Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АЗАМАТ АТЫ АРДАҚТАЛДЫ

17.02.2015
FacebookWhatsappTelegram

Туған елінің өркендеуі мен дамуы жолында аянбай еңбек еткен тұлғалардың есімдерін ардақтау – баршамызға ортақ парыз. Ақпанның он үші күні белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Екейбай Қашағановтың құрметіне ескерткіш тақта орнату рәсімі өтті. Шараға қала әкімі Айбек Кәрімов, зиялы қауым өкілдері, оқу орындарының студенттері қатысты.

{jcomments on}Екейбай Қашағанұлы  еліміздің оңтүстігінде дүниеге келген. Тірі болса, биыл жасы 95-ке толар еді. Соғысқа қатысқан ардагер майдан даласынан 1946 жылы оралады. Одан кейін әртүрлі жауапты қызметтерде істеп, 1964-1980 жылдар аралығында Семей обкомының 2-хатшысы, облыстық атқару комитетінің төрағасы болып еңбек етті. Осы уақытта өзін іскер басшы ғана емес, туған халқының өнері мен мәдениетінің дамуына бейжай қарамайтын азамат ре-тінде танылды. Қаламызда дана Абай мен Мұхтар Әуезовке, Достоевский мен Шоқан Уәлихановқа ескерткіш орнатуға, Абай, Ф.Достоевский, М.Әуезов мұражайларын ұйымдастырып, қыстауларын қалпына келтіруге, Семей қаласының ортасында Абай атындағы драмалық театр салдыруға күш-қайратын жұмсаған. Бұл — ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында жиналған қауым тарапынан марқұмның атқарған еңбектері жайлы айтылған мәліметтердің бір парасы ғана. Жиын барысында алғашқы болып сөз алған қала әкімі Айбек Кәрімов ардақты азамат Екейбай Қашаған-ұлының өмірінің 16 жылын Семей өңірінде басшылық қызметке арнап, өлкеміздегі игілікті шаралардың бастамашысы болғанын атап өтті.

 

— Екейбай Қашағанұлы басқарған уақытта, қаланың өңі өзгеріп, бас жоспары жасалды. Қаламыз өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы жағынан алдыңғы қатарға шыққан болатын. Биылғы жылы Екейбай атаның есімін осы Семей жұртшылығының есіне сала отырып, Жеңістің 70 жылдығы туралы айта кетпесе болмайды. Себебі Екейбай Қашағанұлы — майдан даласында алғы шепте болып, батырлығымен ерліктің үлгісін  көрсете білген абзал азамат. Сондықтан бүгінгі жиын, ескерткіш тақтаның ашылуы, менің ойымша, ең бірінші, біздің жастарымызға арналуы керек. Біздің жастарымыз, Тәуелсіз Қазақ Елінің, Қазақ мемлекетінің жастары, өздерінің үлгі болған аталары бар екенін, біздің мемлекетімізді, Қазақ жерін, қазақ ұлтын көтеруде кімнің қалай еңбек еткенін жақсы білуге тиіс,- дей келе, Айбек Мүтәлапхан-ұлы ескерткіш-тақтаны ашу туралы бастаманың жүзеге асырылып отырғанына қуанышты екенін жеткізді. Сондай-ақ ол жиынға қатысқан Екейбай Қашағанұлының замандастарына, ақсақалдар қауымына алғысын білдіріп, еліміз үшін қызмет істеген азаматтарды әрқашан да ардақтап, жастарға дәріптеп отыруға уәде берді.

 

Өз кезегінде қаланың Құрметті азаматы, республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер Мұстафа Ілиясов осынау ескерткіш тақтаның ашылуына қолдау білдірген қала басшылығына ризашылығын айтып, Екейбай Қашағанұлының қайраткерлігі мен азаматтық болмысы жайлы хабар беретін естеліктерімен бөлісті.

— Мен бір ғана мысал келтіре кетейін. Жетпісінші жылдардың ортасында Көкпекті ауданында Пушкиннің «Дубровский» повесінің Шәкәрім тәржімалаған аудармасын жариялау қолға алынады. Типографияда директоры басып жатқанда, аудандық газеттің редакторы ол жайлы біліп қойып, ол жайында аудандық партия комитетінің хатшысына хабарлайды. Содан бұл мәселе облыстық партия ұйымына дейін көтеріліп, үлкен әңгіме болады. Ең аяғы, обкомның бюро отырысында «халық жауының еңбегін баспада басуға болмайтыны» жайлы айтылып, талқыға түседі. Осы жиынның үстінде Екейбай Қашағанұлы сол кездегі Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің басшысы Мырзамсейіт Жангелдинге қаратып, бұл жерде қылмыс санарлық ештеңе көріп тұрмағанын айтады.  Ол кісі де: «Мен де солай ойлаймын»,- деп жауап береді. Сонымен бұл мәселеге нүкте қойылған еді,- деді Мұстафа Ілиясұлы.

Жиын барысында Семей қалалық Ардагерлер кеңесінің мүшесі Қожағұл Тоқабаев та ескерткіш тақтаның ашылуына қатысты өзінің жылы лебізін білдірді. Екейбай Қашағанұлының жарқын бейнесі жайлы естеліктерімен бөлісті. Сіңірген еңбектері туралы білетін ақпарын ортаға салып, мар-құмның атқарған еңбектерін дәріптеп, тұлғалық қасиеттері хақында айтудың жас ұрпақты тәрбиелеуде үлкен мәнге ие екендігін тілге тиек етті.

Ескерткіш тақтаның ашу құрметі, қаламыздың қадірлі ақсақалдары, республикалық дәрежедегі зейнеткерлер Сейітжан Тәбәрікұлы мен Хафиз Матайұлына берілді.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Связанные новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

26.05.2026
Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

Глава государства подписал законы о внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан «О государственной службе», а также в ряд...

Читать далее ...

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

25.05.2026
В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

В столице Казахстана начался прием заявок на участие в международном конкурсе Astana AI Film Festival (AAIFF), посвященном фильмам, созданным с...

Читать далее ...

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

25.05.2026
Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

Astana AI Film Festival открыл прием заявок, и теперь любой креатор может загрузить свой фильм на платформу. Вот ссылка https://aaiff.ai/...

Читать далее ...

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

25.05.2026
Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

Подать работу можно на официальном сайте aaiff.ai К участию приглашают креаторов со всего мира – как индивидуальных авторов, так и...

Читать далее ...

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

25.05.2026
В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

Комитет языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан объявил о проведении республиканского конкурса «Мемлекеттік тіл және БАҚ». Цель...

Читать далее ...

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

25.05.2026
Праздник Курбан айт отметят 27 мая

В этом году священный праздник Курбан айт будет отмечаться с 27 по 29 мая. В связи с этим в регионе...

Читать далее ...

Новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

18 часов назад

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

1 день назад

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

1 день назад

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

1 день назад

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

1 день назад

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

2 дня назад

Во время Курбан айта забой скота разрешён только в специально отведённых местах

2 дня назад

При поддержке партии AMANAT в селе Орда открыт амбулаторный пункт

5 дней назад

В области Абай в честь Международного дня музеев прошла акция «Ночь музеев»

5 дней назад

В области Абай откроют новую специальную экономическую зону

5 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС