Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«ҰСТАЗ МЕРЕЙІ»

14.02.2015
«ҰСТАЗ МЕРЕЙІ»
FacebookWhatsappTelegram

Ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, халық ағарту саласының озық қызметкері Арап Еспенбетовтің 70 жас мерейтойына орай сейсенбі күні Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде «Ұстаз мерейі» атты кеш өтті.

{jcomments on}Кеш барысында кітап көрмесі өтті. Көрмеге Арап Еспенбетовтің алаштануға, Шәкірімге, С.Торайғыровқа арналған ғылыми еңбектері мен көркем шығармалары көрме арқылы келушілерге кеңінен насихатталды.

Арап Еспенбетов әлемдік сөз өнерінде ерекше құбылыс ретінде танылған «Абайдың ақындық мектебін» жаңа деңгейге көтерген ғалым. Тәуелсіздік жылдары ғалымның жетекшілігімен Абайдың ақындық мектебінің ірі өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы зерттеліп, жиырмаға жуық кандидаттық диссертация және бірнеше докторлық диссертация қорғалған. Бұл қазақ әдебиеттану ғылымындағы ірі жетістік ретінде танылды. Алдынан неше жүздеген шәкірт дәріс алған ұлағатты ұстаз, белгілі ғалым Арап Еспенбетовтің өз ортасында ғылыми мектеп – «Еспенбетов мектебін» қалыптастыруы шын мәнінде үлкен дүние.

 

Аталмыш кеште алғашқы болып сөз алған Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің ректоры, профессор Шырын Құрманбаева:

 

— Сізді аға деген асыл сөз ұғымына толық сай деп айтқым келеді. Біз сізді мақтаныш етеміз, сізбен мақтанамыз. Бүгінгі жиналып отырған қауымның көпшілігі сіздің шәкірттеріңіз. Сіздің тәлімгер ұстаз, ғалым азамат ретіндегі тұлғаңыз баршамызға өнеге. Біздің университетке қосқан еңбегіңіз де ұшан теңіз. Осында отырған талай ғалымдар сіздің мектебіңізден өткен. Арап Сләмұлы, сіз ғалым ретінде, басшы ретінде өз мектебіңізді қалыптастыра білдіңіз. Сондықтан сіз бақыттысыз деп айтқым келеді. Алуан-алуан жүректі әліне қарай ғылым деген аламан додаға қостыңыз. Өзіңіз даярлаған 19 ғылым кандидаттың оншақтысы бүгінде осы университеттің қабырғасында еңбек етуде. Шығыс өңіріне, республикаға танымал болып, ғалыми педагогикалық және басшылық қызметте жүрген шәкірттеріңіз де баршылық. Бүгін біз осы залға әр жылдарда сіздің дәрісіңізді тыңдап, білім алған, қазірде қазақ тілі мен әдебиетінің білікті маманы атанған ұстаздарды шақырдық. Сондықтан бүгінгі кешімізді – сіздің шәкірттеріңіздің есеп беру кеші деп түсініңіз, — дей келе, сөз соңында мерейтой иесін құттықтап, оқу орнының дамуына қосқан зор үлесі үшін ҚИГЗУ-дің «Құрметті профессоры» атағымен салтанатты түрде марапаттады.

Бұдан кейін ғалымның мерейтойымен бейнетаспа арқылы арнайы жазылған құттықтау-тілектер залдағы үлкен экраннан көрсетілді. Құттықтаушылардың ішінде алғашқы болып Арап Сләмұлының шәкірті, Лев Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов жылы лебізін білдірді.

— Шаған өзені Ертіс өзеніне құяды, Ертіс өзені мұхитқа құяды. Ал Арекең сол Шағанның бойында ер жетіп, қалыптасып, Ертістің жағасында толысып, қазір өзі мұхитқа айналып отыр. Біздер – шәкірттері, інілері оның осындай үлкен мұхитқа айналарын біліп, маңайында бұлақ болып қалыптастық. Арекең солардың көзін аша білді. Сондықтан да біздің азамат болып қалыптасуымызға, ғалым болып қалыптасуымызға Арекеңнің өмірі, қызметі, қайраткерлігі тікелей әсер етті. Арекеңнің бойында ел қызығатын тамаша бір қасиеттер бар. Ол далалық данышпандық, қалалық зиялылық. Бұл өзінің ғылыми зерттеу объектісінде бар нәрсе. Ұмытылып бара жатқан Алаш зиялыларының өмірбаяны мен қызметін, шығармашылығын зерттеген кезде С.Торайғыровты ерекше бөліп алып, дала мен қала ақынының айтысын тауып, зерттеп бүгінгі оқушыларға қазақ мәдениеті мен ғылымға үлкен үлес қосты. Сондықтан да Арекеңнің бірден-бір ерекшелігі өзінің зерттеу тақырыбындағы кейіпкерлері сияқты далалық та, қалалық та басымдылығымен құндылықтарды өз басына терең сіңіре білгені, — деген Е.Сыдықов мерейтой иесін құттықтап, оқытушылары Б.Кенжебаев, З.Қабдоллов, Қ.Мұхаметхановтардың көзі ғана емес, қазір өзі де болып отырғанын айтып, ұзақ ғұмыр тіледі.

Кеш барысында мерейтой иесін, сондай-ақ, саяси ғылымның докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің политология кафедрасының профессоры, Қазақстан Республикасы Білім саласының құрметті қызметкері Нәубат Қалиев, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Абай қорық-мұражайының директоры Жандос Әубәкір, Алаштану ғылыми -зерттеу Орталығының директоры Тұрдықұл Шаңбай сынды көптеген ғалым шәкірттері құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Бұған қоса ақындар Арап Сләмұлына арнау арнаса, әншілер әсем әндерін орындады.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

5 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС