімді. Бұл ет бағытындағы тұқымды өсірумен шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтар, сондай-ақ «Агрофирма Приречное» ЖШС айналысып отыр. Мұнда жыл басында ірі қара малының саны 1058 басты құрады. Шаруашылық қазақы ақ бас ірі қараны өсіру бойынша асылтұқымды зауыт дәрежесіне ие. Бұған қоса есепті жылы «Петросян» жеке кәсіпкерімен ірімшік және сүт өнімдерін өндіру цехы ашылды. Қосымша бөдене құсының еті мен жұмыртқасын өндіру жоспарлануда, — деді Приречный ауылдық округінің әкімі Қабылқақ Шеңгелбаев.

Жиында ауылдық округтің әкімі мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың орындалу барысы, әлеуметтік салада атқарылып жатқан оң өзгерістерге кеңінен тоқталды. Бұған қоса өткен жылғы халық алдындағы есебінде айтылған сын ескертпелер мен ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Соның бірі Жарқын ауылы тасжолының құрылысы болып отыр. Аталмыш мәселені қарастыру бойынша жобалық семеталық құжат әзірленген. Бүгінгі күні 28 миллионнан астам теңгені құрайтын жобаға қаражат көздерін қарастыру жұмыстары жүргізілуде.

Ауылдық округтер әкімдерінің есептік жиындарында тұрғындар тарапынан сансыз сауалдар қойылып, тиісті жауаптар қайтарылды. Жиындарға қатысқан жұртшылықтың басым көпшілігі ауылдық округтер басшыларының жұмысын жоғары бағалап, олардың еңбектеріне жеміс, жаңа жылда да толағай табыстар тіледі.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

26.05.2026
Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

Глава государства подписал законы о внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан «О государственной службе», а также в ряд...

Читать далее ...

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

25.05.2026
В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

В столице Казахстана начался прием заявок на участие в международном конкурсе Astana AI Film Festival (AAIFF), посвященном фильмам, созданным с...

Читать далее ...

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

25.05.2026
Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

Astana AI Film Festival открыл прием заявок, и теперь любой креатор может загрузить свой фильм на платформу. Вот ссылка https://aaiff.ai/...

Читать далее ...

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

25.05.2026
Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

Подать работу можно на официальном сайте aaiff.ai К участию приглашают креаторов со всего мира – как индивидуальных авторов, так и...

Читать далее ...

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

25.05.2026
В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

Комитет языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан объявил о проведении республиканского конкурса «Мемлекеттік тіл және БАҚ». Цель...

Читать далее ...

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

25.05.2026
Праздник Курбан айт отметят 27 мая

В этом году священный праздник Курбан айт будет отмечаться с 27 по 29 мая. В связи с этим в регионе...

Читать далее ...

Новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

9 часов назад

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

1 день назад

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

1 день назад

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

1 день назад

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

1 день назад

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

1 день назад

Во время Курбан айта забой скота разрешён только в специально отведённых местах

1 день назад

При поддержке партии AMANAT в селе Орда открыт амбулаторный пункт

5 дней назад

В области Абай в честь Международного дня музеев прошла акция «Ночь музеев»

5 дней назад

В области Абай откроют новую специальную экономическую зону

5 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС