Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАУЫНГЕРЛЕР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

17.02.2015
FacebookWhatsappTelegram

Ақпанның 15-і күні Ауған жерінен әскердің шығарылғанына 26 жыл толуына орай, интернационалист —      жауынгерлер мемориалының жанында         арнайы митинг өтті. Шараға қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева, Ауған соғысының ардагерлері, «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының әскери қызметкерлері қатысты. Жиын барысында соғыста қаза тапқан жауынгерлердің аналарына «Азалы кітап» табыс етілді.

{jcomments on}26 жыл. Он жылға созылған соғыстан кейін әскерлердің Ауған жерінен шығарылғанына, міне, осынша уақыт өтті. Алайда ол әкелген қайғы-қасіреттің табы қаза тапқан жауынгерлер мен марқұмдардың қарулас достарының жүректерінен өше қойған жоқ. Талай боздақтарымыз қыршыннан қиылып, өмірімен ерте қоштасты. Қырық төрт семейлік азамат майданда қаза тапса, екі жауынгер із-түссіз жоғалды. «Ауған соғысы және жергілікті соғыстар ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Боранбай Бегатовтың айтуынша, бұрынғы Семей облысынан Ауғанстанға мыңнан астам жауынгерлер мен офицерлер аттанған көрінеді. Қазіргі таңда Семейде 445 Ауған соғысының ардагері тұрып жатыр. Олар мүмкіндіктері жеткенінше қаза тапқан жауынгерлердің ата-аналарымен жылы қарым-қатынастарын сақтап, көмек көрсетуде. Ауған соғысы ардагерлерінің әрқайсысы үшін ең басты күн болып 15 ақпан – кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күні саналады.

 

Мемориалға гүл шоқтарын қойып, қаза тапқан жауынгерлердің рухтарына тағзым еткендердің арасында қайтыс болған офицердің зайыбы Татьяна Отрощенко да болды. Оның жұбайы Владимир Отрощенко 1980 жылы Ауғанстан жеріне аттанған. 1981 жылы 2-ші қазан күні әскери тапсырманы орындау барысында қайтыс болған.

 

— Ауған соғысында көз жұмған    жауынгерлердің ата-аналары мен жұбайлары үшін 15-ші ақпан – ерекше күн. Бізді ұмыт қалдырмай, қолдау білдіріп келе жатқандары үшін Ауған соғысы ардагерлеріне алғысымды айтамын. Бүгін де, міне, олар мүмкіндіктерінше бізге ерекше көңіл бөліп қамқорлық танытуда,-дейді Татьяна Отрощенко.

Бір минут үнсіздік пен гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін еске алу күні Абай атындағы театрда жалғасын тапты. Салтанатты жиын барысында Ауған соғысында көз жұмған жауынгерлердің және офицерлердің ата-аналары мен жұбайларына «Азалы кітап» табыс етілді. Онда қайтыс болған және із-түссіз жоғалған шығыс-қазақстандық жауынгерлердің әрқайсысы туралы мәліметтер мен олардың фотосуреттері басылған. Кітаптың шығуы жөнінде айта келе, «Ауған соғысы және жергілікті соғыстар ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Боранбай Бегатов:

— Қазіргі таңда Ауған соғысы жауынгерлерінің құрметіне орнатылған мемориалдың жөндеу жұмыстарын атқаруға қатысты шаралар қолға алынуда. 2002 жылы бой көтерген ескерткіш бүгінде жөндеуді қажет етеді. Былтыр жергілікті бюджет есебінен маңайындағы шағын саябақ жөндеуден өткізілген болатын, биыл кезек ескерткіштің өзіне келіп жетті,- деді.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

4 часа назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС