Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«АЙНАКӨЛ» ӘН-БИ АНСАМБЛІНЕ 40 ЖЫЛ

17.02.2015
FacebookWhatsappTelegram

Өнердің қара шаңырағына айналған аудандық Мәдениет үйіне жиналған көрермен қауым 1975 жылы алғаш рет негізі қаланып, бүгінде талай белестерді бағындырған «Айнакөл» ансамблінің қырық жылдығына арналған мерекелік концертті тамашалады. Киелі Зайсан топырағында дүниеге келіп, ұлағатты өмірін табиғи талантының нәтижесінде өнермен өрнектеп, республиканы айтпағанда, Ресейде Мәскеудің және өзге де мемлекеттердің сахналарында талайды тамсандырған Ораз, Күлзипа Какеевтер, Қанағат Мұқанов, Қабимолда Байытов, Рысбек Жұмағалиев, Қазима Бықаева сияқты өмірден өткен сахна саңлақтарының суреттерін бейнекөріністерден көріп, өткен күндердің ұмытылмас сәттеріне куәгер болды. Еріксіз сағыныштан жанарға жас толды…

{jcomments on}Сағындырған сағым уақыттың жетегімен қырық жылды соңына қалдырған «Айнакөл» ансамблі қамал алар осы шаққа жеткенше көптеген тұғырдан көрінді. Дағдарыс кезеңіндегі қиындықты, нарықтық экономиканың жауапкершілігін арқалай жүріп, көрерменнің көзайымы бола білді. Есімі ел есінде мәңгілікке сақталған Ораз ағамыз сияқты күміс көмей әншілердің ізбасарлары атанған шәкірттері тамылжыта шырқағанда, «Орнында бар оңалар» деген сөз тіркесі еске оралғаны да шындық.

Киелі сахна төріне шыққан Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Нұрмұханова Раушан Қапасқызы киім тіктіруге 300 мың теңгенің сертификатын тапсырды. Зайсан ауданының әкімі Алмас Оңдақанов пен аудандық мәслихат хатшысы Дәулет Ыдырышев «Айнакөл» ансамблінің  ұжымын 40 жылдық мерейтойымен құттықтады. Ансамбльдің жетекшісі Мұратхан Донбаевқа құттықтау хаттары мен материалдық базасын нығайтуға 300 мың теңгенің сертификатын тапсырды. Ансамбльдің зейнеткер-лікке шыққан еңбек ардагерлері мен  мүшелері аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың Алғыс хатымен, ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Бұл күні көрермен көз жазып қалған сүйікті әншілері мен бишілері Жаңылсын Талғарбекова, Райхана Тергенбаева, Райса Елеуованың өнеріне ыстық ықылас танытып,  қолдау көрсетсе, сексеннің сеңгіріне қадам басқан Ильхам Ниғыметжанов, кезінде  «Айнакөл» әнінің алғашқы орындаушысы болған Совет Салиев сияқты мәдениет саласының ардагер тарландары сахна сәнін келтіргендей әсерде қалдырды. Есімі еліне танымал актер Жексен Тоқтасынов бастаған топтың сомдаған қазақ хандарының бейнесі көрермен қауымды ұлттық тарихымыздың шежірелі беттерін парақтағандай күйге бөледі. Аудандық Мәдениет үйінің халық театрының режиссері, Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Алма Сүлейменованың ұйымдастыруымен бейнеленген «Көш керуен» көрінісі де өткен тарихтың шежірелі беттерінен сыр шерткендей болды. «Шығыстың қос жұлдызы» әнін Майгүл Мұжанова тамылжыта шырқаған кездегі сахналық қойылым да сұрапыл кезеңнің ұмытылмас сәтін еске түсірді.

 

Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Мұратхан Донбаев бастаған өнер иелері  «Айнакөлдің» атына заты сай деңгейден көрінуіне шығармашылық ізденіспен тер төгіп жүргенін осынау мерейлі сәтте атап айтқанды жөн көрдік. Мұрат Далабаев, Жолшыбайхан Дуанханов, Ақыл Солтанов,Талғат Мамырбаев, Анар Домбаева, Майгүл Мұжанова, Бикен Жабашева, Мөлдір Ысқақова сияқты көптеген өнер иелерінің есімі жерлестерінің арасында әркез құрметпен аталады. Көрермендер тарапынан солардың өнеріне қошеметпен қол соғылатыны өнер иелерінің әрқайсысына көрсетілген ілтипат екені шындық. Мерекелік концертке келген  жеке кәсіпкерлер Г.Шерубаева, Ж.Абызбаева, Толыбаева ансамбльдің мерейлі сәтіне арнаған шашуларын сыйға тартты.

Ардақты БӨЛДЕКБАЕВА,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

4 часа назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС