Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

Даниал Ахметов: СЕМЕЙ СӘУЛЕТТІ ДЕ КӨРІКТІ ҚАЛА БОЛУЫ КЕРЕК

06.02.2015
Даниал Ахметов: СЕМЕЙ СӘУЛЕТТІ ДЕ КӨРІКТІ ҚАЛА БОЛУЫ КЕРЕК
FacebookWhatsappTelegram

Сенбі күні облыс әкімі    Даниал Ахметов Семейде  болып, жұмыс сапары барысында Назарбаев зияткерлік мектебінің және Юность кентіндегі 1200 орындық мектеп  құрылысының жұмыс қарқынын  барып көрді. «№1 Семей ағаш өңдеу зауыты» ЖШС-нде  болып,  қалалық  әкімдікте дербес бөлімдер мен мекемелердің және кәсіпорындар басшыларының қатысуымен жиын өткізді.

{jcomments on}Жұмыс сапарын өңір басшысы Юность кентіндегі мың екі жүз орындық мектептің құрылысымен танысудан бастады. Жобасы 2013 жылы  тұңғыш сараптамадан өткен нысан құрылысының  басталу  уақытының  кешеуілдеу  себебін  білу мақсатында аталған құрылыс алаңына  бар-ған өңір басшысы кедергі келтіріп тұрған мәселелерді шешудің жолдарын қарастырып, тез арада  жұмысты  бастауды тапсырды.

Даниал Ахметов «№1 Семей ағаш өңдеу зауыт»  ЖШС-нде болып кәсіпорынның жұмысымен танысты. Бұл өндіріс ошағының өкілдері  облыс басшысына кейінгі уақытқа дейін электр қуатының жетіспеушілігі бол-ғанын айтты. Аталмыш мәселе шешімін тауып, қазіргі таңда жұмыс  жалғасуда. Сонымен қатар кәсіпорын жұмысшылары  өңір басшысына шығарылатын өнім түрлері мен өндіріс қуаты жайлы ақпарат беріп өтті.     Зауыттағы жағдай жайлы мәліметке қаныққан облыс басшысы жұмыс қарқынын үдете түсу керектігін ескертіп, жүктелген тапсырманың орындалу барысын тексеру мақсатымен ағымдағы жылдың наурыз айында тағы да келетіндігін айтты.

 

Өңір басшысы құрылыста пайдаланылатын әртүрлі плиталар мен бетонның бірнеше түрлі маркасын  шығаратын «Фирма «Азия» ЖШС-де де болды. Айта кету керек, аталмыш кәсіпорынның  өнімдері бүгінде сұранысқа ие.

 

Облыс әкімі арнайы ат басын тіреген тағы бір нысан Қарағайлы ықшам ауданындағы салынып жатқан Назарбаев зияткерлік мектебі болды. Мердігер компанияның өкілі ғимарат құрылысының басым бөлігі аяқталуға жақын екенін жеткізді. Сонымен қатар өткен жылдың күзінде салына бастаған нысанды ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отырғанын айтты. Жалпы, Қарағайлы ықшам ауданында жиырма сегіз мыңдай адам тұрады деп көзделуде. Жоба бойынша көпқабатты тұрғын үйлер салу, оларға қажетті коммуникацияларды тарту жолдары толық қамтылған. Электр жарығымен қамтамасыз ету мәселесі де қарастырылған.  Қарағайлы ықшам ауданына коммуникациялық желілер тарту бойынша  жасалған жоба құны 2,2 миллиард теңгені құрайды деп күтілуде. Жалпы, жұмыстардың сапасы мен қарқынына көңілі толатынын жеткізген облыс басшысы бірқатар тапсырмалар жүктеді.

— Мұнда, міне, 550 мың шаршы  метрге жуық тұрғын үй салынбақ. Бірінші кезекте осы ықшам ауданда тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру керек. Бұл өз кезегінде үлкен мүмкіндіктер береді. Әрі қалаға да жақын. Сондықтан тағы да қайталап айтамын, биыл инфрақұрылымды толықтай жасап, келесі жылы көпқабатты тұрғын үйлер жұмысын осы жерде жүзеге асыру керек, — деді   Даниал Кенжетайұлы.

Жұмыс сапары аясында облыс әкімі жаңа Жедел медициналық көмек көрсету стансасының құрылысымен де танысты. Қазіргі уақытта жұмыстардың басым бөлігі аяқтал-ған. Өңір басшысы қала әкімшілігі мен мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс қарқынын арттырып, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында нысанды пайдалануға беру керектігін айтып, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар Даниал Ахметов жаңадан салынған Жедел медициналық көмек ауруханасында да болды. Мекеменің жұмысымен танысқан соң нысанның құрылысы барысында орын алған кемшіліктерді түзетуді міндеттеді. Бұл тұрғыда аурухана басшылығы мен қала әкімшілігіне бірқатар тапсырмалар берілді.

Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі қала әкімдігіне ат басын бұрып, онда қаламыздың абаттандыру мәселелеріне арналған жиын өткізді, әкімдікте ұйымдастырылған абаттандыру жұмыстарында қолданылатын өнімдер көрмесін аралаған аймақ басшысы жергілікті өндірушілер тауарларының сапасына қанағаттанатынын жеткізді.

Жиын барысында бірінші кезекте қаламыздың Орталық алаңының абаттандыру мәселесі жайлы айтылды. Мәселен, жасыл желектің қай жерлерге егілетіні, көгалдандыру қалай жүргізілетіні сөз болды. Абай театры мен әкімшілік ғимаратының күндізгі және түнгі уақыттағы безендірілуінің жобасы облыс әкімінің назарына ұсынылды. Жалпы, бұл бағыттағы атқарылған жұмысқа оң баға берген Даниал Ахметов дайын нұсқаға байланысты пікірін білдіріп, ойын айтты. Сондай-ақ жиын барысында орталық алаңда жаңа субұрқақ жасалатыны туралы сөз болды. Жаңарғаннан кейін ол су бүркіп қана қоймай, әртүрлі жарық шашып тұратын әуенді фонтан болмақ. Осы орайда субұрқақты жарық шашатын құрылғылармен қамтамасыз ететін ресейлік «Фонтанград» компаниясының өкілі Виктор Бублик жаңарған субұрқақтың қандай жарық шашатынын және оны қандай ырғақпен істейтінін айтып, жан-жақты таныстырылым жасады. Ақпаратты тыңдап болғаннан кейін мердігер мекеме өкіліне тапсырма берілді.

— Жобаға қатысты барлық техникалық сұрақтардың шешімін тауып, мамыр айында құрылыс алаңына шығып, жұмысты бастау керек. Мамырдан бастап шілдеге дейінгі аралықта барлық жұмыстар аяқталып, қала тұрғындары жаз айларында жаңа субұрқақты тамашалау мүмкіндігіне ие болулары керек. Сондықтан алдағы төрт ай ішінде дайындықты жетілдіруге тиіссіздер,- деді Даниал Кенжетайұлы.

Қазіргі таңда Абай көшесі мен Шәкәрім даңғылының қиылысында көлік кептелісінің жиілей бастағаны белгілі. Қаладағы автокөлік жүргізушілері үшін ыңғайсыздық тудырып жүрген бұл мәселені шешу мақсатында отырыс барысында осы жерде айналма жол салу туралы ұсыныс айтылып, өңір басшысына арнайы сызбанұсқасы көрсетілді. Мәліметке қанығып, маңыздылығына көз жеткізгеннен кейін облыс әкімі ұсынысты мақұлдап, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге кірісуді тапсырды.

Отырыс барысында Даниал Ахметов Семей қаласының өткені еліміздің тарихында елеулі орын алатынын тілге тиек етіп, осы орайда шаһардың сәулет тұрғысынан ерекше болуына баса назар аудару керектігін айтты.

— Біріншіден, не істеуге тиіспіз? Нендей дүние жетпейді? Семей қаласы небәрі он төрт миллион теңгенің гүлін еккен. Бұл өте аз. Сондықтан мен бұл санды ағымдағы жылы жүз миллионға жеткізуді тапсырамын. Осы орайда ескерерлік дүние — еліміздің басқа аймақтарынан әкелінген емес, осы Семейдегі көшеттерде өсірілген жасыл желекті егуіміз керек, — деді Даниал Кенжетайұлы.

Облыс әкімі сондай-ақ орталық алаңды абаттандыру жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қосымша тағы үш жүз миллион теңге, кредиторлық қарыздарды төлеуге алты жүз миллион теңге бөлінетінін атап өтті. Қала әкімдігіне орталық алаңды абаттандыру бойынша құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың мамыр айында бастауды тапсырды. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында бес балабақша салу мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Бұл жұмыстарды жүзеге асыруға жергілікті кәсіпкерлерді тартуды жүктеді.

— Қазіргі таңда Семей қаласының  қажетін шешу мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Қаржының да көлемі жеткілікті. Тек  жергілікті билік қалада іске асырылатын әрбір жобаға мұқияттылықпен қарап, белсенділік танытуы керек,- дей келе, облыс басшысы сөзін ары қарай жалғастырды. — Ақпан айында сессия өткізіліп, тұрғын үй құрылысы саласында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» кооперация үшін қосымша екі миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінеді. Сіздерден осы уақыт ішінде  құрылыс алаңдарын  және құрылыс жұмысын жүргізетін мердігерлерді  анықтау  талап етіледі.

Жиын соңында облыс әкімі әрбір жобаны жан-жақты таразылаған соң ғана жүзеге асыруды қолға алу керектігін тағы бір мәрте еске салып, қаланы абаттандыру мен құрылыс жұмыстарын жүргізуге қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

10 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС