Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ БИЛІК НАЗАРЫНДА

10.02.2015
FacebookWhatsappTelegram

Ақпанның алтысы күні қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың түрлі салалар бойынша сауалдарына жауап берді. Толғандырған мәселелерінің шешу жолдары мен қандай мекемелерге жүгіну керектігі жайлы айтты.

{jcomments on}Қабылдау кезінде қала әкімінің орынбасарына бірінші болып өзінің жеке сұрағын Қамария Әділбаева есімді тұрғын қойды. Бала кезінде ауыр жарақат алып, оң аяғына екі рет ота жасатқанын айтқан ол қазір жасы алпысқа таяғанын тілге тиек етіп,  одан бері қырық бес жылға жуық уақыт өткенін жеткізді. Кейінгі кездері екінші аяғы қатты ауыра бастаған көрінеді. Ота жасауды қажет етеді. Осы орайда Қамария Еркінбекқызы өзі тұратын Шығыс кентіндегі емхананың мамандары кезекті ұзақ күтуге тура келетіндігін айтқан. Сырқаты жанына батқан тұрғынның тілегі – ота жасатуға квота бөлу мәселесін шешу. Мүмкін болса, ота жасауды жылдамдату жағын қарастыруды өтінді.

 

 

Тұрғынның сұрағын мұқият тыңдап алғаннан кейін қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы Семей қаласы бойынша бөлімінің бас маманы Светлана Вакуленкоға арнайы тапсырма берді. Мәселенің жылдам шешілуін жеке бақылауында ұстайтынын жеткізді. Ота жасатуға квота бөлудің жай-жапсары туралы мынадай ақпарат берді:

 

— Тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша бекітілген емханаңызда істейтін арнайы маманға барсаңыз, ол сізді кезекке тіркеп қояды. Өскеменге жаздырса, кезек ұзақтау болады, сондықтан Астана немесе Алматы қаласының арнайы ауруханаларына тіркетіп қоямыз. Жарты жылдың ішінде аяғыңызға жасалатын отаның кезегі келеді,- деді Зәуреш Рамазанқызы.

Қоғамдық қабылдауға келген Мәрзия Омашева есімді тағы бір тұрғын он төрт жасынан бастап еңбекке араласып, алпысыншы жылдардың соңынан тоқсаныншы жылдарға дейін сол кездегі «Большевичка» фабрикасында жұмыс істегенін айтты. Өзінің мамандығы бойынша жеткен жетістіктері үшін талай марапаттарға да ие болған көрінеді. Алайда қазіргі уақытта  тарқап кеткен фабриканың орнында құрылған «Мирас» кәсіпорнының басшылығы тарапынан Ардагер ретінде көңіл бөлінбейтінін жеткізді.

Тұрғынның өтінішін тыңдағаннан кейін қала әкімінің орынбасары бұл мәселені қалалық Ардагерлер кеңесінің басшылығымен бірлесіп шешуге уәде берді. Мәрзия Шамшиярқызын және онымен бірге келген жұбайын ардагер, аға буын өкілі ретінде ағымдағы жылы тойланатын мерейтойларды атап өтуге үлес қосуға шақырды. Шараларға қатысса, нұр үстіне нұр боларын да тілге тиек етті.

Мәрзия Шамшиярқызын толғандырған екінші сұрақ тұрғылықты мекенжайы бойынша бекітілген емханасында көрсетілетін медициналық қызмет түрлерінің сапасы жайында болды.

— Дәрілерді өзіміз сатып аламыз. Бірақ оларды еккізіп, ем қабылдайтын орын болмай тұр. Үшінші емханада ондай қызмет түрлері ақылы екенін айтады. Тым болмаса, күндіз жатып ем қабылдайтын жер болса. Осы жағын қарастырсаңыздар, — деді өз сөзінде қала тұрғыны. Қала әкімінің орынбасары Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы Семей қаласы бойынша бөлімінің бас маманы Светлана  Вакуленкоға бұл мәселені де шешу туралы тапсырма берді.

Жалпы, қоғамдық қабылдау барысында   жұмыспен қамту, зейнетақы төлеу, баспанамен қамтамасыз ету және тағы да бірқатар мәселелер бойынша сауалдарын қойған тұрғындар жан-жақты      жауаптар алды.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

7 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС