Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ДОЙБЫНЫҢ ДАМУЫНА МҮМКІНДІК МОЛ

20.02.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семей қаласының спорттық шеберлік мектебінде аталмыш мекеме мен Республикалық Дойбы федерациясының бірлесіп ұйымдастыруымен «Дойбыны үйрету, ойнату және бағалау әдіс—тәсілдері» атты республикалық семинар өтті.

{jcomments on}Семинарға Республикалық Дойбы федерациясының президенті Алла Чуприк пен спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Жандос Үсенов, дойбыдан бірнеше дүркін Азия және Қазақстан чемпионы Юлия Рынгач, сол сияқты Астана мен Алматыдан, Шымкент, Қарағанды, Павлодар сияқты еліміздің бірқатар қалаларынан дойбы спортының майталмандары, сонымен қатар Семей қаласындағы орта білім беретін мектептердің дене тәр-биесі пәнінің мұғалімдері қатысты. Семинардың мақсаты – еліміздегі дойбы спорт түрін дамытып, жастарға кеңінен насихаттау.

Бірнеше бөлімнен тұрған семинарға алыс-жақыннан келген мәртебелі меймандар алдымен дөңгелек үстелде бас қосты. Спорттық шеберлік мектебінің директоры Сейсен Масалимовтың төрағалық етуімен өткен жиында дойбы спортының арғы-бергі тарихы туралы кеңінен сөз болды. Сейсен Ешенғазыұлынан кейін сөз алған республикалық дәрежедегі төреші, қосымша білім беру педагогі Дәрібай Таукенов дойбының Семей өңіріндегі тарихы туралы баяндама жасады. Басқосу барысында дойбы спортының майталмандары шеберлік сағатын өткізіп, семинарға қатысушылар өзара тәжірибе алмасты.

 

Семинардың келесі бөлімдерінің бірінде дойбыдан спорт шеберлігіне үміткер, қосымша білім беру педагогі Жарас Исаханов «Комбинациялық ойын тәсілдері» атты ашық сабақ өткізді. Ал дойбыдан бірнеше дүркін Азия және Қазақстан чемпионы Юлия Рынгач жаппай сеанс ойынын көрсетті. Яғни бір мезгілде семинарға қатысушылардың әрқайсысымен кезек-кезек дойбы ойнап, өзінің шеберлігін танытты. Одан кейін қосымша білім беру педагогтарының ұйымдастыруымен, спорттық шеберлік мектебінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Дойбы әлеміне саяхат» деп аталатын әдеби-сазды көрініс пен жанды дойбы ойыны өтті. Бұл бөлім қонақтардың назарын аудартпай қоймады. Еденге салынған жүру алаңында әр оқушы дойбының бір-бір тасының рөлін атқарып, әдемі ойын өрнегі көрсетілді.

 

Спорттық шеберлік мектебі директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Әсел Ракишеваның айтуынша, мұнда республикалық семинардың өткізілуі бірінші рет емес көрінеді. Өткен жылы тоғызқұмалақ спортына арналған республикалық деңгейдегі семинар өткенін айтқан Әсел Ракишева қалалық шаралардың ұдайы өткізіліп тұратынын тілге тиек етті.

Айта кету керек, қалалық білім бөліміне қарасты спорттық шеберлік мектебі өткен жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қаладағы № 42 мектептің базасында орналасқан мекемеде 35 адам жұмыспен қамтылған, оның 30-ы педагог мамандар. Спорттық шеберлік мектебінде дойбы, тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі, қол күрес, қазақ күресі, гір көтеру спорт түрлері бойынша оқушыларды спортқа баулу үйірмелері бар. Жалпы, қала бойынша 1300-ге жуық оқушы осы спорттық шеберлік мектебінде тәлім алуда. Мұнда, жаттығу залдарымен қатар, интерактивті тақтамен, заманауи құрылғылармен жабдықталған ақпараттық-технологиялық дәрісхана да жұмыс істейді. Онда компьютермен дойбы, тоғызқұмалақ, шахмат сияқты тақталы ойындарды ойнауға мүмкіндік мол. Спорттық шеберлік мектебінің директоры Сейсен Масалимов пен оның орынбасары Әсел Ракишеваның және әдіскер Айгүл Қуанованың бастамасымен түрлі шаралар ұйымдастырылып тұратын көрінеді. Соған орай жұмыс нәтижесі де жаман болмаса керек. Бұл жерде тәлім алушы оқушылар республикалық, облыстық, қалалық жарыстарда топ жарып, біршама жетістіктерге жеткен. Олардың алар асулары әлі де алда екендігін айтады ұстаздары.

Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етіліп, аталмыш шараны өткізуге атсалысқан педагогтар мен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Өз салалары бойынша мол мағлұматқа қанық болып, ерекше әсер алғандықтарын айтқан семинарға қатысушылар спорттық шеберлік мектебінің ұжымына, осындай тағылымды шараны ұйымдастырғаны үшін, зор ризашылықтарын білдірді.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

2 часа назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС