Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕКПІНДІ ӨНЕРТАПҚЫШ ЕҢБЕКТІ ЖЕҢІЛДЕТЕДІ

10.02.2015
FacebookWhatsappTelegram

Ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында биылғы жылы Тарбағатай ауданында ежелден қалыптасқан мал шаруашылығымен қатар, суармалы егістік жерді айналымға көбірек қосып, егіншілік кәсіпті дамытуға да ерекше көңіл бөліне бастады. Басқаны айтпағанның өзінде, биылғы жылы ауданда азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастырудың негізгі көздерінің бірі  —  картоп өсіруді мықтап қолға алу жоспарлануда.

{jcomments on}Биыл аудан бойынша 700 гектар жерге картоп егіледі деп күтілуде. Әрине, осынша алқапқа дер кезінде тұқым отырғызып, оның өнімін күзде шашпай-төкпей жинап алу оңай шаруа емес. Мамандардың есебіне қарасақ, аудан шаруашылықтарында картоп тұқымын егетін, картоп қазып алатын оншақты ғана техника бар екен. Мұндай жетіспейтін күш-қуатпен қыруар істі сапалы атқару мүмкін емес. Бұл мәселе аудан басшыларын, шаруашылық мамандарын, кәсіпкерлерді ойландырмай жүрген жоқ. Аудан әкімі Ділдабек Оразбаев шаруа қожалықтары басшыларымен, диқандармен кездесулерде, ауылдарда өткен жылдық есеп беру жиындарында картоп егетін техниканы ертерек сайлап алу керектігін, оны алыстан іздемей-ақ, Екпін ауылындағы өнертапқыш азамат Мейрамғазы Қапановқа жасатып алуға да болатындығын сан мәрте ескерткен еді.

 

Осы мәселеге байланысты біз аудандық кәсіпкерлік бөлімнің басшысы Әсет Аханжановқа жолығып әңгімелестік. Шағын және орта бизнесті дамыту саласына қосқан елеулі еңбегі үшін таяуда ғана республикалық бизнес-рейтинг ұйымдастыру комитетінің шешімімен «Еңбек сіңірген мемлекеттік қызметкер» орденімен марапатталған Әсет Аханжанов: «Көктем егісіне дайындық әңгімесін Мейрамғазымен сөйлесудан бастайық»,- деп, бізді Екпін ауылына алып барды.

 

Техника тілін бұрынғы Амангелді совхозында атақты тракторшы болған, жоңышқа және жүгері өсірумен де атағы шығып, сыйлыққа талай рет ат мінген әкесі Құрманғазы Қапановтан үйренген Мейрамғазы — қазірде трактормен шөп  тиегіш «КУН-10» техникасын, картоп егетін және оны қазып алатын құрылғыларды қолдан жасайтын бірден бір маман. Бесінші сынып оқып жүрген кезінде-ақ әкесімен бірге техника тұтқасына жармасып, жұмысқа араласқан Мейрамғазыға училище немесе техникумда оқудың да қажеті болмапты. Бәрін өз бетімен талаптанып, үйреніп алған. Оның үйін кішігірім «МТС» десе болады. Темір жонатын, тесетін, кесетін, дәнекерлейтін станогы бар. Қазір трактор моторын, басқа тетіктерін жөндеп беріп, ауылдастарының алғысын алып жүр.

— Әкем Құрманғазы, ағайым Серікқазымен бірге жоңышқа да суарыстым. Сол жылдыры 250 гектар жоңышқаның әр гектарынан 7,5 тонна жоңышқа алатынбыз. Техникаға жастайымнан құштар болдым. Жылда осы кәсіпке екі-үш баланы үйретемін. Бірақ тұрақтамайды, қалаға кетіп қалады. Көктем, жаз мезгілдерінде жұмыс көп, картоп егетін төрт құрылғы жасадым. Қолма-қол алып кетті. Әлі де сұраныс көп. Ауыл-аймақтағы ағайындар картоп егетін саймандары сынса, маған әкеліп жөндетіп алады. «Бұрын қайта-қайта сына беретін еді, сіз жөндеген соң, бүлінбейтін болды»,- деп, алғыстарын айтып кетеді. Қабанбай ауылының екі азаматы екі «КУН-10» қондырғысын жасатып алды. Картоп егетін сайман жасап бер дегендер көп. Қытайдың картоп қазатын қарапайым құрылғысын да көрдім. Оны үлкейтіп, бір жүргенде екі қатарға егілген картоп жүйесін бірақ қазатын етіп жасауға да болады екен,- дейді өнертапқыш Мейрамғазы Қапанов.

Хамза СӘТИЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

8 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС