Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР САРАЛАНДЫ

17.02.2015
FacebookWhatsappTelegram

Зайсан ауданының әкімі Алмас Оңдақанов ақпанның алғашқы аптасының сейсенбісінен бастап ауылдық округтер аумағында болып, жұртшылықтың алдында есепті кездесу жиындарын өткізді. Аудан әкімі есепті баяндамасында өткен жылы өңірде әр сала бойынша жүзеге асырылған игілікті істерді сараптап, шешімін тапқан өзекті мәселелерге жұртшылықтың назарын аударды. Биылғы алғашқы есеп беру жиыны Қаратал, Сарытерек, Біржан, Дайыр, Шілікті, Кеңсай, Қарабұлақ, Айнабұлақ ауылдарында, Зайсан қаласы бойынша аудандық Мәдениет үйінде өткен жиындарға тұрғындар ұйымшылдықпен қатысты. Сондайақ есепті жиынға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Зайсан ауданы бойынша қоғамдық кеңесшісі Қ.Әшімханов, облыстық мәслихат депутаты Б.Нұрасыл, аудандық мәслихаттың хатшысы Д.Ыдырышев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Биқадамов, сала және дербес   бөлімдердің басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

{jcomments on}Аудан әкімі А.Оңдақанов Мемлекет басшысының сындарлы саясатын жүзеге асыру мақсатында және облыс әкімі тарапынан берілген тапсырмаларды орындау мақсатында өткен жылы аудан бойынша жүзеге асырылған жоспарлы жұмыстардың барысын жіліктеп атап берді. Әрбір сала бойынша шешімін тапқан мәселелерге жан-жақты тоқталып, ауылшаруашылық, экономика, әлеуметтік жағдай, денсаулық, білім, мәдениет, спорт салалары бойынша жалғасын тапқан игілікті істердің нақтылы көрсеткіштеріне жиналғандардың назарын аударды. Ал жинал-ған қауым баяндамамен қатар, экран арқылы аудан бойынша жүзеге асырылған игілікті істер туралы бейнекөріністерді де тамашалады.

Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауынан туындайтын міндеттердің ауқымдылығын жеткізген аудан басшысы Зайсан өңірінде мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылған қомақты шаруаларды баяндап, алдағы уақыттың еншісіндегі жауапты жоспарларға да көпшіліктің назарын аударды.

 

Аудан өткен жылдың әлеуметтікэкономикалық көрсеткіштері бойынша облыста көш бастап, рейтинг қорытындысында бірінші орынға шықты. Ауданның негізгі саласы саналатын мал шаруашылығы мен егіншілік саласында да өркенін жайған өрісті істер баршылық. Мал басын асылдандыру, төрт түліктің басын өз төлі есебінен көбейту бағытында қол жеткен жетістіктер —  алдағы уақытта ата кәсіптегі шаруаның өркенін кеңейтуге мол мүмкіндіктер бар екеніне дәлел. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, тауарлы — сүт фермасын ұйымдастырып, аудандағы сүт зауытына күнделікті өнімін өткізіп отырған «Шәкен» шаруа қожалығының жарқын бастамасы өзгелерге ой тудырып, өнеге болуда. Асылтұқымды мал өсіруге ден қойған шаруа қожалықтарының өнімді ісі тиімді шаруаны жалғастырудың нақты мүмкіндігін көрсетуде. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында несиеге қол жеткізіп, қалаған кәсібін ашып, тіршілік тынысын кеңейткендердің қарқынды ісінде табыс көзінің негізі қаланған. Мемлекет тарапынан қолдау көргендер субсидия алып, маңдай терінің қарымтасын көруде.

 

Жер алып егін егіп, бақша өсіргендер табысқа кенеліп, несібесін жер – ана қойнауынан тауып, өзгелерге үлгі болуда. Олар аудан тұрғындарын сапалы өніммен қамтып, азық-түлік молшылығын жасауға сүбелі үлестерін қосуда.

Ауданда құрылыс ісі қарқынды дамуда. Жыл сайын меншігіне жаңа үй салушылардың қатары көбейіп келеді. Өткен жылғы қараша айында Зайсан қаласында жаңадан салынып  пайдалануға берілген мектеп-интернат пен жатақханасы, сондай-ақ балабақша — аудандағы әлеуметтің әлеуетін арттыруға арналған игілікті істің бірегейі. Зайсан қаласы бойынша бүгінгі күні жұмыс атқаратын алты балабақша кішкентай балғындардың күн сайын тәлімді тәрбиемен сусындайтын сүйікті мекеніне айналған. Дайыр ауылында жаңадан бой көтерген Мәдениет үйі, Сарытеректе жаңадан салынған емхана, Айнабұлақта тағаны қаланған денсаулық сақтау орыны, Зайсан қаласынан пайдалануға берілген атшабар (ипподром), Қайнар ауылында халықтың игілігіне берілген спорт модулі ауыл өміріндегі жарқын істердің жаршысындай.

Алмас Аманқолұлының бастамасымен ауылдық округтер аумағындағы шағын  елдімекендердегі тұрғындарды таза ауызсумен қамтамасыз ету ісі жүйелі жолға қойылған. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы жоспарлы жұмсалып, бірнеше мекендегі халық сапалы ауызсуға қол жеткізді.

Сол сияқты өткен жылқы жылында аудан басшысының тікелей қолдау көрсетуінің нәтижесінде алды жиырма, соңы он бес жылдан бері тоқтап қалған ауылдар мен аудан орталығына қатынайтын автобус рейстері қалпына келтірілді. Бүгінде Шілікті, Кеңсай, Біржан, Дайыр, Көгедай, Қаратал, Үлкен Қаратал бағытындағы автобустардың жұмысына жолаушылар өз ризашылықтарын білдіруде. Есепті жиында Қарабұлақ, Жарсу ауылдарының тұрғындары тарапынан рейстік автобус маршруттары ұйымдастырылса деген тілектерін білдіргендер көп болды.

Елдімекендерді көріктендіріп, көркейту мақсатында да өткен жылы ауқымды шаруалар атқарылса, биыл ол өз жалғасын табады. Көшелерді жарықтандыру, көріктендіру, жолдарды қалпына келтіріп, асфальттау сияқты жұмыстар да жүйелі жалғасуда.

Ардақты БӨЛДЕКБАЕВА,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

4 часа назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС