Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӨНЕРДІҢ АЛТЫН ҰЯСЫНДАҒЫ ЖҮЗДЕСУ

10.02.2015
FacebookWhatsappTelegram

Апта басында қала әкімі Айбек Кәрімов шаһардағы талай тарланды түлеткен іргелі оқу орындарының бірі Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищеге арнайы барып, аталмыш білім ордасының ұжымымен кездесті.

{jcomments on}Қала басшысын қарсы алған оқу орнының директоры Серік Малаев музыкалық училищенің тарихымен, оқу орнынан түлеп шыққан танымал өнер иелерін қысқаша таныстырып өтті. Одан кейін қала басшысы аталмыш білім ордасында өткен жылы ашылған мұражайды аралап, ондағы қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері М.Төлебаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы, мерзімді басылымдар мен оқу   орнында көп жылдар басшылық еткен тұлғалар мен білім ордасының жетістіктері жайлы ақпараттарға қанық болды.

 

Кездесу барысында еліміздің рухани орталығы    Семей қаласының мәдениетін одан әрі дамыта түсу керектігін, бұл тұрғыда М.Төлебаев атындағы музыкалық училищенің үлесі зор екенін атап өткен қала әкімі Айбек Кәрімов білім ошағының ұжымы әлі де жоғары биіктерден көріну үшін тынбай еңбектену қажеттігін тілге тиек етті.

 

— Сіздердің өнерлеріңіз көңілден шығады. Барлық    жанрға жауапкершілікпен қарап, әр нөмірге шығармашылық тұрғыдан назар аударасыздар. Бұл көрермен алдындағы жауапкершіліктеріңіздің қаншалықты екенін көрсетеді. Халық та сіздердің қойған әр нөмірлеріңізге таңданыспен қарайтын болды. Жалпы, Семей мәдениет пен өнер жағынан облыс бойынша көш ілгері екенін айта кету керек. Өйткені әрбір мәдени шараны ұйымдастырарда облыс орталығы біздің өнер майталмандарының қатысуын сұрап жатады. Әрине, бұл, шынымен де, көңіл қуантарлық жағдай, — деді А.Кәрімов өз сөзінде.

Оқу орнының біршама шығармашылық белестерді бағындырып жүргенін айтып өтіп, композитордың атымен аталатын музыкалық училищенің алдағы уақытта да талай өнер майталмандарын дайындап шығаратынына сенім білдірген қала әкімі білім ордасының ұжымының ұсыныс-тілектеріне құлақ түрді.

Ұжыммен кездесуге арнайы уақыт бөлгені үшін,   Айбек Мүталапханұлына ризашылығын білдірген училище директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Оразгүл Бекболатова оқу орнында маман даярлауда ауқымды жұмыстардың атқарылып жатқанын, түлектерінің үлкен сахналарда өнер көрсетіп жүргенін атап өтіп, білім ордасындағы бірқатар мәселелерге тоқталды.

— Бірінші кезекте, концерттік зал мен жатақхананың жоқтығы біраз қиындықтар тудыруда. Өйткені үлкен сахнаға шығып үйренбеген өнерпаздар жауапты сәттерде қобалжып қалуы мүмкін. Сонымен қатар оқу орнындағы білім алушылардың 50 пайызы алыс аймақтардан келіп оқитындар қатарында. Егер студенттерді тұрғын үй мәселесі мазалап жүрсе, онда олармен шығармашылық туралы сөз қозғаудың өзі қиын. Бұл өз кезегінде маман даярлау сапасына да кері әсерін тигізетіні даусыз. Сондықтан осы мәселелердің шешілуіне көңіл бөлінсе, — деп өтініш білдірген Оразгүл Бекболатова соңғы жылдары музыкалық аспаптар алуға мұрындық болған қалалық әкімдік пен облыстық білім басқармасына алғысын айтты.

Кезекпен сөз алған ұстаздар қауымы оқу орнына әлі де отызға жуық фортепиано сияқты аспаптардың қажет екендігін жеткізді.

Материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мәселесін сөз еткен қала әкімі облыс әкіміне бірқатар ұсыныстардың әзірленіп жатқанын, алдағы уақытта оқу орны облыстық бюджет есебінен қаржыландырылатынын айтып өтті.

— Концерт залы мен жатақхана мәселелері бойынша облыс басшысына ұсыныс жасайтын боламын. Алайда ол үшін, алдымен, жақсы жер телімін табу қажет. Концерт залы жұртшылықтың келуіне тиімді болуы керек. Қазіргі уақытта қалада бос жатқан жер телімі жоқ деуге болады. Дегенмен концерт залын салуға жақсы жер телімін қарастыратын боламыз. Ал фортепиано, рояль аспаптарымен қамтамасыз етуде ешқандай мәселе жоқ, — деді қала басшысы.

Өз кезегінде сөз алған М.Төлебаев атындағы музыкалық училищенің директоры Серік Малаев:

— Осы қара шаңырақта еліміздің мәдениет саласының дамуына айтулы үлес қосып, еңбек сіңірген          Т.Базарбаев, Н.Дәстенов, Д.Хайрулин, Т.Рахимов    сияқты көптеген тұлғалар жемісті еңбек етіп, олардан Р.Рымбаева, С.Тұрысбеков, М.Шотабаев сынды қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарының шыққанын білесіз. Ұжым ұстаздарының жемісті еңбегінің арқасында студенттеріміз түрлі деңгейдегі байқауларда жеңімпаз болып, биіктерден көрінуде. Училище ұжымы қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі мәдени іс-шараларға ұдайы қатысып тұрады. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады, — дей келе, қала басшысына ұжымның атынан ризашылығын білдірді.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

8 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС