Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

Ассамблеяның Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы Үндеуі

17.02.2015
FacebookWhatsappTelegram

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері депутаттық топқа Парламент Мәжілісінде Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге бастама көтеру туралы Үндеу жолдады.

 

Қазақстан халқы

Ассамблеясы Кеңесі мүшелерінің

ҮНДЕУІ

Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелері, болашаққа деген жауапкершілігімізді сезіне отырып, Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жақтастары әрі Отанымыздың патриоттары ретінде халыққа үндеу жолдаймыз.

Қазақстан халқы Ассамблеясына Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы бастама көтеріп, еліміздің барлық өңірлерінен көптеген азаматтар хабарласуда.

Қазақстан халқы Ассамблеясы осы маңызды мәселе бойынша ұстанымын білдіруді өзінің азаматтық борышы деп санайды.

Әлемдік экономикалық дағдарыс пен күрделі халықаралық жағдай орын алып отырған тұста, сайлау өткізу туралы жалпыхалықтық бастаманың көтерілуі уақыт талабы болып табылады.

Жаһандық сын-қатерлер кезеңінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанды дағдарыстан алып шығуына мүмкіндік беретін жаңа сенім мандаты берілуі қажет.

Әлемде тұрақсыздық орын алған жаңа әрі күрделі кезеңде  еліміз стратегиялық бағытынан айнымай, Қазақстанды жаңғырту және дүниежүзінің озық 30 елінің қатарына енуі үшін, Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа сенім білдіру қажет.

Сонымен қатар Елбасына сенім мандатын білдіру арқылы әлемдік дамудың жаңа кезеңінде халқымызды біріктіріп, мемлекетті дамытудағы маңызды мәселелерге ден қоюға мүмкіндік аламыз.

Бүгінде «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» бағдарламасын және «Қазақстан-2050» ұзақмерзімді Стратегиясын жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді біріктіру керек.

Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясат төңірегінде топтасу арқылы еліміздің одан әрі қарқынды дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізе алатынымызға сенімдіміз.

Сондықтан осы күрделі заманда біз барша қазақстандықтарды Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төңірегінде топтасуға шақырамыз.

Президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу арқылы экономика өсімін нығайту, жүргізіліп отырған саясаттың сабақтастығын қамтамасыз ету маңызды. Бұл бастамаға, шын мәнінде, басқа балама жоқ.

Сонымен бірге ендігі 2016 жылы президенттік және парламенттік сайлаулар бір мезгілге сәйкес келеді. Конституция нормаларын бұлжытпай орындау мақсатында екі сайлауды әртүрлі кезеңдерде өткізген жөн.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Отанымыздың орнықты дамуы мен алға жылжуына бағытталған бастамаларды қашан да қолдап келді және болашақта да солай бола бермек.

Осы жалпыхалықтық бастаманы көтере отырып, қазақстандықтар тарапынан да, халықаралық қауымдастық тарапынан да қолдауға ие боламыз деген сенімдеміз, өйткені біз халқымыз бен еліміздің биік мүддесін көздеп отырмыз.

Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!

Қазақстан жылдан-жылға гүлденіп, әлемнің белді әрі беделді мемлекетіне айнала берсін!

Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттар тобына Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы бастама көтерсін деп үндеу жолдаймыз.

Қазақстандықтар әлемнің ең озық отыз экономикасы қатарына енуге мүмкіндік беретін «Қазақстан-2050» Стратегиясын жалғастыруды қалайды!

Қазақстандықтар «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» бағдарламасын қолдайды!

Қазақстандықтар ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуды, одан әрі дамуды қалайды!

Біз барша Қазақстан халқын, саяси партияларды, азаматтық секторды және еліміздің патриоттарын Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы бастаманы қолдауға шақырамыз!

Астана, 2015 жылғы 14 ақпан

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

3 часа назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС