Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ — ЕҢ АСЫЛ ІС ЕЛ ҮШІН

17.02.2015
FacebookWhatsappTelegram

Аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған республикалық бірмезеттік іс—шара өткізілді. Шара аясында қолөнер, көркем өнер туындыларының озық үлгілері топтастырылған ауқымы кең көрме ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды.

Кеш шымылдығы «Шаңырағың шайқалмасын десең, жеті жүкті көтере біл, бес шындықты мойындап әрекет қыл» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының бас жиынында Президент атаған — тұрақтылық, экономика, тіл, дін, еңбек, мәдениет және тыныштық -туралы баяндалған бейнероликтен бастау алды. Ізінше әртүрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін киіп әсерлі әуеннің ырғағымен қосыла қозғалған оқушылардың және аудан жастарының қатысуымен «Біз — Қазақстан халқымыз» атты флеш-моб көрсетіліп, көрермен тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Ата салтымызды ардақтаған асыл әжелеріміз жиналған жұртшылық алдында шашуларын шашып, мерекенің мерейін арттырды.

{jcomments on}Бұл мерейлі жиында алғашқы құттықтау сөз аудан әкімінің орынбасары Е.Е.Рахметуллинге берілді. Өз сөзінде ол 28 ұлт өкілі тұратын аудандағы достық пен тұрақтылықтың, ынтымақ пен бірліктің қайнар көзіне айналған ошақтарды атап, аудан көлемінде атқарылған жұмыс барысына да тоқталып өтті. Бұдан кейін кезек марапатқа да келіп жетті. Қазақстан халқы Ассамблеясының татулық пен бірлікті ту еткен, үлгі етуге лайық ерлік іс тындырған азаматтарға тапсырылатын қоғамдық «Бірлік» жүлдесі облысымыз бойынша екі азаматқа табысталды. Бұл марапатқа ие болған аудандық мәслихаттың депутаты, жеке кәсіпкер В.Г.Харченко мен «Башкуль» татар мәдени бірлестігінің жетекшісі Р.Р.Хамитов сынды бесқарағайлық азаматтарға шара барысында     құрмет көрсетілді. Сондай-ақ мереке аясында Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толуына орай, ел бірлігін нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшысы Е.М.Аязбаевтың және Бесқарағай ауданы әкімі Н.Б.Сыдықовтың Ал-  ғыс хаттарымен аудандық «Асыл әжелер» фольклорлық тобы, Беген ауылдық округіндегі халық театрының ұжымы, «Деревенька моя»  фольклорлық тобы, «Воскресение» фольклорлық тобы, Т.Ә.Боранғұлов, Э.Б.Сайферт, Т.Т.Тоқсеитов, О.Ф.Баймухамбетова, Д.А.Гусейнова марапатталды. Сол сияқты Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын мерекелеуге орай, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін көтеруге ерекше атсалысқан  М.В.Тимохина және А.Р.Байрамова ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысының Алғыс хатымен мадақталды. Салтанатты түрде жүргізілген марапаттау рәсімі аяқталысымен, халық назары мерекелік бағдарламаға ауды. Сахна төріне шығып, өздерінің кішкентай болмыстарымен, балдай тәтті тілдерімен көрермен көңілін баураған Бейбарыс Рафаэльұлы және «Айналайын» балабақшасының тәрбиеленушілері мерейлі мерекеге дайындаған тартуларын жасады.

 

Мерекелік бағдарлама мұнымен шектелмеді. Кеш барысында Беген ауылдық округінің халық театры «Бір шаңырақ астында» атты қойылым арқылы қазақ халқының бойына біткен қасиеттерді айшықтап, дәртүрімізді ұлықтап, мәрттігімізді, жомарттығымызды айқын көрсете алды. Сонымен қатар осы күні «Асыл әжелер», «Воскресение», «Деревенька моя» фольклорлық топтарының және «Сымбат», «Экситон», «Чародей» би топтарының орындауларындағы, тағы өзге де әуезді әндер мен көңілді билер көрермен қолдауына ие болса, өз жадынан шыққан өлең жолдарын оқып, тыңдаушысына тағылымды ойын жеткізе білген жерлес ақындарымызды да көпшілік жылы қабылдады.

 

Ә. ЗАИТОВА,

Бесқарағай ауданы.

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

4 часа назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС