Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

20.02.2015
FacebookWhatsappTelegram

Киокушинкай каратэ спорт түрі бойынша Астана қаласында өткен VІІІ халықаралық ТМД кубогіне қатысқан семейлік спортшылар бұл жарыстан олжалы оралды.

{jcomments on}Астана мен Алматы қалаларынан, еліміздің әр аймағынан және алыс-жақын шетелдерден 6 жастан 18 жасқа дейін, жалпы, 400-ге жуық спортшы қатысқан. Ал бұл байрақты бәсекеде Семейдің 50 спортшысы бақтарын сынаған екен. Соның алтауы жүлделі орынға ие болған. Жарыс барысында 55 келі салмақ дәрежесі бойынша ересектер арасында өнер көрсетіп, жекпе-жектің үшеуінде де қарсыластарынан басым түскен жерлесіміз Мұхаметәли Дүйсенғазин І орынды қанжығаға байлап, алтыннан алқа таққан.

Жеңімпаз ұлды әкесі Кенжебек Тырнақбаев пен ағасы Толқын Тырнақбаев бастаған топ жексенбі күні теміржол бекетінен құшақ жая қарсы алды. Байрақты бәсекеде балаларының бағы жанғаны үшін, әрине, тақымын қысып тілеуін тілеген ата-ананың қуанышында шек жоқ. Кенжебек Дүйсенғазыұлы мен Мархабат Мәмиқызы қос құлыны Мұхаметәли мен Аяулымға тағылымды тәрбие беруде. Балаларының болашағынан зор үміт күтетіндіктерін айтады олар.

— Жекпе-жек алаңындағы бірінші қарсыласым астаналық спортшы болды. Екінші кезекте Зырян қаласының каратэшісімен, ал үшінші кезекте маңғыстаулық каратэшімен кездестік. Қарсыластарымның ішіндегі ең мықтысы деп зыряндық спортшыны айтуға болады, — дейді М.Дүйсенғазин.

 

Айта кету керек, аталмыш жарыста Семейдегі «Барыс» спорт клубының бапкері Ерік Дәулетқалиевтің, Мұхаметәли Дүйсенғазиннен басқа, Жәнібек Пышақбаев, Батырхан Бояубаев сынды шәкірттері ІІ, ІІІ орындарды еншілеген.

 

Ал Мұхаметәлидің каратэмен айналысып жүргеніне 10 жылдай уақыт болыпты. Бұл уақыт ішінде арынды ұл біршама жетістіктерге қол жеткізген. Қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанып, 20 шақты медальмен, 5-6 кубокпен және көптеген дипломдармен, мақтау қағаздарымен марапаттал-ған. Бүгінде спорт шеберлігіне үміткер, қоңыр белбеу иегері атанған Мұхаметәли қаладағы колледждердің бірінде дене тәрбиесі пәні мұғалімі мамандығы бойынша білім алуда. Болашақта өзінің жеке спорт мектебін ашуды армандайтын жалынды жігіт мақсатына жету үшін әлі талай тер төгу керек екенін жақсы біледі, ол үшін аянып та қалмақ емес. Мейлінше жаттығудан да әсте қол үзбейтін көрінеді. Ыңғайы келсе, күніне 4-5 сағат уақытын жаттығуға жұмсайды екен. Сұхбат барысында Мұхаметәли алдағы наурыз айында өтетін ел чемпионаты мен мамыр айында Германияның астанасы Берлин қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысу жоспарында бар екенін айтып өтті. Еліміздің және қаламыздың намысын қорғайтын спорт сәйгүлігіне дүбірлі додаларда, лайым, асығы алшысынан түсіп, еліміздің көк туын тек биікте желбірете берсін деген тілек білдіреміз.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

2 часа назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС