Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

03.02.2015
FacebookWhatsappTelegram

Өткен жұма күні әкімдік отырысы өтті. Жиын барысында күн тәртібіндегі қаланың 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2015 жылға арналған жоспарлары, қаланы көркейту жөніндегі іс-шаралар туралы мәселелер  қаралды.

{jcomments on}Алғашқы мәселе төңірегінде Семей қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлжан Алтынбекова баяндама жасады. Өз сөзінде Гүлжан Қайырханқызы семейліктердің жылқы жылындағы экономикалық дамуына тоқталды.

— Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына келсек, жалпы, барлық бағытта шаһарымыздың дамуы оң нәтижелерге ие. Өнеркәсіпте қаланың кәсіпорындарымен есепті кезеңде 131,9 млрд. теңге сомасында тауар өндірілді. Ол облыс көлемінде жоғары көрсеткіш болып табылады. Өңдеу өнеркәсібінің 23 пайызы машина жасау саласы болса, бұл саланың өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда артқан. Жеңіл өнеркәсіп өнімін өндіру де өткен жылмен салыстырғанда 1,3 есеге көп, — деген бөлім басшысы химия, тамақ өнеркәсібінде, ауылшаруашылығы саласында ілгерілеушіліктің көп екендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол өткен жылы Қазақстанды индустрияландырудың бірінші бес жылдығы аясында Семей қаласы бойынша 600 жұмыс орнын құрайтын Индустрияландыру картасының 10 жобасы пайдалануға енгізілгенін, Елбасының «Нұрлы жол  —   болашаққа бастар жол» атты Жолдауы аясында индустрияландырудың екінші бесжылдығына қала кәсіпорындарының қатысуы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізді.

 

Халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру мақсатында бюджеттен 3,1 млрд. теңге қаражат бөлініп, игерілгенін, семейліктерге баспана берілгенін және жаңа баспана құрылысы жобаларының қарастырылып жатқанын айтқан Гүлжан Алтынбекова жұмыссыздық мәселесін де сөз етті.

 

— 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыссыздардың саны 2013 жылмен салыстырғанда 28,2 пайызға төмендеп, 580 адамды құрады. Өткен жылы 2772 жаңа жұмыс орны ашылды, ол 2013 жылмен салыстырғанда 19,5 пайызға жоғары, — дей келе, баяндамашы жұмыссыздар  жұмыспен қамтылып, соның арқасында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар санының айтарлықтай азайғанын айтты. Сонымен қатар Гүлжан Қайырханқызы халықты еңбекпен қамту мақсатында шаһарымызда биыл да әртүрлі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асатынынан хабардар етті.

Қала басшысы Айбек Кәрімов аталмыш мәселе төңірегінде өзінің пікірін білдіріп өтті. Халықты қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету басты мәселелердің бірі екенін айтты.

— Ауылшаруашылық өнімдеріне деген баға қымбаттамауы керек. Ол үшін қазынадан тұрақтандыру қорына қаржы бөлінген және қосымша азық-түлік қоры бар. Сондықтан әуелде бекітілгендей, картоп, пияз, сәбіз, қызылша сынды өнімдердің бағасы келісіне 70 теңгеден аспауы керек, — деген қала әкімі бағаны тұрақтандыруға тапсырма берді.

Ресейде тауар өнімдеріне деген бағаның төмендегенін ескерген Айбек Мүталапханұлы дербес бөлім басшыларына көршілес елдің нарығындағы халық тұтынатын өнімдерге, өндіріске қажетті өнімдерге деген ұсыныс пен сұраныс және баға көлемін зерделеуді тапсырды. Қой мен жылқының елімізде негізгі шаруашылық көзі екендігін атап өтіп, аталмыш түліктердің ет өнімдері арқылы ресейлік нарыққа қаншалықты әсер етуге болатынын, бәсекелесу мәселесін таразылау қажеттігін айтты. Өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай ілгерілеушілік болғанымен, ол көрсеткіштермен тоқталмай, кем дегенде тағы жалпы кіріс көлемін 7-8 пайызға арттыру үшін жүйелі жұмыс жасау керектігін қатаң тапсырды қала басшысы.

Күн тәртібіндегі екінші мәселеге байланысты Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әсет Сүлейменов баяндама жасады. Ең алдымен қала көшелерінің жай-күйіне тоқталған  Әсет Сүлейменов өткен жылы бірқатар көшелердің жөнделгенін айтты.

— 2014 жылы Железняков, Мичурин, Дальняя көшелерін жөндеу жұмыстары басталды. Ол 2014 — 2015 жылдарға жоспарланған. Ал Морозов, Шугаев, Аймауытов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары орындалып, жаяу жүргіншілер жолдары қалпына келтіріліп, автобус павильондары орнатылды,- дей келе, бөлім басшысы жарықтандыру мәселесі де қарқынды түрде жүргізілгенін атап өтті. Қаланың көркін арттыра түсу мақсатында жол жиектеріне 302 дана қоқыс жәшіктері орнатылып, аялдама орындықтары қалыпқа келтірілгенін және мұндай жұмыстар биыл да жалғасын табатындығын жеткізді.

Кез келген жұмыс қала көркіне сай әрі сапалы орындалуы керектігін айтқан қала басшысы еліміздің рухани-мәдени астанасы саналатын шаһарымызда меймандарды абыроймен қарсы алатындай талғаммен таңдау жасап, бюджеттен бөлінген қаржыны ұтымды пайдалануды тапсырды.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

10 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС