Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖОБА АЯСЫНДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР

17.02.2015
FacebookWhatsappTelegram

Өткен аптада Семей өңірінде Шығыс Қазақстан облысындағы БҰҰ Бірлескен бағдарламасы аясында халықтың әлжуаз тобына қолдау көрсетуге   бағытталған бірнеше жобаның ашылу рәсімі өтті.

{jcomments on}Игі шараның бірі Мұқыр ауылында өткізілді. Семей қаласына қарасты Ертіс ауылдық округінің Мұқыр ауылында жаттығу орталығы ашылды. Енді кез келген ауыл тұрғыны бұдан былай өздерінің жеке жаттығу залында дайындалатын болады. Бұл — ауыл тұрғындарына арналған алғашқы тұрақты зал.

Салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева, Ертіс ауылдық округінің әкімі З.Межекенова және жобаның жүзеге асуына мұрындық болған ұйымдар мен ауыл тұрғындары қатысты. Жоба «Нұр Қала» қоғамдық бір-лестігімен БҰҰ ДБ гранттық жобасы аясында іске асырылды. Ал округ әкімдігі аталған орталық құрылған базадан бөлек орын жай қарастырып берген. Аталмыш орталықта ауылдың мүмкіндігі шектеулі адамдары мен егде адамдар арнаулы әлеуметтік қызметтер, сауықтыру және психологиялық қызметтер ала алады.

Жаттықтыру залы лентасын қию құрметі қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева мен Мұқыр ауылындағы аралас үлгідегі №3 емхана басшысы Найля Албеноваға берілді. Қонақтар жаңа спорт залының лентасын қиып, жаттығу орнымен танысты. Алғашқы құттықтау сөз ал-ған әкім орынбасары Семейде БҰҰ Даму бағдарламасы көмегінің арқасында көптеген орталықтардың ашылғанын, ал аталмыш жаттығу залының ауылды жерлерде алғаш рет ашылып отырғанын жеткізді.

 

— Бүгін Мұқыр ауылында ерекше күн деп айтуға болады. Себебі БҰҰ Даму бағдарламасы көмегінің арқасында тамаша орталық ашылып отыр. Орталықтың денсаулықтарыңызды жақсартып, өмір жастарыңызды ұзарту үшін септігін тигізері сөзссіз. Мұны мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен үлкен адамдарға жасалып отырған қамқорлық деп біліңіздер. Сондықтан қала әкімі Айбек Мүталапханұлы мен өз атымнан бүгінгі орталықтың ашылуымен құттықтаймын, — деген Зауреш Исабаева жобаның жүзеге асуына мұрындық болғандарға ризашылығын айтып, ауылдың гүлденуіне тілектестік білдірді.

 

Бұдан әрі Шығыс Қазақстан облысы БҰҰ Даму бағдарламасының кеңесшісі Жанна Жибраева мен жоба менеджері Рауан Қалиев сөз алып, атқарылып жатқан шаралар еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағыттал-ғанын, бұл тұрғыда ауылды жерлерде де игі істер қолға алынып жатқанын атап өтті. Рауан Қалиевтің айтуынша, Семей қаласы әкімшілігінің қолдауымен жүзеге асып отырған жоба арқасында Мұқыр ауылының тұрғындары спортпен шұғылдануға мүмкіндік алды. Аталмыш ауылда бүгінде екі мыңнан астам тұрғын бар. Олардың мыңнан астамы зейнеткерлер болса, мүмкіндігі шектеулі отыз адам мен тылда еңбек еткен оншақты ардагер де осы ауылда тұрады.

— Жобаның аясында оттегі конденсаторы, веложаттығу құрылғысы мен спортпен айналысуға арналған көптеген бұйымдар алынды. Бұл ауыл тұрғындарына спортпен айналысуға және бос уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сауығу бөлмесі өсіп келе жатқан жастардың, қарт адамдар мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың денсаулықтарын жақсартып, салауатты өмір салтын ұстануларына жағдай жасайды, — дейді  БҰҰ Даму бағдарламасының менеджері Рауан Қалиев.

Айта кету керек, 2014 жылдың қорытындысы бойынша БҰҰ Даму бағдарламасы аясында 12 жоба жүзеге асып, оған мөлшері 13 млн. теңге қаражат жұмсалған. Негізгі қаражат мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен қарт адамдардың экономикалық және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділіктерін арттыруға жұмсалып отыр. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жұмыс орындарын ашып, бос уақыттарын тиімді өткізуге бағытталған жобалар жүзеге асқан.

Мұқыр ауылынан кейін қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева қаладағы № 20 орта мектетегі жаңартылған түзету сыныбының ашылуына қатысты. Мұнда мүмкіндігі шектеулі балалар тегін білім алады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы аталмыш сыныптар алғаш рет қаладағы екі мектепте пайдалануға берілген болатын. Олар мемлекеттік тілде білім беретін № 42 және орыс тілінде білім беретін               № 20 орта мектеп болатын. Бүгінгі күні атал-ған оқу орындарында 1-2 сыныптардың 20 оқушысы ерекше білім беру талаптарымен оқытылуда. БҰҰ ДБ-ның жобасы арқасында түзету сыныптары арнаулы құрылғылармен, жиһаздармен жабдықталды. Жалпы, жоба құны 900 мың теңге.

Шараның салтанатты ашылуында шағын орталық тәрбиеленушілері мен бастауыш сынып оқушылары шағын концерт ұсынып, көптің көңілінен шықты. Семей қаласы әкімінің орынбасары З.Исабаева аталмыш екі мектеп базасында мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізіліп отырған жұмыстарды жоғары бағалап, БҰҰ ДБ өкілдеріне жүзеге асырылып отырған әлеуметтік бағдарламалар үшін ризашылығын білдірді. Ал мектеп директоры Розалина   Рахимова қалалық әкімшілік пен қолдау көрсетіп келе жатқан үкіметтік емес ұйымға алғысын жеткізді. Айта кету керек, оқу орнының жөндеу жұмыстарына бюджеттен 34 млн. теңге бөлінген.

Сөз соңында Шығыс Қазақстан облысы БҰҰ Даму бағдарламасының кеңесшісі Жанна Жибраева мен жоба менеджері Рауан Қалиев халықтың әлеуметтік осал тобына қолдау көрсетуге бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса беретінін атап өтті.

БҰҰ мен Шығыс Қазақстан облысының бірлескен бағдарламасы өз жұмысын 2011 жылы «Аймақтық жоспарлауға инновациялық тәсілдерді енгізу және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету арқылы өңірдің бәсекеге қабілеттілігін көтеруден бастаған болатын. Бағдарлама халықтың өмір сүру сапасын көтеру және Шығыс Қазақстан облысында, атап айтқанда Семей ядролық полигонында жүргізілген ядролық сынақтардан қатты зардап шеккен аудандардың дамуына қол жеткізу мақсатын көздейді. Тұтастай алғанда бірлескен бағдарламаның моделі халықтың өмір сүру сапасын көтеруде табысты болып отыр. Осыған ұқсас бағдарламаларды Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында іске асыру басталып кеткен.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

4 часа назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС