Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

06.02.2015
АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
FacebookWhatsappTelegram

Өткен аптада қалалық әкімдікте көпбалалы аналардың тағы бір легі марапатқа ие болды. Марапаттау рәсіміне қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Азамат Құрманғалиев қатысты.

{jcomments on}Елбасы қолтаңбасы қойылған кітапша мен «Күміс алқаларды» Раушан Галиева мен Жанар Мынжанова сынды аналарға табыстаған Зәуреш Исабаева батыр аналар атына жылы лебізін білдірді.

— Әрбір нәзік жандының өмірге бала әкелуі – үлкен ерлік, үлкен қайсарлық, үлкен бақыт. Сіздер сол бақыттың дәмін татып отырсыздар. Әр адам үшін ананың орны бөлек. «Отан отбасынан басталады» деген сөз бар. Еліміздің өркендеуіне, демографиялық өсімге өз үлестеріңізді қосып жатқандарыңыз үшін, ал-ғыс айтамыз. Сіздердің жолдарыңызды кейінгі жастарға берсін. Алдағы өмірлеріңізде тек жақсылық орын алып, дендеріңіз сау болсын. Балаларыңыздың қызығын көріңіздер. Отбасыларыңызға бақыт тілеймін. Шаңырақтарыңыздың іші әрдайым шаттыққа тола берсін, — деген Зәуреш Рамазанқызы қала бойынша 2 мыңнан аса «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері бар екенін айтып өтті. Сонымен қатар елімізде өмірге ұрпақ әкелген аналар үшін барлық жағдайлар жасалып отырғанын да тілге тиек етті.

 

Марапаттауға қатысып отырған аналарға ризашылығын білдірген жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары:

 

— Бүгінгі марапаттарыңызға байланысты енді сіздерге мемлекет тарапынан 12685 теңге арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Бұл уақытқа дейін төрт балаға алып жүрген жәрдемақыларыңыз жайлы зейнетақы қоры орталығына барып кеңес алыңыздар. Мүмкін болған жағдайда, ол жәрдемақы жұбайларыңыздың атына тіркеліп, жалғаса береді, — деді. Өз кезегінде қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов:

— Елбасының атынан құттықтау, мемлекеттік қолдау сіздерге қуаныш сыйлайды деген пікірдеміз. Мемлекетіміз жылдан-жылға әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму үстінде. Болашақта ұрпақтарыңыздың саны артып жатса, қолдау аясының да кеңейе түсері анық, — деп, аналар қауымына жылы лебізін білдіріп, шаңырақтарына шаттық тіледі.

«Күміс алқаға» ие болған Раушан Галиева мен отағасы Руслан бір қыз, бес ұл балаға әлемнің жарығын сыйлаған. Тұла бойы тұңғыштары 18 жаста болса, кенжелері 1 жаста екен.

— Қуанышымызда шек жоқ. Мемлекет басшысына, қала әкімдігіне алғыс айтамын. Моральдық, материалдық жағынан бізге қолдау көрсетіп жатыр. Десе де әрбір ата-ана өмірге перзентті мемлекеттен қолдау күту үшін емес, өзі үшін әкеледі. Балаларым – бақытым. Олардың қызығы мен қуанышы – біздің байлығымыз. Әр перзентім есейіп, еліміздің өркендеуіне үлес қосса деген тілегім бар, — деген ана, Абай атамыз айтпақшы, ұрпағының әкенің емес, адамның баласы болғандығын қалайтындығын жеткізді.

Ал Жанар Мынжанова — өмірге 2 қыз, 4 ұл бала әкелген ана. Биыл 38 жасқа толып отыр. Тұңғышы 16 жастағы бойжеткен болса, сүт кенжесі — 1 жастан асқан сәби. Марапаттау рәсіміне Жанар Манапқызымен бірге енесі Роза әжей де қатысты. Өмірден көргені мен түйгені мол кейуана келіндеріне «өмірге бала әкелу – әйел адамның парызы, көп бала әкелу – бақыты» деген өнегелі ойымен үнемі бөлісетіндігін жеткізді.

Жиын соңында З.Исабаева: «Бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуымыз үшін Елбасымыз: «ұрпақтарымыз белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар болуы керек»,- деген болатын. Сол білімді, денсаулығы мықты азаматтарды бүгін сіздер тәрбиелеп отырсыздар. Мәңгілік Елдің ұрпақтары мәңгі жасасын»,- деп қорытындылады.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

9 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС